Мазмұны: «НҰр отан» партиясы Доктринасының жобасы талқылануда

бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#176510
1   2   3   4   5

Улыкбек НУРЛЫБЕК ,

НЕ СТАРЕЮТ ДУШОЙ АКСАКАЛЫ

В среду в Кызылорде начал работу трехдневный республиканский семинар ветеранов, в котором приняли участие представители ветеранских организаций из всех областей Казахстана, а также городов Астаны и Алматы.

По словам председателя Кызылординского областного Совета ветеранов Сеилбека Шаухаманова, цель — ознакомление с опытом работы первичных ветеранских организаций региона, популяризация и пропаганда народных традиций и обрядов.

Ветераны во главе с председателем республиканского Совета Умирзаком Озганбаевым ознакомились с достопримечательностями областного центра: побывали в Парке Первого Президента РК, у мемориала «Тагзым», возложили цветы к памятнику Жалантосу Бахадуру, а в ауле им. Н. Ильясова участвовали в обряде «кымыз мурындык».

Гости ознакомились с опытом работы первичной ветеранской организации КГУ им. Коркыта-ата, а затем на центральной площади Кызылорды провели акцию по пропаганде здорового образа жизни, в которой приняли участие студенты колледжей и вузов.

//Кызылординские Вести.-2013.27 сентября.- С.3

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Бағдат Кәрібозұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры

Ұлттық әдебиеттануға қосылған қомақты үлес

Қолымызға тиген Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы, Амантай Шәріп сынды әдебиетші-ғалымдардың «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» («Арна», Алматы, 2013) деп аталатын монографиясын парақтап, сараптап оқығаннан кейінгі көзіміздін жеткені, біріншіден, бұл ғылыми-зертгеудің тақырыбы тың, соны, екіншіден талантты ғалымдар әдеби дамудың сыртын, бетін емес, ішкі дүниесін, іштей түлеу, жаңғыруларын жіті зертгеген. Әдебидамудың әз заңдылықгары бар, стихиялы құбылыс екенін ескерсек, оның мазмұнындағы құбылуларды: өсу, өну, жетілу, тіпті, өшуге дейін тамыршыдай тап басып, танып дәл зерделей алу онай шаруа емес. Кеңес дәуірінде әдебиетімізді дәуірлеуде болсын, оның кезеңдерін анықтау,ажыратуда болсын Компартияның қаулы-қарарлары мен еліміздің басынан өткерген түрлі саяси-әлеуметтік, тарихи жағдайларды басшылыққа алып отырдық. Әдеби дамуды мемлекет саясатына бұра отырып, аяғына шідер салғандай күйде ұстаудың нәтижесінде оның астарындағы сан алуан мазмұндық сипаттар, спецификалық ерекшеліктер көзге ілінбей қалғанын бүгін мойыңдасақ керек. Ұлттық әдебиетіміздегі ментальдік мәселесін кетеріп отырған бұл еңбек осындай олқылықтардың орнын толтыруымен құнды.Үшіншіден бұл зерттеудің нысанасы қазақ әдебиеті бола тұра басқа ұлттық әдебиеттер тәжірибесін ескеру. Төртіншіден монографиялық зерггеудің әдісінің мәдени-тарихи, құрылымдық, архатиптік, гермеиевтикалық болуының өзі зерттеу тақырыбына барынша терең бойлап, мазмұнын жан-жақгы ашуға септігін тигізген. Ғалымдарымыздың ғылыми монографиясын жалпы меггодологиясын белгілеуде гуманитарлық ғылым салаларын зертгеудегі әлемдік озық тәжірибелерді, қисын-қағидаларды – топтастырған «Әдебиет, Теория, Методология» (Киев, 2008) делінетін поляк ғалымдарынын ұжымдық еңбегін басшылыққа алуының оң нәтиже бергенін айтуымыз керек. Бесіншіден, үш бөлімі үш түрлі айтылып, оны үш автордын жазуынан байқалатыны, мақсат біреу - ол ұлтгық әдебиеттегі ментальдік мәселесінің ашылуы болса, осыған авгорлар үш кырынан келеді және бір ерекшелігі ғалымдардың өз нысандарын бұрыннан зертгеп, зерделеп жүргендіктен болар, олардың еркін көсілуі, ойларының тың әрі дәлелді болуы.

Ғалымдык эрудиция, бақылағыштық пен байқампаздық, теориялық қисын-қағидаларын нақты мысалдар негізіңде айгып отыру сияқгы зерггеуге аса қажет сапалық қасиеттер бұл кітапта ерекше көзге түсіп отырады.

Бірінші бөлімдегі филология ғылымдарының докторы, профессор А.Шәріптің қазақ әдебиетіндегі ұлтгық ментальдіктің генезисін, эволюциясын және трансформациясын:

  1. Түркілік тұп негіз және қазақ хаңдығының құрылуы мен қалыптасуы тұсыңдағы көшпелі қоғамның мұратгары (жыраулық поэзия)

  2. XVIII ғасырдағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығы мен орыс отаршылдығы төбе көрсеткен тұстағы ұлттық бірігу идеясы (Бұхар)

3. Қазақ халқының Ресейдің қол астына қарауы бірте-бірте және аймактар бойынша жүзеге асырылуы себепті қатаң хронологиялық жүйеге көне бермейтін, бірақ әр түрлі көзқарас- концепцияларды танытатын: а) жат жұрттық езгіге қарсы қимылға ұндеу (ұлт-азаттық қөтерішстер поэзиясы - Махамбет, т.б.); ә) зар заман (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Албан Асан, т.б.) ұлттық өзін-әзі сақгау (Абай және ағартушылық бағыттағы ақындар) сарындары;

  1. XX ғасырдың басында жетекші орынға шыға бастаған саяси күрескерлік тенденция және түрікішілдік, жәдидшілдік, милләтшілдік, Алаш идеялары (А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, С.Торайғырұлы, М.Жұмабаев, т.б.)

  2. Кеңестік империя кезеңіндегі ұлттық геноцид, мәдени экспансия және ассимиляциялык саясат жүзеге асқан тоталитарлық жүйе жагдайыңда таптық ұғымдардың тасасында астыртын күн кешіре берген этностық белгі сипаттар (қазақ кеңес ақындары - Қ. Аманжоловтың, Қ.Бекхожиннің, Ә.Тәжібаевтын, Ж. Молдағалиевтің, Қадыр-Мырза Әлидің, Ж.Нәжмеденовтын, М.Мақатаевтың, т.б. шығармашылығы);

  3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңғырып-жаңару үстіндегі ұлтгық көркемөнерінің барлық саласында бейнеленетін көшпелі кезеңнін дүниетанымдық бедерлері мен құндылықтары - деп жіктеп-жіліктеуінің астарында әдеби даму, оның іштей және сырттай құбылулары, жаңарып, жаңғырулары жатканы сөзсіз. Әдебиетгануымыздың мазмұнын толықтыратын жана сипатты бұндай тұжырымдар кейінгі зертгеулерге беталыс болары анық ақикат.

Профессор А.Шәріптін көркемдік сананың үш түрін:

    1. Архаикалык немесе мифтік-поэтикалық сана (поэтикасыз поэтика);

2. Дәстүршіл, немесе нормативтік сана (стиль мен жанр поэтикасы);

  1. Дара шығармашылдық немесе тарихи сана (авторлық поэтика) деп атап алып, осыны қазақ әдебиетінің тарихи қәм теориялық мәселелерін саралауға, зерделеуге қолдануы сәтті шыққан. Тарихи поэтиканың санамен байланысты ұғындырылатыны түсінікті, ал сананын өзін ұлттық ментальдіктің бір ұштығы деп карастыру - бұл профессор А.Шәріптің әлемдік әдебиетгану, философия, психология, әлеуметтану т.б. ғылым салаларын тынғылықты зерттеуінің нәтижесінде келген әз тұжырымы, ой корытындысы. Ғалым шығыс, батыс әдебиеттерімен байланыстыра отырып тәл әдебиетіміздегі көркемдік сананың үш түрін қарастыруы арқылы тарихи поэтиканың дәстүрлі заңдылықтарын, шарттылыктарын әдебиетіміздегі ұлттық ментальдіктің қыр-сырын ашуға қолданады. Оның «дәстүршіл сана аумағында автор жанр мен стильді таңдап тұрған жоқ, керісінше - жанр мен стиль авторды тәуедділікте ұстады» - деуі барынша тың әрі ойлы пікір.

Бұл жерден ұлттық ментальдіктің әдебиеттегі тірегі оның дәстүрі болатыны және оны мойындаудың әдебиеттің ұлттық сипатын даралау мен ұлықтау болып шығатынын ескеруіміз қажет.

Ұлттық ментальдік мәселелсін әдебиеттен іздегенде ұлттық мінезді ескермеуге болмайды. Ұлттық мінез - өнерлік категория.Ол көркемөнерде, әсіресе сөз өнерінде, әсіресе сөз өнеріңде бейне және бейнелілік арқылы түзіледі, жанрлар мен жанрлық түрлердің туу, калыптасу, даму үдерістерінде жатады, суреткердің дүние танымы, ойлауы, сезінуі мен кабылдауы бәрі-бәрі ұлтгык мінездің болмысын жаратады, дүниеге әкеледі. Ұлтгык мінезсіз ешқаңдай көркем өнер туыңдысы болмайды. Ендеше ұлтгық ментальдікті ұлттык мінезбен байланыстырып зерттеу профессор А.Шәріптің үлкен табысы деуіміз керек. Чукот жазушысы Рэтхеу еденге жатып алып газет шығарып жаткан энтузиаст жастарды мұзға бауырын төсеген тюленьдерге теңесе, Исатайдан айырылған күнін дауылпаз ақын Махамбет «буыршын мұзға тайған күн» деп жырлайды. Бұл жердегі тюлень мен буыршын яки түйе-ұлтгық мінез тудырып тұрған ұлттық бейнелер. Ұлттық бейнелердің жасалуында ұлттық сана, психология, идея бәрі де бар, ал ментальдік А Шәріптің дәлелдеп бергеніндей, осылардын барлығының бастауыңда тұр. Зерттеуші ұлтгық мінез бен ментальдіктің ара катынасын саралауда әлемдік әдебиет пен әдебиетганудың озық тәжірибелерін сәтті пайдаланады, ғалымның көп ізденгені, пайымы мен парасаты осы тұстарда анық та айқын танылып отыр.

Демек, 1) көркемдік сана түрлері және ментальдік метаморфозасы, 2) ментальдіктер мәмілесі және ұлттық мінез 3) жыраулық жерұйықнама, 4) Абай: Бейуақ тұстың бағыты делініп төрт тарауға негізделген, профессор А.Шәріптің авторлығымен жазылған «әдеби-тарихи үдеріс және дәстүрлі ментальдік» деп аталатын I бөлім өз үдесінен шыққан ғылыми-зерттеу еңбек деп қорытындылауға болады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Омарұлының авторлығымен жазылған II бөлім «Зар заман поэзиясы және ұлт ментальдігінің трансформациясы» деп аталады да іштей ол 1) бұғаулы жырлар болжалы, 2) екіге жарылған ел бейнесі, 3) көшпелілік пен отырықшылық: ментальді қарама-кайшылык, 4) отарланған санадағы ортақ сарындар делініп тарауларға таратылады. Байкағанымыздай казақ поэзиясын жоғарыдағыдай саралау мен сараптаудағы мақсат - ұлт ментальдігінің әдебиет әміріндегі тыныс-тіршілігін байыптау, пайымдау. Зерделі әдебиетші ғалымның дәл осылайша жүйелеуінің өзінен-ақ темірдей логика, зерттеу нысанасына дәл түсу көзге бірден көрінеді.

Зардың анасы - мұң. Мұңсыз емір жоқ. Мұң-зардың әдебиет өмірінен орын алуы заңдылық. Көркемөнердің өмір танытушылық міндетінің өзі мұнды жырлаудан, суреттеуден, бейнелеуден көрінеді. Соңдыктан болар профессор Б.Омарұлы өзінің зерттеуін зар заман ұғымына анықтама беруден бастайды. «Зар заман — отаршылдық қысьмын көрген елдің әдебиетінде рухани құндылықтардың азып-тозуына налудан туған ағым». Осы тұрғыдан келгеңде профессор Б.Омарұлының зар заман поэзиясын зерделеуді казақ поэзиясындағы ақырзамандық сарыннан бастауы орынды болған. Ол «Бұл сарын екі түрі ыңғайда байкалады. Соның бірі — заманақыр таяңды, кауіп-катер жақындады» деп топшылау, екінші — «зауал келді, нәубет басқа тусті, демек, ақырзаман дегеніміз осы деген түйін», - деп жазады. Ғалым бұл тұжырымын Шортанбай Канайұлы, Әбубәкір Кердері, Асан Барманбекұлы, т.б. шығармаларымен дәлелденген. «Әр нәрсенің болжалы келе жатыр жақындап» делінетін эсхотологиялық формуланың Шортанбай Қанайұлы шығармашылығынан басталып, Әбубәкір Кердері, Албан Асан шығармашылықтарында жалғастық тапқаны ғылыми-зерттеу еңбекте нақты мысалдармен дәлелденген. Профессор Б.Омарұлының казақ әдебиетіндегі ақырзамандық сарыңды нағыз эсхотологиялық формула деп дәледдей отырып, оны антиутопияға жақыңдатуы және антиутопияны «антиутопиялық идеялардың өзі утопиялық дәстүрлерді қиялилықтан гөрі шынайылыққа бейімдеу ыңғайында өмірге келген»-деп, нақты мысалдармен дәлеледеуі әдебиетіміздің даму үдерісінің ішкі сырына үңілген зерттеушілік зерденің мықтылығын көрсетсе керек.

Зерделі ғалым Асан қайғы мен Бұқардан басталған болуы мүмкін делініп, болжам өлең түрінде жырланган «заманакыр таянды» тұжырьмын Шортанбай, Әбубәкір сиякты ақындардың көзбен кәргеніне негіздеп, осы тақырыптың бірнеше қырларынын қазақ поэзиясында жан-жақты ашылғанына тоқталады. Адам пейілінің бұзылуы, бүлінген дүние, ағайынның бір-біріне жат болуы, үлкенді кішінің сыйламауы, құрметтемеуі, отбасы тірлігінің берекесіздігі, жатбауырлық ұғымы, т.б. мазмұңдық мотивтерді ғалым нақты мысалдармен дәлелдеп отырады. Біздің пайымдауымызша зар заман поэзиясы өзінің бүкіл болмысымен қазақ әдебиетін дамытқан ерекше арналардың бірі саналса, осы ойымызды профессор Б.Омарұлының зерттеуі бұрынғыдан бетер бекіте түсті. Ғалым зар заман поэзиясын «қатерлі келешек («әр нәрсенің болжалы, келе жатыр жақыңдап») қайғы-шерге толы дәуір («Бәрін айт та бірін айт, кез болдың кер заманға) бүгінгімен салыстырғанда ертегідей көрінетін өткен күнге еріксіз мойын бұрғызады. («Халқымның салтанаты еске түссе, жүрегім өртенеді, өртгей жаньш»)» - деп мазмұндаса бұндай тұжырымның астарында бүгін бір дәуірдің тұтас өнері, поэзиясы жатқаны ғажап.

Ұлы академик З.Қабдолов: «Әдебиет дүниесін зерттеуге жүректің нәзік дірілімен бару керек» деп отыратын. Осы айткдндай, зар заман поэзиясын қағып-сілкіп қайта-қайта тексеруінің нәтижесінде, жүрегінің нәзік дірілімен оған толық енген, мазмұнына молынан малтыған тұстан жасаған профессор Б.Омарұлы заманға наразылық мотиві, болжал өлеңдер,ақырзамандық сарындар деп бөлшектеп, жіктеп тастаған.

Б.Омарұлы дәлелдеп бергеніндей екіге жарылған ел бейнесі бар. Бірі өткенді аңсау, көксеу бағытындағы топ болса, екіншісі орыс отаршылыққа бейімделген, жеке басының қамы үшін өткеннің бәрін тәрк етуге даяр «жаңашыл» топ. Осы екеуінің арасыңдағы қайшылық зар заман поэзиясының негізі мазмұндық мотивтерінің бірі болса, бұл да профессор Б.Омарұлы зертгеуінде ж:ан-жақгы ашылады. Ұлт менталъдігінің әдебиет өмірімен байланысты қыр-сырларының таразылануы, талдануы, пайымдалуы дегеңдер осы болса керек. Сөз өнерінің қаны мен жаны ұлтгық мінез, сипат мәселелерін заман поэзиясы арқылы зерделей отырып, оны әдебиет өміріндегі ментальдікке ұластырып отыру профессор Б.Омарұлы зертгеуінде оңтайлы іске асан айрыкша сипат.

Ментальдіктің ұлттық психология, салт-дәстүр, ұлттың ойлауы мен пайымдауы сынды мәселелермен тығыз байланыстылығын ескерсек, оның әдебиетте бейнеленуінде қоғамдық жағдайлардың, ел өміріңдегі түрлі оқиғалардың әсер-ықпалыньің мол болатыны сезсіз. Орыс отаршылдығымен бірге келген экономикалық, тұрмыстық. шаруашылықтық, мәдениет жаңалықтарының ұлт ментальдігіне өшпестей із қалдыратыны кандай ақиқат болса, оның халық жанының, ұлт өмірінің рухани айнасы әдебиет пен өнерден көрініс табатыны да сондай шындық. Профессор Б.Омарұлы зерттеуінде «қала», «шақар», «қортан», «үй», «бекініс», «ақша», «жай», «адамды санау, есепке алу» т.б. сияқты ұғымдар мен түсініктердің, атаулардың өлең өміріндегі орнын, бейнелену ерекшеліктерін Д.Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері т.б. шығармалары арқылы нақты дәледдеу орын алған.

Отарланған сана тек кдзакта ғана емес, әлем халықгарынын біразында бар екен. Профессор Б.Омарұлы зерттеуінде Африкадағы фульбе халқының поэзиясынан мысалдар келтіріледі, сондай-ак Үндістанның урду тілінде сөйлейтін халқының поэзиясы, қырғыз, қарақалпак поэзиясьшың мысалдары берілген. Бұл жерде зерттеушінің деректері жеке шығармалар және жанрлық түрлер түрінде қатар алына отырып, бәрі де қазақ әдебиетінің мысалдарымен салыстырылады. Бұл дерек зерттеудің көкжиегін кеңейтіп кана қоймайды, ондағы дәлелденген тұжырымдардың ұлтгық әрі жалпы адамзаттық мәнге ие болып отырғанын да кәрсетеді. Қорыта айтқанда, бұл бәлім де әз мақсатына жеткен зерделі зерггеу болып табылады.

«Ұлтгық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» кітабының үшінші бөлімі филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Қамзабекұлының авторлығымен жазылып, «Түркі ментальдігі және казақ ағартушылығы» деп аталады. Бөлім іштей 1) Казақ жәдитшілдігі, 2) Біпім бағдары, Батысқа бетбұрыс, 3) Милләт және милләтшілдік, 4) Елшіл әдебиет еңсесі делініп 4 тарауға бәлінген.

Белгілі әдебиетші — ғалым Д.Қамзабекұлының ұлттық ментальдікті түрік, қазақ ағартушылығы мен байланыстыруының астарында үлкен мән бар. Ғылыми қолданысқа ментальдік ұғымымен қатар түсе беретін ұлтгық менталитетіміздегі ағартушылық мәселесінің орнын анықтау тым терең, күрделі құбылыс екені белгілі. Ғылыми еңбектерден Кеңес үкіметіне дейінгі қазақ халкынын саугтылық дәрежесі, 2 пайыз болған деген әдейі ұлтгы тұқырту үшін алынған деректі Д.Қамзабекұлы ғылыми тұрғыдан жоққа шығарып дәлелдей алған және революцияға дейінгі қазақ халқының әр түрлі дәрежеде арабша (қадімше, жәдитше) орысша білім алғандарының саны 3 пайыздан асатынын жазады.

Осылардың ішінде орысша алатын білім алатындардың саны тым аз болуының өзі өз алдына бір мәселе. Қазақ ағартушылығы дегенде ислам дінінің ролін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстанның бұрынғы мүфтиі Ә. Дербісәлі Қазан революциясына дейін қазақ жерінде бала оқытқан, шәкірт дайындаған 2000-н аса мешіт-медресенің болғанын жазады. Ата-бабамыз 10 ғасырдан артық уақыт мұсылмандық жолды ұстанса, қазақ ағартушыларының дінмен байланыстылығының тамыры тереңнен тартылатыны ақиқат. Қазақи дүниетаным, психология, әдет-ғұрып, салт-сана бәрінің ғасырлар бойы ислам дінінің ықпалында болып, өзгеріске ұшырап отырғаны шындық Профессор Қамзабекұлының еңбегінің «Қазақ жәдитшілігі» тарауын оқып отырғанымызда осындай ойда отырдық және қазақ жәдитшілдігінің ұлтгык тамырының казақ даласын жайлаған исламдық жол, діни-агартушылық ой-санадан басгалатынында ұғындық. Жәдитшілдік, әрине, жана ағым, ескі қадымға, тіпті, карсы да, бірақ одан кол үзбей, оны жалғастырушы болатыны түсінікті. Талантгы ғалым бүкіл Орта Азия мен Шығысқа XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында түгел тараған жәдитшілдік ағымға толық түсінік береді. Бұл ағымның әсіресе Ресей империясының қол астына караған ұлггар өміріне ерекше өршіп, өрістегеніне айрыкша мән берген ол бұл жолды отар ұлттардың өмірден өз жолын табу, ұлг болып қалу үшін жасаған жанкешті тірлігі болды деп дәлелдейді.

Қазан және Қырым татарларынан бастау алған жәдитшілдік (жәдит араб сәзі, жаңа деген мағына береді) профессор Д.Қамзабекұлының дәлелдеп бергеніндей, қазақ ағартушылығының іргетасы болған және ол казақ жерінде екі асудан өткен. Бірінші асу- 1890-1911 жылдар, екінші асу - 1911-1920 жылдар. Қазақ жеріндегі жәдитшіддіктің осылайша Алаш қозғалысына ұласқаны аталған еңбекте өте жақсы дәледценген. Жәдигшілдік-ағартушылық, ал ағартушылық ұлт руханиятының құрамдас бөлігі, сондықтан ұлт ментальдігінің әдебиеттегі өмірін ағартушылықпен байланыстырып іздеу, табу, оны зерттеп-зерделеу барынша төте жол деген ойдамыз. Профессор Д.Қамзабекұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы қазак әдебиетін ақтарылысгыра-тәңкерістіріле тексере отырып ұлттық ментальдікті Шәкәрім Құдайбердіұлы, Нұржан Наушабаев, Нарманбет Орманбетұлы, Макаш Қалтайұлы, Бекет Әтетілеуұлы шығармаларындағы нақты мысаддармен дәледдейді. Бұларға косымша түрік, татар, башқұрт, өзбек әдебиетіндегі жәдитшілдік коса карастырылады. Қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармалардан А.Жандыбаев пен Ғ.Жәиібековтің туындыларындағы басты мәселе ұлт тағдыры болғаны да дәледденеді. Бұл ой аталғандардан Ш.Бөкейұлы, Машқұр Жүсіп Көпейұлы, Әлихан Бөкейұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ж. Басығариннің т.б. ғылыми мақалалар, көркем шығармалармен одан әрі дәлелдене түседі.

Миләт — казақгың ұлт сөзінің баламасы. Професссор Д. Қамзабекұлы өзі жазған бәлімнің бір тарауын Милләт және милләтшілдік. Көшбасшы бейнесі деп атаса, бұған ден қоюға болады. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіңдегі ұлт және ұлтшылдық мәселесінің барша қырынан жазылуы заңдылық болатын. Өйткені XX ғасырдың алғашқы жылдары ұлт тағдыры сынға түскен тұс еді, қазақ зиялыларының Алаш туының астына бірігіп жүргенінің басты себебі осында болатын.

Профессор Д.Камзабекұлының ұлттық ментальдікті әдебиет өміріндегі ұлт және ұлтшылдық мәселесінің көтерілуімен тығыз байланыста зерттейді. Бұл мәселенің Ш.Бөкейұлы, Машқұр Жүсіп Көпейұлы, Әлихан Бөкейұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ж. Басығариннің, М.Жұмабаев шығармаларында әртүрлі қырыннан ашылуына, суреттелуіне, бейімделуіне нақты мысалдар келтіреді. Ұлттық ментальдіктің әдебиетте бейнеленуінің спецификалық ерекшелігін ескеріп отыруында.

Д.Камзабекұлының ғалымдық эрудициясы биік екені байқалып отырады. «Оян, қазақ» идеясы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өн бойын түгел қамтыған.»

Талантты ғалым осы мазмұндык мотивті, такырыпты көркем өнердегі, ғылымдағы ұлттық ментальдіктін, белгісі деп қарастырып, дәледдеген. Әдебиет дүниесінің ішкі мазмұнына қолына шырак ұстап енгендей ыждағаттылық, зерделіліктің аркасыңда дүниеге келген бұндай зерттеулердің казақ әдебиетгануының қомақгы табысы болатыны талассыз. Профессор Д.Қамзабекұлы Алаш зиялыларының көркем шығармашылығын зерттеуді Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ әдебиетін сараптап-саралауға ұластырып жібереді. Ұлттық ментальдіктің табиғатындағы диалектикалық тұрғыдағы өзгерістер, оның сыры мен сипаты ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан алынған нақты мысалдармен дәледденіп отырады.

Қысқасы, кітаптың үшінші бөлімі де алдағы бөлімдердің заңды жалғасы тұрғысынан оларды толықтырған күйде монографияның мазмұнын салмақгандырып тұрған ғьлыми- зертгеу еңбек болып табылады.

Әрбір ғылым саласында қоғамымыздың бүгінгі күнгі талап-талғамының үдесінен шығатын «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» сияқты ғылыми-зерггеулердін жариялана беруі бүкіл ел мерейі деп ойлаймыз. Ал осындай құнды зерттеудін жарыққа шығуына ұлкен азамаматтықпен демеушілік жасаған «КазГерМұнай» ЖШС- ң басшылары М.С.Кәрім мен Чжицин Юй мырзаларға және осы игілікті істі ұйымдастырған қалалық маслихат хатшысы И. Құттықожаевқа ғалымдар кауымы атынан шексіз ризашы лы ғымызды біддіреміз.

//Сыр бойы.-2013.-14 қыркүйек.- 8-9 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет