Мазмұны:
«НҰР ОТАН» партиясы Доктринасының
жобасы талқылануда
1
|
Е. СЫДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры. Жаңа Доктрина – бүгінгінің байыпты да батыл ұстанымы//Егемен Қазақстан.-2013.-19 қыркүйек.- 2 б.
|
3
|
|
|
|
Қазақстандағы жоғары білім
2
|
Р. ШУЛЕМБАЕВА, Сорбонна – в Алматы //Казахстанская правда.-2013.-18 сентября.- С.4
|
7
|
3
|
В. Махин, «Болашак» расширяет горизонты, //Казахстанская правда.-2013.-18 сентября.- С.9
|
8
|
4
|
А. СЕЙІЛОВА,«Өткеніңе қарап, ертеңіңді түзе» //Егемен Қазақстан.-2013.- 26 қыркүйек.-2 б.
|
9
|
5
|
Н.КУРПЯКОВА,Осмысливая прошлое, двигаться вперед //Казахстанская правда.-2013.-26 сентября.- С.3
|
13
|
6
|
Ж. САЛИМОВА, Юристы-международники объединяют усилия //Казахстанская правда.-2013.-26 сентября.-С.5
|
17
|
7
|
Н. ҚҰМАР,Академияның сессиясы өтті, //Ана тілі.-2013.-26 қыркүйек.- 3 б.
|
19
|
8
|
А. КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Ресей Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі,ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Климаттық өзгерістер//Егемен Қазақстан.-2013.-28 қыркүйек.-3 б.
|
20
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қызылорда облысының ғылымы, білімі
және мәдениеті
Жоғары білім:
|
|
|
9
|
Г.ЕСІМОВА, «Самсунг электроникс» компаниясы оқу гранттарын бөлді //Халық.- 2013.- 19 қыркүйек.- 4 б.
|
23
|
10
|
М БАЙНАЗАРОВА, Елбасы Сыр өңірінде болды//Айқын.-2013.-24 қыркүйек.- 1 б.
|
24
|
11
|
А.ИСЛӘМБЕК, Сыр – Алаштың анасы //Ана тілі.-2013.-26 қыркүйек.-2 б.
|
25
|
12
|
Қ. ӘБДУОВ,Сыр сипаты//Дала мен Қала. 2013.– 26 қыркүйек.- 1 б.
|
27
|
13
|
У.НУРЛЫБЕК, НЕ СТАРЕЮТ ДУШОЙ АКСАКАЛЫ //Кызылординские Вести.-2013.-27 сентября.- С. 3
|
29
|
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
|
|
|
|
|
|
14
|
Б. Кәрібозұлы, фил. ғыл. докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ұлттық әдебиеттануға қосылған қомақты үлес //Сыр бойы .- 2013.- 14 қыркүйек.- 8-9 б.
|
30
|
15
|
Қ. ОМАРОВ, ӨЛКЕТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК //Сыр бойы .- 2013.- 27 қыркүйек.- 5 б.
|
39
|
|
|
|
ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ-ЭКСПО-2017
16
|
А.ЕНСЕГЕН, ИСПОЛЬЗУЯ СОЛНЕЧНУЮ ЭНЕРГИЮ //Кызылординские Вести.- 2013.- 3 сентября.- С.4
|
41
|
|
|
|
«НҰР ОТАН» партиясы Доктринасының жобасы талқылануда
Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры.
Жаңа Доктрина –
бүгінгінің байыпты да батыл ұстанымы
Еліміздегі жетекші саяси ұйымдардың бірегейі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы және әлемдегі зәруліктерге жіті қарап келеді. Соның бір айқын дәлелі – партияның қоғамдық талқылауға ұсынған жаңа Доктринасы. Елбасы жетекшілік ететін партияның алдағы он жылдықтардағы бағдарламасын айқындайтын бұл құжат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала әзірленгенімен құнды.
Стратегиялық маңызы айрықша құжат жобасының «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейлі межесінің қарсаңында даярланып, алда шақырылатын партияның кезектен тыс XV съезінде делегаттар талқылауынан кейін қабылданатыны – еліміздегі демократиялық үдерісті айқындайтын шара.Ендеше, Тәуелсіз Отанымыздың ертеңі үшін маңызы ерекше құжат туралы ой өрбіту партия сапында жүрген әрбір саналы азаматтың парызы деп санаймыз.
Жаңа саяси Доктрина «Нұр Отан» партиясының ХХІ ғасырдағы миссиясы», «Біздің құндылықтарымыз», «Азамат және мемлекет: өзара іс-қимылдың жаңа қағидаттары», «Жаңа бағыттың мақсаттары: табысты дамудың жеті факторы», «Партияның тарихи жауапкершілігі» атты бағдары елдіктің мақсаты мен мәнін ашатын бөлімдерден тұрады. Мұнда Қазақстанды өркендетудің – басты мұрат, тәуелсіздіктің – негізгі жетістік, Елбасының – саяси идеал, ал еркіндік, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы мен дәстүр берекесі, болашаққа ұмтылыс секілді құндылықтардың әрбір қоғам мүшесі үшін басымдық екені жүйелі айқындалған.
Саяси құжаттағы «азаматтарға қызмет ететін мемлекет», «жауапты азаматтық қоғам», «күшті және белсенді азаматтардың елі» сынды ұғым-түсініктердің бағдар және қоғам мүшелеріне ортақ жауапкершілік ретінде алынуы – Доктринаның көкейкестілігін, өркениеттілік тұғырын көрсетеді.
Әрине, нақты идея – елдік идеясына құрылған Доктрина жобасы білім саласы мамандарын бейжай қалдырмайды. Әсіресе, саяси құжаттың өмір сапасы, дәстүр мен мәдениет, зияткерлік бағдар туралы ұстанымын қоғам ұстынын, мемлекеттіліктің тұғырын байыптататын фактор деп білеміз.
Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Кез келген қоғам негізгі төрт проблема: саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық проблема кешенді де жүйелі түрде шешіліп отырғанда ғана қалыпты түрде дами алады», деп ел өркендеуінің тепе-теңдік тетігін тәуелсіздік бастауларында-ақ көрсеткенін жақсы білеміз. Ал осы тетіктің басты құралы – білім мен инновация екенін Елбасымыз жиі айтады.
Сөз жоқ, білім – адам капиталына салынатын аса тиімді инвестиция. Одан қоғам, мемлекет үлкен пайда көреді. «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым «Қазақстанның болашағы – сапалы білімде» дейді. Сонау 90-жылдардағы экономикалық қиындықтар кезеңінің өзінде де қаржы тапшылығына қарамастан, өскелең ұрпақтың шетелдік озық білім жүйесінен сапалы тәлім алуы үшін мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасын шұғыл бастауы, отандық білім ордаларын Еуропа жүйесіне көшіруі, Елбасы атындағы зияткерлік мектептер мен университет идеясын қолдап, ғылым-білімдегі серпінді жобаларға жол ашуы – осының айғағы. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғаш рет Болон үдерісіне еніп, білім жүйесін әлемдік стандартқа бейімдеуі қарқынды жаңаруларға ықпал етті. Дамыған Батыс елдерінің білім саласындағы бірыңғай кеңістігіне ену – осы саланың жаңа тынысын ашатындай құбылыс. Бұл қазақстандық білімді әлемдік біліммен ықпалдастырады, мамандардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Қазақстан Елбасы жетекшілігімен жаңа индустриялық-инновациялық экономика құруды жүзеге асыруды қолға алып, арнайы бағдарлама қабылдады. Осы орайда, орта арнаулы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерге көп міндет жүктелетіні айқын. Себебі, осы бағдарлама негізінде ашылып жатқан жұмыс орындарына жаңа білім мен біліктілікті игерген мамандар қажет. Біздің қоғамымызда өндіріс саласындағы өз ісінің кәсіби шебері, білікті маманы лайықты табысқа, жалақыға ие болуы тиіс. Басқаша айтсақ, «белгілі кәсіп иесі – дәулетті кісі» деген ұғым жастардың ұстанымына айналып, олардың нақты өндіріс саласының білгір маманы атануына құлшыныс тудырады. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы осыдан 100 жыл бұрын: «Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу, бай болуға кәсіп, күшті болуға бірлік керек», деген еді. Осынау ұлағатты, терең мағыналы сөз тәуелсіз Қазақстан үшін де аса маңызды. Өйткені, Доктринада айтылып отырған өмір сапасы кәсіптің жемісімен ғана арта түспек.
Білім жүйесінің құрамдас бір бөлігі – жоғары кәсіби білім саласы. Бұл саладағы реформалар өзге құрамдас бөліктерден ерте әрі жылдам жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда еліміздің жоғары білім беру жүйесі әлемдік стандартқа сай үш деңгейлі сипатқа – бакалавриат, магистратура, докторантураға толық көшті. Жоғары оқу орындарының шетелдермен байланысы артты. Білім алушыларға оқу кезеңін шетелде іліксіз жалғастырып кету мақсатында академиялық ұтқырлықты арттыру жұмысы, ғылыми тәжірибе алмасу тағылымдамасы, оқытушылардың біліктілігін көтеру жайы – жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігіндегі қалыпты көрініске айналып келеді. Жаһандану үдерісі есіктен кіріп, төрге озған бүгіннің шындығында жаңа сипатты маман дайындау – қоғамның талабы. Жаңашыл маман – күрделі жағдайды талдау, аңдау тезінен өткізіп, жауапты шешім қабылдайтын, белсенді, тілтапқыш, іскер, шетел тілдеріне жетік, жаңа инновациялық технологиялар мен ғылыми негіздегі заманауи өндірістің қыр-сырын меңгерген бәсекеге қабілетті азамат. Саяси Доктрина жобасында осындай мамандарды одан әрі қалыптастырудың мемлекеттік жөн-жобасы мен қағидаттары айтылады.
«Нұр Отан» ХДП жаңа құжатында әділ әлеуметтік саясат бедеріндегі сапалы орта білім жайы да сараланған. Бұл білім буынының барлық шығыны (қаржыландыру, кадр мәселесі, реформа жүргізу) мемлекеттің мойнында. Демек, оның сапалылығына мемлекет кепілдік береді. «Нұр Отан» партиясы мемлекет тарапынан берілетін осы кепілділіктің орындалуын, оның қоғам өмірінде жүзеге асырылуын қадағалайды. Осы орайда, билік партиясы Үкіметтің орта білім саласын реформалау бағдарламаларын жіті бақылап, оның жүйелі орындалуы үнемі қоғам назарында болуын қамтамасыз етеді. Бұл сала қоғамның барлық бөлігін қамтиды. Біріншіден, мектеп – ел ертеңі, жас ұрпаққа жаппай білім беретін буын. Екіншіден, ол – қоғамның әрбір мүшесіне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін жүйе. Доктрина жобасында айтылып отырған қуатты экономика да, елдік дәстүр де, азаматтардың отаншылдығы мен белсенділігі де білімнің жауапты осы буынына байланысты.
Білім мен инновация елді зияткерлік деңгейге көтереді. Жаңа саяси Доктрина жобасында қамтылған елдік мәселенің бірі «зияткер ұлт» жайын қозғайды. Елдің ертеңі саналатын жас буынның бірегей білім меңгеріп, жаңа технология үйренуі – мемлекет үшін бірден-бір маңызды мәселе. Біз алға жылжыған сайын әрқашан да уақыттың талабына ерекше мән беріп отыруға тиістіміз. Бүгінгі қоғамда тек қана жоғары білім меңгеріп шығу жеткіліксіз болып қалуы да әбден мүмкін. Алған білімімізді ғылым мен техниканың дамуына орай жетілдіріп, біліктілік қырларымызды шыңдап отыруға мүдделіміз. Бұл – Ыбырай Алтынсарин армандаған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» жаңа технология дәуірінің бізге қойып отырған талабы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында былай деп айқын көрсеткен еді: «Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет». Елбасының бұл сөзі еліміздегі әрбір оқу ордасының және болашаққа қадам басқан барша ұланының санасында болғаны абзал.
Бүгінгі ғасыр – жаңа технология мен ақпарат ғасыры. Әлемнің бір түкпіріндегі жақсылы-жаман бір оқиға болса, ол дәл сол кезінде-ақ бізге жетіп үлгереді. Ақпарат тасқынына төтеп беру үшін біз әрбір жеткіншектің санасына кеселді ақпараттан сақтана білетін иммунитет орнықтыра білуіміз қажет. Оның негізі – отаншылдық. Сонымен қатар, шетелден білім алуға барған, буыны қатпаған жас өскін жат мәдениеттің ықпалына түсіп кетпесіне кім кепіл? Әрі қазір әлем жұртын әртүрлі экстремистік ұйымдардың алаңдатып отырғаны тағы бар. Бұл орайда әл-Фараби айтқан «тәрбиесіз білім қауіпті» екенін де естен шығаруға болмайды. Сондықтан да, жастарымыз білім алып қана қоймай, әрбірі «осы мемлекеттің болашағы – біз» дейтін түсінікте болуы керек. Сынық сүйем жер үшін жан беріп, жан алысқан кешегі бабалардың ерлік ісін ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі уақыт қолға қару алып атойлап алға шығатын кез емес. Ендігі жастарымыздың парызы мен қарызы – әлем елдеріндегі өз қатарластарынан қалыспай білім меңгеріп, сол білімнің игілігін өз Отанына арнау. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің көшін ілгері бастап, Елбасы межелеген дамыған 30 елдің қатарына қосылуына септігін тигізу.
Қазір әлем алмағайып арпалыс үстінде. Кімнің береке мен бірлігі әлсіз соның табаны тайып кету қаупі бар. Әлсізге күштінің зорлық көрсетуі, «бөлінгенді бөрі жейтіні» – әлімсақтан түсінікті жайт. Сондықтан біздің болашағымыз – жастар өзгелерден кем түспеуі үшін барынша білімді әрі білікті болып қалыптасуы шарт. Жаңа дәуірдің талабы бойынша уақыттың ығына қарай тез бейімделіп, әрбір жаңалықты өзгеден бұрын меңгеру – бәсекелестікке апаратын қадамның бірі. «Нұр Отан» ХДП жаңа саяси Доктринасы жобасында Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы кескін-келбеті бағамдалған. Бұл құжат қоғамның барлық саласын қамтуымен құнды болуы керек. Сонымен қатар, Отанымыздың әрбір азаматын нарық талабына сай бәсекелестікке шақыра отырып, ұлт болып ұйысуға үндейді. Доктринаның негізгі тіні Елбасы саясатымен ұштастырыла жоспарланған. Еліміздегі жетекші партияның бұл құжаты Қазақстан тәуелсіздігін нығайтып, оның болашағына кепіл болуға лайық.
Елдік пен елшілдіктің дамуындағы сенімді арқау – дәстүр. Доктрина жобасында көрсетілгендей, «ана тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ұлт қана өркендей алады». Қазақстанда ғасырлар бойы қалыптасқан этносаралық татулық пен елдік бірлік біздің әлемге мақтанып көрсететін төлқұжатымыз іспеттес.
Елбасының парасатты саясатының арқасында еліміз мемлекеттілікті құру жөніндегі тарихи міндетін орындады. Қазақстан экономикасы дамыған саяси және әлеуметтік жүйесі тиімді қуатты мемлекетке айналды. Дегенмен, бұл жетістіктерге қарамастан, уақыт талабына сай тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға бағытталған істер атқаруымыз керек. Болашаққа нық қадам басқан кез келген тәуелсіз мемлекеттің тарихи және рухани дамуы айқындаған үдерістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктерді оның аумағын мекен ететін халықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастықта айқындалады. Сондықтан да адамзат қауымдастығының негізгі рухани ұстанымы отбасы мен дәстүрі, ол ұлттың басты құндылығы ретінде мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатыр. Дәстүрді сақтаудың басты институты ретінде отбасы біздің қоғамымыздан киелі де қастерлі орын алған. Сан миллион бірін-бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттық немесе елдік болмысты құрайды. Қоғамдық өмір талабынан туындаған қажетті институт дәстүрді танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді.
Әлбетте, осы бағыттағы игі істер ұлан байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде атқарылып та жатқаны баршаға аян. Кез келген қоғамда адамгершілік ұғымды сақтау, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени және тарихи дәстүрлерді бағалау – бірінші кезектегі мәселе. Қоғамымыздағы дәстүрге негізделген отбасы, ұлт, ел құндылықтарын нығайтуды көздей отырып, оларды мемлекетті күшейтудің маңызды факторы деп санаймыз.
Біздің ел – ұлт тарихы терең, ғасырлар қойнауынан сүзіліп, екшеліп жеткен салт-дәстүрі берік ел. Осыны тәуелсіздіктің көк туын биік желбірететін ұрпақ мақтан етердей жүрекке сеніммен орнықтыру – баршамыздың ең асыл міндетіміз болуы шарт.
Отандық тарихты зерделеуге байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің жетекшілігімен өткен республикалық кеңесте өткеннің тағылымы мен бүгінгінің жеңісін сабақтастықта меңгеру жайы жақсы айтылды. Бұл бағытта Қазақстан Тарихшылар конгресі, жалпы елдегі тарихшылар мен тарихқа жанашырлар қауымдастығы қайтарымы мол істерді бастап кетті. Университетімізде алғашқы саны даярланып жатқан «Мәңгі ел» ғылыми-танымдық журналы қалың оқырманға кешенді мемлекеттік-тарихи жұмыстардан хабардар етіп отыратын болады.
Партияның жаңа Доктринасында елдің табысты дамуының басым бағыттарының бірі ретінде төл мәдениет пен руханият мәселелеріне айрықша ден қойылған. «Біз мәдениетті қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларының біріне жатқызамыз. Оның мәртебесі қоғамдық мән-маңызы жөнінен саясат пен экономика салаларынан кем түспейді» делінген онда. Бұл – бұл тың да түбегейлі пайымға жүгінген, жаңа өре мен жемісті өрістерге жол көрсететін концептуалды көзқарас. Ол Елбасының өзі тікелей бастамашы болып, «ұлт болып ұйысуымыздың темірқазығы» деп атаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген және байыпталған ауқымды мұрат-міндеттерді партия тарапынан терең талдау мен талғаудың нәтижесін танытады. Сондай-ақ, саясат кеңістігінде, экономика арнасында әлемдегі орнын ашық айқындап алып, кемел келешекті көздеген тәуелсіз елдің өсіп-өркендеу жолындағы көкжиегі кең қарымды қадамдарымен үндестік пен үйлесім іздеуін аңғартады. Әлбетте, «мәдениет» ұғымының аясын тарылтып, абыройын төмендеткісі келетіндерге нұротандықтардың қашанда дер кезінде тойтарыс беріп, халықтың мыңжылдықтар мұғдарында жинақтаған мирасын көзінің қарашығындай қорып, саф күйінде сақтауға қажыр-қайрат жұмсап келе жатқандығы баршаға белгілі. Президент партиясының ұлттық руханият көшінің алдынан көрініп, мәйекті бастамаларға мұрындық болып отырғаны оның зияткерлік қатарын күннен-күнге молайтып отыр. Жалпы, қоғамда ұлттық мәдениетке әлдебір «мәдени атрибуттардың» жалаң жиынтығы ретінде қарайтын экзотикалық әсірешілдіктен, этнографиялық әсершілдіктен арылып, оның түп қайнарларын, тұңғиық қыртыстарын дегдар парасат деңгейінде пайымдаудың кезеңі әлдеқашан туды. Және айшығы анықталған, желісі жаңғырған мәдени архетиптерді құр танып-түстеп қана қоймай, тиянақты дүниетанымдық дәстүрлерді бүгінгі өмірдің өзегіне өріп, заманауи салт-санаға сарабдалдықпен сіңірудің маңызы зор. Бұл халықтың жан-жүрегіне соқпақ салған партияның идеологиялық қызметінде елеп-ескерер факторлардың бірі болса керек-ті. Өйткені, ұлттың бірегей бітімін мәдени қазынасыз, рухани құндылықсыз қалыптастыру мүмкін емес. Партияның Доктринасында осы мәселеге егжей-егжейлі көңіл бөлінуі оның санаткерлік сипатын саралаумен ғана шектелмей, қолданбалы қағидаттарын сарапқа салудың қажеттігін де байқатады.
Ұлттық мәдениет мәселелері қазіргі жаһандану заманында бөлек маңызға, басалқа мазмұнға ие. Бұл тұрғыдан қарағанда, төрінде күллі түркіге ортақ «Күлтегін» ескерткіші жайғасқан, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің үздік үрдістерін білім беру бағдарында үйлестіріп отырған Еуразия Ұлттық университетінің оқу ордасы ретіндегі мәдени миссиясы еліміздің жетекші партиясының ұстанымдарымен берік ұштастықта екендігін атап өткізіміз келеді. Адамзат мәдениетінің алуан түрлілігі ешқашан кенжелік пен кемістіктің, мешеулік пен мардымсыздықтың өлшеміне айнала алмайды, қайта әр халықтың берекелі рухани байлығының қайталанбас құнды құбылыстарға толы екендігін таразылатады. Міне, сол мәдени сұхбаттың, мәдени сабақтастықтың барысында өзгелермен кейде келісімді, кейде кереғар қарым-қатынастарға түсетін кез келген этнос өзінің бастапқы бітім-болмысын жоғалтып алмаудың жолдарын есте мықтап тұтатыны – табиғи қажеттілік. Әлбетте, мәдени барыс-келіс пен рухани алыс-беріс аясында болмай тұрмайтын ментальді ауыс-түйістердің кезінде «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену» қисынын бұзбаған абзал. Осы ретте мәдени қазынасы мол, рухани діңгегі зор қазақ халқының жан азығына айналатын құндылықтардың асылын айыра біліп, жасығын жолатпау мақсатында партия мүшелеріне жүктелетін жауапкершілік жеңілдемек емес.
Тұтастай алғанда, «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа саяси Доктринасы басты құндылығының бел ортасында қоғам мүшесінің, яки адамның қадір-қасиетін, игілігі мен құқығын, талап-тілегін, арманы мен мүддесін мемлекеттік мұрат төңірегіне топтастыру арқылы жаңғыру мен жаңаруға бастау мақсаты көрініс тапқан. Бұл тұрғыдан алғанда, аталған Доктринаны бүгінгінің байыпты да батыл ұстанымы деп білеміз.
//Егемен Қазақстан.-2013.-19 қыркүйек.- 2 б.
Қазақстандағы жоғары білім
Раушан ШУЛЕМБАЕВА,
Сорбонна – в Алматы
Меморандум об открытии французского университета Казахстан-Сорбонна подписан между Казахским национальным педагогическим университетом им. Абая и знаменитым парижским вузом Сорбонной. Знаменательно, что это событие произошло сейчас: как известно, 2013 год объявлен Годом Франции в Казахстане.
– Этот масштабный проект, безусловно, внесет огромный вклад в международное сотрудничество и укрепление дружбы между нашими странами, – отметил ректор КазНПУ академик Серик Пралиев во время церемонии подписания. – Открытие совместного университета отвечает государственной задаче – ориентировать национальное высшее образование на максимальное удовлетворение страны в высококвалифицированных специалистах, о чем неоднократно говорил Президент Нурсултан Назарбаев в своих выступлениях.
Министр Франции по делам франкофонии Ямина Бенгиги в свою очередь подчеркнула, что Университет Казахстан-Сорбонна станет первым не только в Казахстане, но и Центральной Азии. «Для меня является большой честью заложить фундамент в новое сотрудничество и участвовать в проекте с Казахстаном, многовековая история которого является средоточием многих цивилизаций и культур», – добавила министр.
Поздравляя с подписанием документа, заместитель акима Алматы Зауреш Аманжолова сказала, что каждый почел бы за честь учиться в Сорбонне, и теперь такая уникальная возможность стала доступной для всех желающих. По ее словам, в Казахстане работает более ста французских компаний, сотрудники которых наверняка будут рады, что франкоговорящих казахстанцев теперь станет больше.
Президент парижской Сорбонны Жан-Франсуа Жирар рассказал об истории вуза – одного из старейших и наиболее престижных университетов мира. Сорбонна, по его словам, это комплекс университетов, обосновавшихся в Париже. Свою историю вуз ведет из раннего средневековья, когда в столице Франции открылся богословский колледж на 16 студентов из бедных семей. Сегодня же в Сорбонне учится 120 тыс. студентов.
Занятия во французском университете в Алматы, по словам Ж.-Ф. Жирара, начнутся в 2014 году. До этого времени запланирован ряд совместных мероприятий, в том числе различные конференции. Кроме того, из Франции приедет группа преподавателей, которые, начиная с января, проведут цикл лекций в КазНПУ, а также начнут занятия по французскому языку. Первый прием составит 60 студентов, в дальнейшем совместный университет намерен увеличить их количество до нескольких сотен, так как будет принимать абитуриентов со всей Центральной Азии. Первых студентов планируется готовить по четырем специальностям: маркетология, социология, политические науки, архитектура и дизайн. Важно, что подготовительные уроки французского языка станут бесплатными. Стоимость же учебы, по словам Ямины Бенгиги, будет такой же, как на остальных факультетах КазНПУ им. Абая.
//Казахстанская правда.-2013.-18 сентября.- С.4
Вадим Махин,
Достарыңызбен бөлісу: |