Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі


Орал қаласының өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру



бет3/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.58 Mb.
#130516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Орал қаласының өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру.
млрд. теңге

Көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Жалпы көлемдегі салалар үлесі, 2009 ж., %

Барлығы

17,3

21,7

27,9

39,5

42,5

100,0

Соның ішінде азық-түлік

5,1

6,3

8,1

14,6

16,4

38,6

Текстиль және тігін

0,3

0,3

0,3

0,4

0,4

0,9

Бейметалдық минералдық өнімдерді өндіру

2,5

3,0

4,9

5,5

5,7

13,4

Металлургиялық өнеркәсіп

0,5

0,8

1,1

2,3

2,9

6,8

Машина жасау

6,1

6,9

7,6

6,6

7,1

16,7

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.batys.stat.kz
Өңдеу өнеркәсібінің өсуі, бәрінен бұрын, азық-түлік өнеркәсібіндегі өндірістің, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің алдыңғы қатарды орай өсуімен түсіндіріледі. Мұнда 2005 жылға салыстырғанда 2009 жылы өнім мөлшері 3,2 есе немесе 11,3 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ азық-түлік тауарларының кейбір өндірістері қысқарды: өңделген сүт пен қаймақ өндіріс 80%-ға дейін, ірімшік және сүзбе өндірісі 70%-ға, консервіленген балық 42%-ға, сыра өндіру 22%-ға қысқарды.

4-кесте


Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібінде өнімдердің маңызды түрлерін өндіру






2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

БҚО-ның жалпы көлеміндегі қаланың үлесі, %

2005 жылға қарағанда 2009 ж %

А

1

2

3

4

5

6

7

Ет және азық-түліктік субөнімдер, тонна

БҚО

3433

2964

2839

4276

4645

-

135,3

Орал қ.

118

137

249

466

680

14,6

5,8 есе

Ет конвервалары, тонна

БҚО

1175

1789

3231

2931

2809

-

2,4 есе

Орал қ.

1175

1787

3231

2931

2809

100

2,4 есе

Шұжық өнімдері, тонна

БҚО

1201

1358

1861

2542

2828

-

235,5

Орал қ.

1140

1364

1663

2300

2650

93,7

2,3 есе

Балық және конвервілік өнімдер, тонна

БҚО

1942

1574

2738

1944

1127

-

58,0

Орал қ.

1942

1574

2738

1944

1127

100

58,0

Өңделмеген күнбағыс майы, тонна

БҚО

50

86

120

133

71

-

142,0

Орал қ.

50

86

120

133

71

100

142,0

Өңделген сұйық сүт және қаймақ, тонна

БҚО

2875

2536

2455

2330

2242

-

78,0

Орал қ.

2664

1912

1264

673

520

25

19,5

Ақ май, тонна

БҚО

127

245

109

288

290

-

2,3 есе

Орал қ.

127

245

109

288

290

100

2,3 есе

Ірімшік және сүзбе, тонна

БҚО

559

292

271

184

168

-

30,0

Орал қ.

559

292

271

184

168

100

30,0

Ұн, мың тонна

БҚО

72,4

63,2

98,3

116,8

124,4

-

171,8

Орал қ.

68,7

60,8

95,0

113,9

121,6

97,4

177,0

Жұмсақ нан, тонна

БҚО

8272

13243

15809

17966

22250

-

2,7 есе

Орал қ.

6111

11945

14148

14424

18945

85,1

3,1 есе

Шоколад, шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, тонна

БҚО

815

342

120

273

3640

-

4,5 есе

Орал қ.

815

342

120

273

3640

100

4,5 есе

Макарон өнімдері, мың тонна

БҚО

4,7

9,3

17,2

11,9

14,6

-

3,1 есе

Орал қ.

4,7

9,3

17,2

11,9

14,6

100

3,1 есе

Сыра, мың литр

БҚО

5949,3

6912,7

4682,2

5157,2

4642,7

-

78,0

Орал қ.

5949,3

6912,7

4682,2

5157,2

4642,7

100

78,0

Терезе және олардың жақтаулары, әйнектелген есіктер мен олардың жақтаулары, есіктер мен олардың жақтаулары, ағаш табалдырықтар, мың.кв.м

БҚО

33,7

36,1

45,6

24,5

27,4

-

81,3

Орал қ.

33,7

36,1

45,6

24,5

27,4

100

81,3

Әк, тонна

БҚО

9703

10577

15929

19589

20240

-

2,1 есе

Орал қ.

9703

10577

15929

19589

20240

100

2,1 есе

Силикат және күл кірпіштері, тонна

БҚО

178387

189257

199516

126134

150527

-

84,3

Орал қ.

178387

189257

199516

126134

150527

100

84,3

продолжение

А

1

2

3

4

5

6

7

Бетоннан жасалған жиналмалы құрылыс бөлшектері, тонна

БҚО

-

-

-

6468

6494

-

-

Орал қ.

-

-

-

6468

6494

100

-

Мұнайгазды қайта өңдеу құрылғылары, мың.теңге

БҚО

47627

62331

48266

20192

26598

-

55,8

Орал қ.

47627

62331

48266

20192

26598

100

55,8

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.batys.stat.kz
Тамақ өнеркәсібі. Қаладағы азық-түлік өнеркәсібі өнімі көлемінің өсуі бірінші кезекте өндірістің модернизациялануымен, жаңа, сұранысқа ие өнімдердің өндірілуімен байланысты. Дегенмен олардың өнімдерінің сегменттері жергілікті және ұлттық нарықта мардымсыз. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері жекеленген қырлары бойынша басқа қазақстандық және шетел тауар өндірушілер өнімдеріне қарағанда бәсекелестікке қабілетсіз. Бұл жергілікті азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік күшінің толық болмауының басты себебі.

Шикізаттың қолда барлығы ет өңдеушілер үшін өндіріс шектеуі болып саналады. Өнім өндірісі көлемінің ұлғаюына қарамастан, құны импортталатын еттен жоғары ет шикізатының бағасы ет консервалау өндірісінің шектеуі болып табылады. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта бұл топтағы кәсіпорындар өз мүмкіндігінше жергілікті және жартылай көрші облыстар нарығына бағытталған.

Қазіргі таңда 2009 жылы өнім көлемі 3263,2 млн. теңгені немесе жалпы азық-түлік өнімі көлемінің 12,8%-ын құраған «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғары, бірінші және екінші сорт ұны, манный ұнтағы, макарон өнімдері, кебек); «Ақ қайнар» нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғары, бірінші және екінші сорт ұны, кебек, бидай қалдықтары); көлемі 455,7 млн. теңгені немесе 1,8%-ды құраған «Нұржанар» АҚ (сыра, квас) азық-түлік өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.

Бұл кәсіпорындар саланың көшбасшылары бола тұра, оларда өнім көлемінің өсуіне қатысты бірқатар мәселелер орын алады. Желаев НӨК мен «Ақ қайнар» АҚ жергілікті нарықта басымдық орын алумен қатар көрші облыстар нарығында да маңызды сегментті иеленген. Дегенмен, Қазақстандағы бұл өдірістің дамығандығы мен жалпы республика бойынша астық жасау күшінің сұраныстан көптігі астық өндірісінің дамуына шектеу қояды. Осыған байланысты бұл кәсіпорындар жүктемеленбеген қуатта жұмыс жасайды. Өндірістің даму перспективасы тек экспорттаумен байланысты бола алады.

Өндірістік сектордағы берілген тенденцияға сәйкес бес-жеті жылдық болашақта қалыптасқан жағдайдың сақталатынын күтуге болады. Онда кейбір жалпы дамулар мен жұмысшылардың жұмыспен қамтылуы сақталып қалуы мүмкін.

Машина жасау және металл өңдеу. Машина жасау және металл өңдеу. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары (ЖӨК кәсіпорны болсын не азаматтық өндіріс болсын) негізінен жаңа өнімді шығаруға және төмендегідей бағыттар бойынша қызмет көрсетуге көшті:

- мемлекеттік тапсырыс бойынша;

- газ және мұнай өндіру кәсіпорындарының тапсырысы бойынша;

- құрылыс материалдары мен бөлшектерінің өндірісі.

Орталықтандырылған тапсырыстар бойынша дәстүрлі өнім өндіретін кәсіпорындар өнімдердің жаңа түрлерін өндіруді игереді. Олар: «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Оралагрореммаш» АҚ, «Орал құйма-механикалық зауыты», «ЖӨК «Металл бұйымдары» ЖШС. Жаңа өнімдерді өндіруге көшу тұтыну сұранысының өзгеруіне жауап және нарық жағдайының үлгісі болды. Дегенмен өзгеріс пен бейімделудің деңгейі мен тереңдігі әр түрлі болып шықты.

Шартты түрде кәсіпорындарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тұтынушылардың шектеулі ортасына қатаң тәуелді, өз күшімен модернизациялау үрдісін жасай алмайтын тар мамандардырылулар тән. Кәсіпорынның келесі тобы іс-әрекеттің жаңа бағытын құрай алды. Бірінші кезекте құрылыс материалдары және қызметтерін, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрылғыларды жөндеуді іске асырды.

Жаңа бағыттар профильді дамудың негізі перспективасы бола алған жоқ, сонымен қатар бола да алмайды. Мұндағы басты мақсат – диверсификация, яғни кәсіпорын шаруашылығы іс-әрекетінің тұрақтануын қамтамасыз ету. Тек бір ғана компания импортты енгізу бағдарламасы негізінде машина жасау және металл өңдеу шеңберіндегі көп профильді өндіріске көше алды. Ол біздің облысымыздағы (Новеньки ауылындағы МЖЭС-сын салу және жабдықтау) біратаулы мемлекеттік бағдарламаның көлемінде жүзеге асырылатын индустриалды-инновациялық жобаның атқарушысы болып табылады.

Талдау қорытындысы Орал қаласында орын алған машина жасау кешені мұнайгаздық машина жасау, соның ішінде мұнай мен газды өндіру, қорыту және тасымалдау құрылғыларын, қайық пен кеме қоғаныс өнеркәсібін, энергетикалық құрылғыларды, ауыл шаруашылық машиналарын, газокомпресорлық станциялары мен жоғарғы қысым ыдыстарын, насостарды, стандарттан тыс бұйымдарды, үгіту шарларын, сұр шойыннан жасалған арматураларды және тағы басқаларды өндіру сияқты озық бағыттар бойынша салаларды дамыту үшін маңызды потенциалға ие екенін көрсетеді.

Дегенмен шикізат өндіруді жүргізетін мемлекет, ұлттық және шетел компаниялары тарапынан жеткілікті көлемде ұзақ мерзімді тапсырыстың жоқтығы аталған саладағы кәсіпорындардың тұрақты дамуы үшін қажетті жағдай жасамайды, бәсекелестік қабілетінің жойылуына әкеледі.

Инженерлік-техникалық қызметкер болсын, не жұмысшы мамандары болсын қажетті деңгейдегі мамандардың жағдайы (ИТҚ мен жоғары білікті жұмысшылардың қартаюы, жұмыс берушілердің мамандарды дайындау мен олардың біліктілігіне көңілдері толмауы), барлығына ортақ жалпы мәселе болып отыр. Дегенмен жалпы алғанда бұл бағыттағы кәсіпорындар мамандардың өндірістік мәдениетінің қажетті деңгейін сақтап қала алды. Кейбір компанияларда мұндай тоқырау енді басталса, кейбіреулері орташа мерзімдік болашақта күтіп отыр.

Қорыта келе, өздігінен жеткілікті, бәсекелеске қабілетті және қала экономикасының перспективті дамуын қамтамасыз ететін мекеме ретіндегі Оралдың профильді кәсіпорындары негізінде машинажасау кластерін құру міндеті шешімін тапқан жоқ. Орал машина жасау кешені республика шеңберіндегі салалық құбылыс болып қала берді. Дегенмен орташа және ұзақ мерзімді болашақта бұл саланы сапалы дамыту қолдан келмеді, себебі жалпы интерактивтік бағдарламаларды жасау ортасы, тиімді ғылыми және инженерлік-құрылыстық жұмыстар жоқ.

Кәсіпорындар үшін орташа мерзімдік болашақта қаладағы машинажасау және металл өңдеудің перспективада өсуі мен тұрақты әрекетте болуы мемлекеттік тапсырыс тұрақтылығы мен дамудың мемлекеттік бағдарламасына, шетел инвесторларының және ұлттық компаниялар жұмыстарын қазақстандық мазмұндылықпен қамтамасыз ететін тиімді бағдарламаларға байланысты.



Құрылыс материалдарын өндіру - аталған мерзімде (2005-2009 жылдары) силикат кірпіші, құйма темір бетондары, металл конструкциялары және т.б. сияқты құрылыс материалдарын өндірудің өсуі, модернизациялауы және қысқаруы кезеңдерінен өтті.

Аталған кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныстың өсуі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырумен, жеке сектордағы құрылыстың қарқындауымен байланысты болды. Өндірісті модернизациялау мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар жалдамалы ресурстарды тарту негізіде жүзеге асты. Мысалы, БҚҚМ компаниясы (силикат кірпіші өндірісі) мемлекеттік даму институтының қолдауымен 50 миллион дана кірпіштен 80 миллионға дейін өндіріс күшін өсіріп, құрылғыларды ауыстыруды жүзеге асырды, құрғақ қоспалар өндірісінің желісін ашты. Тартылған құралдардың жалпы көлемі – 1 млрд.теңге. Мемлекеттік ипотекалық құрылыс бағдарламасының аяқталуына және жалпы сұраныстың қысқаруына байланысты кәсіпорынның күші 50% кеміді. Жағдайлары ұқсас кәсіпорындардың ахуалы осындай. Жетекші кәсіпорындар үшін олардың өнімдерінің Батыс Қазақстанның басқа облыстарында жеткілікті болып, нарықтан ығыстырылуы және әрекеттерінің БҚО-дағы тапсырысқа ғана тәуелді болуы тоқырауға әкелді.

Қала территориясындағы ЖШС «Гидромаш – Орион – МЖБК», «Құрылыскомбинат» ЖШС, «Батыс Қазақстан құрлыс материалдар корпорациясы» АҚ сияқты құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары құрылыс саласының жалпы көлемінің сәйкесінше 42,7% (2527,8 млн. теңге), 18,7% (1112 млн. теңге), 7,7%-дарын (457,6 млн. теңге) қамтамасыз етіп, 50 түрлі өнімдер өндіреді (бетон өнімдері, силикат кірпіштері, әк және т.б.). «СВ-плюс» ЖШС базасында құны 1,2 млн. еура тұратын темір-бетон өнімдерін өндіру цехы пайдалануға берілді. Өнім өндіру Еуропадағы темір-бетон өнімдерін өндіруге арналған машиналар мен құрылғыларды жасап шығарушылар мен жеткізушілердің бірі неміс компаниясы “Weiler” құрылғысымен жүргізіледі. Бұл жобаны іске асыру арқылы ұзындығы 18 метрлік қуыс денелі плиталарды өндіру мүмкіндігіне ие болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша аталған сала кәсіпорындары 5,7 млрд. теңге соммасындағы өнімді өндірді. Бұл саладағы өндіріс физикалық көлемінің көрсеткіші 95%-ды құрады.

Қаладағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары нарықтық реформа және одан кейінгі кезеңнен кейін де қатаң және агрессивті-бәсекелестік ортада болды. Бұл аталған саладағы кәсіпорындар іс-әрекетінің кері кетуіне әкелді. Қазіргі кездегі тігін және киіз өндірістері ЖШС «Диана-плюс», «ТТФ «Надежда» ЖШС, «Аяз» ЖШС және тағы басқалар болып табылады. Олар арнайы киім, төсек тыстары, мектеп формалары, киіздер өндірумен айналысады. Өткен кезеңде олар модернизациялау үрдісін жүргізген жоқ, сонымен қатар тек жергілікті нарықпен, жергілікті өндірушілер талабымен жұмыс жасайды.

2009 жылға тоқыма өнімі өндірісінің көлемі 115,8 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 45,6%-ға төмен. Дегенмен киім өндірісінің 20,0%-ға өсуі өнім шығару көлемін 242,7 млн. теңгеге дейін жетуге мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі аталған саланың үлесі 0,5%-ды құрайды.

Химиялық өнеркәсіп. 2009 жылғы химия өнеркәсібіндегі кәсіпорындар өнімін өндіру көлемі 379 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 70,6%-ға төмен.

Бұл саланың өндеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі азғантай, яғни 0,9 %-ды құрайды.

Қазіргі таңда химиялық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар сұйық азот пен оттегін шығару және өңдеумен айналысады. Олар қуаты жылына 3000 тонна сұйық азот пен оттегін өндіретін «Азот зауыты» ЖШС, қуаты 3000 тонна газ тектес азот пен оттегін өндіретін «БатҚазкреопром» ЖШС сияқты кәсіпорындар. Сонымен қатар «Оралагрореммаш» АҚ базасында сағатына 16 куб.м. куатты оттегі өндіру цехы бар. Ағымдағы жылдың басынан кәсіпорын 40 мың куб.м. көлемдегі сұйық оттегін өңдеді.

Қаладағы химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдері ішкі нарық тұтынысына бағытталған.



Инвестиция. БҚО-дағы инвестицияның жалпы көлеміндегі қала инветициясы үлесінің төмендеуі байқалып отыр. 2005 жылғы 29,5% 2009 жылы 10,1%-ға дейін төмендегі. 2010 жылдың 1-жарты жылдығында негізгі капиталдағы инвестиция 11,3 млрд.теңгені құрайды, жалпы инвестицияның көлемі 2009 жылғы жауапты кезеңге қарағанда 49%-ға өсті.

5-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет