Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі



бет2/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.58 Mb.
#130516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1. Бағдарлама төлқұжаты

Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Орал қаласының даму бағдарламасы

Дайындау негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 18 маусым 2009 жылғы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы», 4 наурыз 2010 жылғы №931 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі іске асуының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 «2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына

Орал қаласының негізгі сипаттамасы

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Негізі 1613 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қала Азия мен Еуропаның арасындағы өзіндік сауда қақпасы болып табылады. Жалпы Сырт ауданы және Төменгі Орал платосындағы Каспий ойпатының солтүстік, Қазақстанның жазықтық құрғақ даласы бөлігін алып, Орал өзені орта ағысының оң жақ жағалауында және Шаған өзені төменгі ағысының сол жақ жағалауында орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен биік. (32÷34 метр). Орал қаласы ҚР-ның батыс аймағындағы негізгі автокөлік, темір жол және әуе транспорттық магистралдарының қиылысында орналасқан. Қала территориясында халықаралық «Орал» әуежайы, Жайық және Шаған өзендері арқылы өтетін екі теміржол және бес автокөлік көпірлері, жолаушы вокзалы мен темір жолға арналған жүк станциялары, Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шығатын өзен порты бар.

Орал қаласының тарихы қаланың рухани бай мұрасы, түрлі заманның тарихи ескерткіштері, мәдени дәстүрлері бар халық пен мәдениеттің тоғысуы негізінде дамығандығымен бірегей болып саналады. Аймақ түрлі кезеңдерде көптеген танымал және тарихи тұлғаларды аңшылық және балық аулау орындары бар өзіндік табиғатымен қызықтырған.

Қазіргі кезде қаланың территориясы 720 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Тұрғылықты қоры – 4,3 млн шаршы метр, халық саны – 271 мың адам. Қала құрамында Зашаған, Круглозерное, Деркөл, Желаев ауылдық округтері бар.

Қаладағы халықтың тығыздығы 1 шаршы км аумағына 376 адамды құрайды.

Экономикалық белсенді халық санының орташа жылдық есебі 128,7 мың адамды құрайды.

Машина жасау, металл өңдеу, металлургиялық, тамақ өнеркәсіптері мен құрылыс материалдарының өндірісі негізгі салалық өнеркәсіп болып табылады.



Даму бағыттары

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Мемлекеттік қызмет көрсету


Мақсаттары


Агроөнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру оның инновациялық бағыттарын күшейту, өнеркәсіп кешендрінің дамуы негізінде қала экономикасын көтеру.

Қала экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Шағын және орта кәсіпкерліктің кеңеюі мен нығаюына, кәсіпкерліктік ортаның бастамаларын жүзеге асыруға, шағын және орта іскерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы жағдай жасау,сауданы дамыту;

Қала экономикасына инвестиция тарту;

Білім беру сапасының, қол жетімділігінің, тартымдылығының жақсаруы;

Тұрғындардың деңсаулығын жақсарту;

Тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейінің өсуі;

Кедейліктің деңгейін төмендетуге ықпал ету;

Отандық мәдениет пен өнерді кең насихаттау, халықтың мемлекеттік тіл мен тілдік қорын дамыту;

Бұқаралық спорт және дене тәрбиесі –сауықтыру қозғалысын дамыту;

Ұлттық біртұтастықты және қазақстандық патриотизмді күшейтуді қамтамасыз ету, азаматтық инттитуттармен өзара әрекеттесу арқылы мемлекеттілікті күшейту;

Орал қаласында мемлекеттік жастар саясаты қызметінің тиімділігін арттыру;

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, алдын алу жүйесін дамыту;

Қаладағы құрылыс жұмыстарын дамыту және халықтың өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру;

Көліктік инфрақұрылымдардың жағдайын жақсарту;

Тұтынушыларды тиісті сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру және модернизациялау;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Тұрғындардың жылу жүйесінің қызметіне қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуіне қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Қаланың аумағының қалыпты дамуы, экологиялық каркасын сақтау;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.



Міндеттері

Экономика саласында:

өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуы;

өсімдіктану,мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін көбейту;

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қаладағы бизнес-климатты жақсарту;

Сауда саласының дамуына ықпал жасау;

Қала экономикасының инвестициялық тартымдылығына жағдай жасау.

Барлық қаржыландыру көзі бойынша инвестицияны дамыту.

Әлеуметтік даму:

Мектептердегі білім беру жүйесін жетілдіру;

Мектепке дейінгі ұсынатын білім беру қызметтердің сапасын жақсарту;

Қосымша білім беру қызметінің сапасын және қолжетімділігін жақсарту;

Ана және бала денсаулығын нығайту;

Әлеуметтік елеулі аурулардың ауыртпалығын төмендету;

Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру;

Медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету;

Тұрғындарды жұмыспен қамту;

Аз қамтылған тұрғындарға адресті және әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін күшейту;

Тарихи-мәдени мұра нышандарын сақтау және дамыту;

Мемлекеттің тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және консолидация қызметтерін кеңейту;

Қалалық тілдік қорын сақтау;

Көпшілік спортты дамытуға жағдай жасау;

Мемлекеттік саясатты қала халықының қоғамдық санасында қолдаудың деңгейін арттыру, қалада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сенім еркіндігін қамтамасыз ету;

Әлеуметтік манызды жобаларды жүзеге асыру шенберінде жастар үйымдарының қызметін белсендендіру және жастардың өзекті мәселерін шешу;

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Инфрақұрылымдық кешені:

Тұрғын үй құрылысының дамыту;

Қала жолдарының сапасы мен жағдайын жетілдіру;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау және дамыту;

Коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

Коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

Коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту.

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология:

Ауылдық елді мекендерінің дамуына қолдау көрсету;

Қаланың көгалдандыру және аббатандыру жұмыстарымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

Халыққа мемлекеттік электронды қызмет көрсету, халықтың компьютерлік білімі деңгейінің артуы.



Іске асыру кезеңдері


1-кезең – аралық кезең (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – алғашқы кезеңдік және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру;

2-кезең – соңғы кезең (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған шараларды жүзеге асыру және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму негіздерін қалыптастыру

Мақсаттық индикаторлар


Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2015 жылы - 104,5% құрайды (2011 жыл -109,6%);

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі

2015 жылы – 100,9% құрайды(2011 жыл-127,2%);

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығару көлемін арттыру 2015 жылы-100,7% құрайды(2011 жыл-112,8%);

Бөлшек сауданың нақты көлім индексі 2015 жылы-112,5% құрайды (2011 жыл-121,1%);

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі 2015 жылы-100,6% құрайды(2011 жыл-117,9%);

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 2015 жылы-97,3% құрайды(2011 жыл-82%);

Мектептердің жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалар үлесі 2015 жылы-28%(2011 жыл-25%);

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылы-92%(2011 жыл-88%);

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы-69,9жас(2011 жыл-68 жас);

Жалпы өлім-жітімді төмендету 1000 адамға шаққанда 2015 жылы-8,7(2011 жыл-9,7);

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы-4,7%(2011 жыл-5,1%);

Атаулы әлеуметтік көмек алатын халықтың ішінде жұмысқа жарамды халықтың үлес салмағы 2015 жылы-15%(2011 жыл-20,8%);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 2015 жылы-55%(2011 жыл-50%);

Мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі 2015 жылы-65%(2011 жыл-61%);

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білетін тұрғындардың үлесі 2015 жылы-8%(2011 жыл-4%);

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту-2015 жылы-27%(2011 жыл-21,3%);

Мемлекеттік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру 2015 жылы-38%(2011 жыл-33%);

14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2015 жылы-73%(2011 жыл-71%);

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылы-50%(2011 жыл-35%);

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2015 жылы-94,8%(2011 жыл-127,1%);

Қалалық маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2015 жылы-72%(2011 жыл-47%);

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалығымен қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылы-54,3%(2011 жыл-38%);

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру 2015 жылы-87%(2011 жыл-79,3%);

Тұрғындардың орталықтандырылған жылу жүйесінің қызметіне қол жетімділігінің деңгейін арттыру 2015 жылы-99,8%(2011 жыл-99,8%);

Тұрғындардың су жүргізу қызметіне қол жетімділігінің деңгейін арттыру 2015 жылы-79,2%(2011 жыл-75%);

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту 2015 жылы-1 бірлік(2011 жыл-1);

Көгалдандыру және аббатандыруға бағытталған қаржылардың өсуі 2015 жылы-2576 млн.теңге(2011 жыл-773 млн.теңге);

Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген қызметтер үлесі 2015 жылы-78% (2011 жыл-4%).


Қаржылан- дыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаттары, несиелік қаражаттар

Қаржыландыру көлемі:

2011 жыл –20297,7* млн. теңге

2012 жыл – 25952,6* млн. теңге

2013 жыл – 31010,9*млн. теңге

2014 жыл – 37814* млн.теңге

2015 жыл – 41660,7* млн.теңге
Барлығы: 156 735,9* млн. теңге


* қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады

2. АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қала ахуалының позитивті және негативті жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі қаланың үлесі көп, ол 2009 жылы 72%-ды немесе 63,2 млрд. теңгені құрады.

Өндеу өнеркәсібі машина жасау және азық-түлік саласымен көрініс табады. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуын бақылай отырып, оның құрамында тамақ өнеркәсібі өнімі үлесінің көтерілгендігін көреміз.

Облыстың агро-өнеркәсіптік кешеніндегі қалалық агро-өнеркәсіптік кешеннің үлесі азғантай. Қаланың ауыл шаруашылығы саланың жалпы өнімінің 4%-ын ғана қамтамасыз етеді.

2009 жылы негізгі капиталдағы облыстық көлемдегі инветицияның 9,9% ғана Орал қаласына тиесілі болды (Бөрлі және Зеленов аудандарынан кейін 3-орынды иеленді), ал ол 2005 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның облыстық көлемінің 29,5%-ын құраған еді.

Облыстық сыртқы тауар айналымның жалпы көлемінде Орал қаласы маңызды орын алады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты.

Экспорттың не импорттың құрылымында көлемі өсіп келе жатқан машина, құрылғылар мен механизмдер, электротехникалық құралдар, азық-түлік тауарлары, бағалы емес металдар және олардан жасалған бұйымдар, минералды өнімдер басым болып отыр.

Облыстың еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша 2005-2009 жылдар аралығында экономикалық белсенді қала халқы деңгейінің көрсеткіші 10,6%-ға артқандығы байқалады. 2009 жылы жұмыспен қамтылған халық саны сауда (19,6%), құрылыс (16,6%), өнеркәсіп (13,3%), білім беру (12,6%), денсаулық сақтау (8,3%) салаларында шоғырланды.

2005 жылдан 2009 жылға дейін жұмыссыздықтың үлесі 9,7%-дан 5,6%-ға кемуінің тұрақты тенденциясы, экономикалық белсенді халық пен жұмыспен қамтылғандар санының тұрақтылығы, еңбекке араласқандар санының өсуі байқалды. Осы кезде БҚО-нда бұл көрсеткіштер 9,0%-дан 6,3%-ға дейін қысқартылды.

Орал қаласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 15,4%-ды ғана құрап, облыс көрсеткішіне жол береді. Бұл ретте облыс көрсеткіші 39,9%-ға сәйкес келеді.

Кедейлік көрсеткішінің төмендеуінің оң тенденциясы байқалып отыр. 2004 жылдан 2009 жылға дейін қаладағы кедейлік тереңдігі 3,0-тен 0,5%-ға (ауылдық елді-мекендерде 10,3-тен 2,2%-ға), кедейлік өткірлігі – 0,8-ден 0,1 %-ға (ауылда 3,5-тен 0,6%-ға) кеміді.

Кедейлік көрсеткішіне қатысты деңгей бойынша (өмір сүру минимумы мөлшеріне төмен табысына ие халықтың үлесі) Қазақстан аймақтары арасында облыс 10 рангті иеленеді, бұл – халықтың 8,2%-ы, яғни ол орташа республикалық маңыздылықтан төмен. Бұл көрсеткіш қалалық елді-мекенде одан әрі төмен – 3,5%.

Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері дүниеге келудің тұрақты өсуімен, адам өлімінің кему тенденциясымен және халықтың табиғи өсуімен айқындалады.

Көшіп-қону жағдайы қала халқы үшін көшіп-қонудың оң сальдосымен сипатталады. Қала елді-мекеніне еңбекке қабілетті халықтың келуі материалдық ырысты жақсарту және өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Экономкалық өсудегі оң тенденцияларға, негізгі әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің жақсаруына қарамастан, қала дамуында шешімін таппаған төмендегідей маңызды мәселелер қала берді:

1. Өнеркәсіп пен құрылыстың тұрақты және сапалы дамуы үшін негіздемелер құрылған жоқ. Қаланың өнеркәсіптік кешенінің сапалы сипаттары нашарлауда.

2. Мұнайгаз кешенін бюджеттік қаржыландыру мен оған тапсырыс беру қаланың өсу мен дамуының негізгі генераторы болып табылады. Бұл жалпы алғанда, қаланың әлеуметтік және экономикалық ахуалының шикізаттық көмірсутектік ресурстарындағы әлекмдік нарық бағасына тәуелділігін нығайта түседі.

Өнеркәсіптің негізгі салалары бірқатар мәселелермен соқтығысып отыр. Олардың қатарына өнеркәсіптік құрылғылардың жоғары дәрежеде істен шығуы, өндірістік құралдардың бәсеңдеп қалыпқа келтірілуі, несиелік ресурстарға қол жетімділіктің шектеулігі және олардың жоғарғы пайыздық мөлшері, кәсіпкерліктің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділігі, жаңа инновациялық жобаларды енгізу әлсіз динамикасы, өңдеу секторның кейбір салаларының бәсекелестікке қабілеттілігінің жеткіліксіз дәрежесі жатады.

3. Еңбек қосымшасы саласы ретіндегі өңдеу өнеркәсіп рөлінің төмендеуі. Зерттеу кезеңінде бұл саладағы халықтың еңбекпен қамтылуы үлесі 11,2% -дан 9%-ға қысқарды. Өндірістің жоғары дәрежедегі мәдениет пен жоғары білікті мамандарға ие жұмыс орындарының қысқаруы орын алып отыр, оның орнына еңбектің төмен біліктілігіне ие секторларда жұмыспен қамтылу өсуде.

4. Әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмендегідей шешімін таппаған мәселелер бар:

Білім беру саласына келер болсақ, бейімделген алаңдарда орналасқан мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орынның тапшылығы, білім беру ғимараттарының физикалық және моральді істен шығуы, оқушы орындарының жеткіліксіздігі білім беру қызметтерін көрсету сапасына кері әсерін тигізеді;

Денсаулық сақтау саласында – дәрігерлер тапшылығы.

5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында – тұрғын үй қорларының ескіруі, соның ішінде тозу және апат жағдайына байланысты ҚПҚ-мен 300-ден астам үй қамтылмаған; инженерлік желілер мен құрылғыларының ескіруі – энергетикада - 80%, канализацияда – 32%, ЖЭО-ның ескірген құрылғылары, 38% ғана жолға асфальт-бетон жамылғысы төселген.

6. Автокөлік және өнеркәсіп кәсіпорындары қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Жайық өзенінің экожүйесін сақтап қалу мәселелері экологиялық проблемалар болып табылады. Орал қаласының канализациялық тазалау құрылысының істен шығуы, қалдықтарды пайдаға асыру мәселелері жергілікті экологиялық мәселелерге жатады.

2.2 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының анализі
2.2.1 Орал қаласы экономикасының анализі

Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына Орал қаласы үлкен үлес қосады.

2005-2009 жылдары БҚО өнеркәсіптік өндірісіндегі Орал қаласының өнім үлесі 13,7-ден 14,7%-ға, сауда саласында 48,7-де 64,8%-ға өсті, тек құрылыста 73,4-тен 19,7%-ға қысқартылды. Бұл тау-кен өндірісі өнімін шығарудың құрылыста аса өсуімен түсіндіріледі.

1-кесте


Батыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салаларының өндірістік өніміндегі Орал қаласының үлесі





2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Өнеркәсіп млрд. теңге: БҚО

180,9

247,9

296,5

439,4

430,1

Орал қаласы

24,8

31,3

40,1

54,0

55,4

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

13,7

12,6

13,5

12,3

12,9

Құрылыс, млрд. теңге:БҚО

43,6

47,2

45,7

54,2

52,3

Орал қаласы

32,0

27,8

32,0

15,4

10,3

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

73,4

58,9

70,0

28,4

19,7

Сауда,млрд. теңге: БҚО

55,8

60,6

69,0

76,5

79,5

Орал қаласы

48,7

52,3

59,0

65,4

64,8

БҚО-на қарағандағы Орал қаласының %

87,3

86,3

85,5

85,5

81,5

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.batys.stat.kz
Дамуы Орал қаласының экономикасының шынайы өзгеруіне үлкен қосқан салаларға өндеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және байланыс жатады.

Қаланың индустриалды-инновациялық дамуы

Қала түрлі өнімдер өндірісін дамуға мүмкіндік беретін маңызды өнеркәсіптік болашаққа ие. Өнеркәсіптік салаға жататын кәсіпорындардың жалпы саны 194, және олардың ішінде 21 ірі және орташа кәсіпорындарды құрайды.

2005-2009 жылдары қаланың өнеркәсіптік өнімінің көлемі 2,5 есе өсті (24,8-ден 63,2 млрд. теңгеге). Талдау өнеркәсіптік өндірістің өсуі өнеркәсіптік өндірістің жалпы қалалық мөлшерінің 68,1%-дық үлесіне ие өндеу өнеркәсібі кәсіпорнының іс-әрекеті негізінде қол жеткендігін көрсетеді.

Өнеркәсіптік өндірістің қалған мөлшері электроэнергия, газ бен су өндіру мен тарату кәсіпорындарына тиесілі.

2-кесте

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы өнеркәсібінің даму динамикасы мен құрылымы

млн. теңге






2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2005 жылмен салыстыр-ғандағы 2009 жылғы өсу ырғағы

2009 жылғы өнер-кәсіптің үлесі, %

Өнеркәсіп – барлығы,

оның ішінде:



24742,6

31336,6

40184,6

54062,9

63217,5

в 2,5 раза

100,0

Өңдеу өнеркәсібі

17341,7

21691,6

27932,1

39500,7

42450,3

в 2,4 раза

67,1

Электроэнергия, газ және су өндіру және тарату

7390,1

9307,0

12187,2

14445,6

19800,7

в 2,7 раза

32,7

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.batys.stat.kz
Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы маңызды үлестерді азық-түлік өнімін өндіру – 38,6%, машина жасау – 16,7%, бейметалл минералды өнімдерін өндіру – 13,4%, металлургиялық өнеркәсіп – 6,8% алады.

3-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет