Мазмўны сабырова З.Ќ., Сатбекова А. А



бет21/21
Дата17.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#143249
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Жер-судың түріне, топырағына, жаратылыс қасиетіне қарай қойылған атаулардың бәрі сол жердің географиялық, биологиялық ерекшелігінен хабар беріп тұрады. Осы орайда біраз жыл қозғаусыз жатқан солтүстік өңірлердің жер-су атауларына байланысты ой-пікірлерді жинақтап, құнттап, тарихи-археологиялық құны зор, шежіре деректер арқылы зерттеулер жүргізген жөн. Осыған байланысты В.У. Махпировтың «в советском языкознании больших высот достигла тюркская ономастика» – деп, кеңес заманындағы терең зерттелген мәселелердің бірі жалқы есімдер, оның ішінде жер-су атауларын айтып кеткен /1, 4/.

Топонимдердің семантикасы аталып отырған белгілі бір объект жайында тиісті дәрежеде мағлұмат беріп қана қоймай, сол жер-суға адамның қатыстығын да көрсетіп, білдіріп отырады. Сондықтан топонимдер семантикасының қыры мен сырының егжей-тегжейін жан-жақты, терең де мазмұнды етіп айқындап, анықтай түсуде кеңінен қолданылатын аталмыш методтың ең басты жолы – лексика-семантикалық классификациясы болып табылады. Ол арқылы топонимдерді алуан түрлі семантикалық топқа бөліп саралауға болады.

Семантикалық классификацияның белгілі түрколог-ономастар еңбектерінен де орын алғаны мәлім. Оны Г.Ф. Саттаров, А. Әбдірахманов, С. Атаниязов, О.Т. Молчанова, О.А. Сұлтаньяев, А.А. Камалов, К. Конкобаев т.б. зерттеулерінен көреміз.

Бұл ғалымдардың ішінде О.Т. Молчанова, О.А. Сұлтаньяев, К. Конкобаев ұсынған семантикалық классификациялардың негізі бір, өзара сабақтас та, мазмұндас. Аталмыш ғалымдардың айтуынша, қазақ, алтай, қырғыз тілдеріндегі географиялық атаулар лексика-семантикалық тұрғыдан таптастырғанда екі топқа бөлінеді: 1) объектінің физика-географиялық сипатын көрсететін атаулар; 2) адамдардың. шаруашылық, тұрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық қатыстарын көрсететін атаулар.

Ал лексика-семантикалық классификацияға наза аударудың ең басты мәні – топонимдерді лексикалық тұрғыдан топқа бөле отырып, мән-мағынасын ашу, олардың адамның іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірімен байланысын анықтап білу болып табылады.

Міне, осы тұрғыдан келгенде, зерттеліп отырған Қазақстанның топонимдерін екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз: 1) қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсететін атаулар; 2) адамдардың іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірін көрсететін географиялық атаулар.

Топонимдердің, жалпы ономастикалық категориялардың құрылысы, оның лексикалық қоры, морфологиялық құрылымы тіл-тілде алуан түрлі. Тіптен қазақ ономосиологиясының материалдары мен олардың құрылымдары да регионалдық сипаты жағынан әр алуан боп келеді.

Тілдік материалы жағынан алып қарағанда да, тіпті тіркесе қолдануы мен орналасу тәртібінен біршама өзгешеліктер байқалып отырады. Кейде олардың құрамындағы жалғау-жұрнақтардың да өзіндік ерекшеліктерге ие екендігін байқаймыз. Ол жалғау-жұрнақтардың бір тобы байырғы тілдік заңға тән болса, екінші бір саласы басқа бір топқа тән тілдерден ауысқаны көрінеді.

Алайда, топонимдер мен антротопонимдер, этноним, космонимдерге байырғы тіліміздің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының сөз жасау, өзгерту тәсілінің ізі берік сақталған.

Түркі тілдерінің құрылысы жайлы айтқан ой-пікірлерінде атрибутивті тіркеске назар аударған. Әсіресе, изафет деп дұрыс аталмай келген дәстүрлі атаудың құрылымдық табиғатына терең тоқталады да оған жаңа атау: детерминативті (дәстүрлі изифет) тәуелді жалғаулы сөз тіркестерін (дәстүрлі изафет ІІ және ІІІ) берген. Түркі тілдеріндегі бұл конструкциялар жалқы есімдерде, оның ішінде, географиялық атауларда кеңінен қолданыс тапқан. Зерттеушілердің пайымдауынша, таудың басы деген тіркес тау басы деген тіркестен көне. Соған қарағанда, тәуелдік жалғауларының екеуі бірдей кездесетін географиялық атауларды ең көне, бір ғана тәуелдік жалғаумен келген немесе жалғаусыз конструкциядағы топонимдерді соңғы дәуірлерге тән деп түюге болады. Тәуелдік жалғауының топонимдердің көбінде түсіп қалған, яғни элизиялық жайттар тілдік заңдылықтарға тән құбылыс.

Топонимдердің құрылымдық сипаттарын баяндаған ғылыми еңбектер жер-жерде баршылық. Олардың баса назар аударған мәселелері – синтаксистік құрылыстағы топонимдердің компоненттері, олардың орын тәртіптері.

Қазақстан топонимдері құрылымдық типтеріне қарай: дара, біріккен, тұлғалы және көп құрамды болып үшке бөлінеді. Алайда, бұларды құрамына қарай кейде екі топқа бөліп: толық құрамды атаулар – дара тұлғалы және күрделі тұлғалы топонимдер деп атаймыз. Дара тұлғалылар негізінен аппелятивтерден (жалпы есім сөздерден) жасалып, көбіне жұрнақ-жалғаусыз келеді. Мәселен, Айыр – тау асуларының бірі /2, 29/, Аса – Жамбыл облысындағы өзен аты /2, 52/ т.б. Бұл топтағы топонимдер жасалуы жағынан тілдік заңдылыққа, оның нормасына тікелей бағынышты. Дара тұлғалы атаулар ежелден белгілі, дәстүрлі қалыптасқан жолмен жасалып отырады. Оларға қосымшалар жалғау нәтижесінде жаңа тұлғалы атаулар пайда болады. Оны туынды тұлғалы топонимдер дейміз. Мәселен, Жарық – мекен, өзен, көл аты /2, 113/, Жыланды – Қазақстан бойынша әр тараптарындағы мекен аттары /2, 121/, Қайрақты – Қазақстанның оңтүстік және батыс атыраптарындағы далалы мекендердің және бұлақтардың аттары /2, 143/. Бұл топонимдердің құрамындағы қосымшалар: -ық, -ды, - ті, -ты т.б.

Топонимдердің, жалпы ономастикалық категориялардың түрленіп, тұлғаларының өзгеріп отыруында қосымшалардың рөлі зор.

Топонимдердің морфологиялық құрылымына қарай саралап жіктеу барысында анықтауыштық қызметі жағынан, әсіресе есім сөздердің басым екендігі байқалады. Ең көп кездесетін атаулар зат есім, сын есім, сан есім сөздерден жасалып отырған. Осындай есім сөздерден қатар топонимдік атаулар жасауға басқа да сөз топтары – етістік тұлғалар, есімдік, үстеу және басқалар қатысып отырғаны анық көрінеді.

Морфологиялық құрылымына қарай жіктеп, саралау барысында зерттеліп, отырған аймақтағы топонимдердің сөз таптарынан жасалу бірдей еместігін байқаймыз. Сан есім, үстеу сияқты сөз таптарынан жасалған топонимдерге қарағанда, өлкеде етістіктер мен етістік тұлғалы сөздердің қатысуы арқылы жасалған топонимдер дара, біріккен және күрделі тұлғаларда кездеседі. Олардың ішінде етістіктің ашық рай тұлғаларымен қатар көсемше тұлғаларымен келетін топонимдер де аз емес.

Етістік тұлғалы топонимдер тек Қазақстан топонимдеріне ғана тән құбылыс емес, олардың басқа да түркі тілдері топонимдерінің жүйесінде бары кейбір топономистер еңбегінде бұрыннан айтылып жатқан мәлім.

Етістікті топонимдерді ішінара топтағанда: а) нағыз етістіктен жасалған топонимдер; б) қатыстық (жартылай) етістік тұлғалардан жасалған топонимдер бары байқалады.



Дара тұлғалы етістіктен жасалған топонимдер:

Бұқпан – Орталық Қазақстандағы және Сарқан өңіріндегі (Жетісуда) мекен аттары. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бұқпан сөзінің етістік мағынасын ғана ашыпты. Бұқпан атауларының мәнін объект есебінде «бұқпа» немесе «қалқан» есімдерімен тең мағынада деуге болады /4, 84/.

Демікпе – Жоңғар Алатауының шоқысының аты. Демік (ет. бұйрық райына) + -пе қосымшасын жалғау арқылы жасалған ороним /3, 105/.

Кешпе – мекен аты. Көне түр. «кешу» (ет.) түріндегі атау тұлғасы. «Кечік, Кечув, Кесік» формаларымен мәндес /2, 130/.

Балаөлген – Сарыарқадағы жайлау аты. Өсімдік сипатына сай қойылған атау. Бұзауөлген атауының аналогиясы бойынша: балау өлең тіркесімен қалыптасып, айтыла келе, біраз ықшамдалған, сөйтіп бала өлген формасын қабылдаған топоним /2, 63/.

Етістіктен жасалған топонимдер зат есім, сын есімдерден жасалған топонимдерден гөрі аз. Олардың ішінде нағыз етістіктен гөрі етістік тұлғалы сөздерден жасалған топонимдер, көбінесе есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер формалары арқылы жасалып, сол жер аты ретінде аталып отырған жердегі іс-әрекет, жай-жағдай, белгілі бір болған оқиғадан мағлұматы береді.

Етістік тұлғалы жер-су аттары: Барсакелмес, Кескентал, Кескенбегім, Көшкентал, Қашқанбегім, Қашқансу, Бөрітүскен, Оразбайқойған, Биесойған, Қалмаққырған, Балакескен, Қызкеткен, Күнтимес, Қостіккен, Терісаққан, Төрекелді, Қарынсалды, Ұзынқашқан, Есекқырылған, Сиырқырған, Тасқашаған, Жолбұзар, Ұзақөлген, Найзатапқан, Атбайлаған, Есекартқан, Желтимес т.б. /3, 35-48/.

Жер-су аттарын зерттеудің ғылыми мәні зор. Жер-су аттары дегеніміздің өзі ертеде сол атырапта өмір сүрген халықтың сөйлеу тілінің қалдықтары. Оған дау жоқ. Ол халықтар мейлі жойылып кетсін немесе бөтен өңірге ауып, олардың орнына басқалар келсін, бәрібір топонимдер тапжылмай ғасырдан-ғасырға өмір сүре береді. Топонимика сол жерде өткен және өзігің иесі боп табылатын халықтың тарихи сырын, аты-жөнін ажыратумен бірге оның этнографиялық шегін де ажыратады.

Қорыта келе айтарымыз, ұлан байтақ қазақ жерінің елді мекен, жер-су атаулары өзіне тән, еліміздің өзге аймақтар топонимдеріне ұқсамайтын стратиграфиялық ерекшеліктерге ие болуда. Қалай дегенмен де оның негізгі стратиграфиялық қабаттары аймақ топонимиясының ерекшеліктерін анықтауға белгілі бір дәрежеде маңызды рөл атқаруда. Бұл әлі толығымен зерттеуді талап ететін мәселенің бірі.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Махпиров В.У. Древнетюркская ономастика. – Алматы: Ғылым, 1190. – 159 б.

  2. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы: Мектеп, 1985. – 256 б.

  3. Жеріңнің аты. Еліңнің аты. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Арыс, 2005. – 150 б.

  4. Жанұзақ Т. Тарихи жер-су аттарының түптөркіні. Алматы: Сөздік-Словарь, 2010.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада етістік тұлғалы жер-су аттары қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается топонимы глагольного происхождения.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет