Особое место в образовательной деятельности школы занимают телекоммуникационные региональные и международные проекты. Особенно интересны международные проекты для иностранного языка, ибо с их помощью создается естественная языковая среда и формируется потребность в языковом общении. Кроме того, создаются реальные условия для межкультурного общения.
Появившись в начале восьмидесятых годов, телекоммуникационные сети первоначально использовались в сфере науки и образования лишь как удобный и оперативный вид связи, поскольку вся сетевая работа тогда заключалась в обмене письмами между учащимися. Однако, как показала международная практика и многочисленные эксперименты, в отличие от простой переписки, специально организованная целенаправленная совместная работа учащихся в сети может дать более высокий педагогический результат. Наиболее эффективной оказалась организация совместных проектов на основе сотрудничества учащихся разных школ, городов и стран. Основной формой организации учебной деятельности учащихся в сети стал учебный телекоммуникационный проект /4/.
Под учебным телекоммуникационным проектом мы понимаем совместную учебно-познавательную, исследовательскую, творческую или игровую деятельность учащихся-партнеров, организованную на основе компьютерной телекоммуникации, имеющую общую проблему, цель, согласованные методы, способы деятельности, направленную на достижение совместного результата деятельности.
Решение проблемы, заложенной в любом проекте, всегда требует привлечения интегрированного знания. Но в телекоммуникационном проекте, особенно международном, требуется, как правило, более глубокая интеграция знаний, предполагающая не только знания собственно предмета исследуемой проблемы, но и знания особенностей национальной культуры партнера, особенностей его мироощущения. Это всегда диалог культур.
Международные проекты, которые проводятся на английском языке, целесообразно включать, если позволяет программа, в структуру содержания обучения для данного класса, курса и соотносить его с той или иной темой устной речи и чтения.
Проблематика и содержание телекоммуникационных проектов должны быть такими, чтобы их выполнение совершенно естественно требовало привлечения свойств компьютерной телекоммуникации. Другими словами, далеко не любые проекты, как бы интересны и практически значимы они не казались, могут соответствовать характеру телекоммуникационных проектов. Как определить, какие проекты могут быть наиболее эффективно выполнены с привлечением телекоммуникаций?
Телекоммуникационные проекты оправданы педагогически в тех случаях, когда в ходе их выполнения:
-
предусматриваются множественные, систематические, разовые или длительные наблюдения за тем или иным природным, физическим, социальным, пр. явлением, требующие сбора данных в разных регионах для решения поставленной проблемы;
-
предусматривается сравнительное изучение, исследование того или иного явления, факта, события, происшедших или имеющих место в различных местностях для выявления определенной тенденции или принятия решения, разработки предложений;
-
предусматривается сравнительное изучение эффективности использования одного и того же или разных (альтернативных) способов решения одной проблемы, одной задачи для выявления наиболее эффективного, приемлемого для любых ситуаций, решения, т.е. для получения данных об объективной эффективности предлагаемого способа решения проблемы;
-
предлагается совместная творческая разработка какой-то идеи: чисто практической (например, выведение нового сорта растения в разных климатических зонах, наблюдения за погодными явлениями, пр.), или творческой (создание журнала, газеты, пьесы, книги, музыкального произведения, предложений по совершенствованию учебного курса, спортивных, культурных совместных мероприятий, народных праздников и т.д. и т.п.);
-
предполагается провести увлекательные приключенческие совместные компьютерные игры, состязания
Параметры внешней оценки проекта:
-
значимость и актуальность выдвинутых проблем, адекватность их изучаемой тематике;
-
корректность используемых методов исследования и методов обработки получаемых результатов;
-
активность каждого участника проекта в соответствии с его индивидуальными возможностями;
-
коллективный характер принимаемых решений (при групповой проекте);
-
характер общения и взаимопомощи, взаимодополняемости участников проекта;
-
необходимая и достаточная глубина проникновения в проблему; привлечение знаний из других областей;
-
доказательность принимаемых решений, умение аргументировать свои заключения, выводы;
-
эстетика оформления результатов проведенного проекта;
-
умение отвечать на вопросы оппонентов, лаконичность и аргументированность ответов каждого члена группы.
Таким образом, выбранная тема для телекоммуникационного проекта будет органично вписываться в систему обучения, включая весь программный языковой материал. Если международный проект предусматривается по другим предметам школьной программы, который также должен выполняться на английском языке, но который не соответствует программному материалу по английскому языку, то такой проект выполняется во внеклассной работе, как правило, не всей группой, а отдельными учениками.
ЛИТЕРАТУРА
-
Современная гимназия: взгляд теоретика и практика. Под. ред. Е.С. Полат. – М., 2000.
-
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Е.С. Полат. – М., 2000.
-
Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка. Иностранные языки в школе. – № 2, 3. – 2000 г.
-
Полат Е.С. Типология телекоммуникационных проектов. Наука и школа. – № 4, 1997.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматриваются важности применения проектной работы в обучении, а также основные требования к ним.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада оқытуда жобалық жұмыстың маңызы сөз етіліп, оны қолдануда басты міндеттер мен арнайы нұсқаулар ұсынылады.
ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Жанабаева Н. – магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Әрбір ұлттың ұлттық дүниетанымы мен мәдениетін танып білу мақсатына сол ұлттың құндылықтарының жиынтығын зерттеу арқылы қол жеткізуге болатынын соңғы кездері орындалған ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр. Бұл құндылықтар ұлттың тілінде, сөздік қорында сақталған.
Антропоцентристік және экспансионистік бағыттардың тіл білімінде кеңінен өркен жаюы тілдің ұлттық шынайы табиғатын тілдік емес, яғни экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра зерттеуімен түсіндіріледі. Бұл бағыттардың аясында қалыптасқан тіл білімінің салаларының бірі – лингвомәдениеттану.
Лингвомәдениеттанудың қалыптасып, дамуына сүбелі үлесін қосқан ғалымдар: жалпы тіл білімінде В. фон Гумбольдт, Я. Гримм, Р. Раск, А. Потебня, Г. Штейнталь, В.А. Маслова, Е.С. Кубрякова, В.Н. Телия, ал қазақ тіл білімінде Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Б. Хасанов, Г. Смағұлова және т.б.
Ұлттық мәдениеттегі символдық, бейнелік-метафоралық мәнге ие және мифтерде, аңыздарда, салт-дәстүрде, халықтық және діни шығармаларда, поэтикалық және прозалық мәтіндерде, фразеологизмдер мен метафораларда, символдар мен мақал-мәтелдерде сақталып қалған адамның архетиптік және прототиптік танымының нәтижелерін біріктіретін тіл бірліктері лингвомәдени бағыттағы зерттеулердің пәні болып табылады /1, 36/.
«Тілдің фразеологиялық қоры – халықтың, ұлттың ділі мен мәдениетінің қайнар көзі, ұлттың өзіндік ерекшелігі мен рухы, қайталанбастай бейнеленетін кез келген ұлттық тілдің жаны» деп ғалым В.А.Маслова фразеологиялық бірліктердің ұлттың болмысын тануда, ұлттың ұлттығын сақтауда аса маңызды екендігін атап көрсетеді /2, 82/.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді салыстыра отырып, олардағы әр халықтың дүниетанымы мен өмірлік тәжірибеде қалыптасқан түсініктердің көріністерін ашып, ұлттық және танымдық сипатын айқындауға талпыныс жасалды.
Үш тілдегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді салыстыру кезінде сөзбе-сөз қайталанатындарын, түрлі сөздермен берілсе де, мағыналары ұқсас болып келетіндерін айқындадық.
-
Аз да болса, көптей көру /3, 20/
-
Довольствоваться малым
-
Be content with very little /4, 57/
Аз нәрсеге қанағатшыл болу керектігі жайлы үш тілде бірдей айтылып тұр. Қанағатшыл болған адамдар өмірде көп жетістіктерге жете алатынын, қай кезде қандай жағдай болса да, сабыр мен қанағатқа жол беру керектігін насихаттайтын ертегілерді, аңыз-әңгімелерді осындай тіркестермен түйіндеп аяқтау көптеген халықтардың салтында бар құбылыс.
-
Екі шоқып, бір қарау
-
Глядеть в оба
-
Keep one’s eyes open
Жоғарыда келтірілген фразеологизмнің беретін мағынасы – сақ болу. Бұл мағынаның қазақ тілінде берілуіндегі ерекшелікке мән берер болсақ, «шоқу» деген сөзді қазақ халқы құсқа қатысты қолданатыны белгілі. Яғни құстың сақтығындай сақтықта болу керек деген мағынада қолданылып тұр. Орыс тіліндегі нұсқада екі көзді ашып тұрып, бар назарды сонда аудару деген мағынаны беріп тұр. Ағылшын тіліндегі нұсқаның сөзбе-сөз аудармасы – «өзіңнің көзіңмен қоса өзге біреудің көздерін ашып, сақ болу». Бұл жерде байқайтынымыз, сақ болу мағынасы үш халықта да көз сөзімен қатысты берілуі. Көздің сақтық үшін, қырағылық үшін орны ерекше мүше екендігін үш халықтың тілінде де көрініс беріп тұр. Мұның себебін әлемді, шындық өмірді ортақ түсініп, қабылдау әрекетімен түсіндіруге болады. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі басты категориясы – әлем бейнесі ұғымы. Әлемнің тілдік бейнесінің екі типі болады, олар: универсалды және идиоэтникалық. Сонымен бірге әлемнің тілдік бейнесінің жалпы ұлттық, ұжымдық және жеке, мифтік-діни деген түрлері бар. Әлемнің тілдік бейнесінің екі типі жекелеген ұлттар мен адамзат ұғымымен байланысты.
Әлемнің тілдік бейнесінің универсалды типіне жалпы адамзаттық тәжірибенің тілде бекітілуін жатқызамыз. Яғни жалпы адамзаттың дүниені қабылдап, тұжырымдауы нәтижесінің тілдегі көрінісі.
-
Қолды ету
-
Прибрать к рукам
-
Lay hands on
«Ұрлау», «ұрлап алу» деген мағынаны білдіретін бұл тіркесте басты әрекет етуші «тұлға», адамның дене мүшесі – қол. Қолдың алдау құралы ретінде қолданылуы бұл мүшенің адамзат үшін ең басты әрекет етуші мүше деп қабылдануымен байланысты. Қолға қатысты сөз қолданыстары әртүрлі, жағымды, жағымсыз позицияда жеткізілуі түрліше. Себебі қол жақсылықты да жасайды, жамандықты да жасайды. Осы фразеологизмде қол жағымсыз позицияда қолданылып тұр.
-
Екі өкпесін қолына алып жүгіру
-
Брать руки вноги и бегом
-
Grab one’s legs
«Бар күшімен жүгіру», «қатты жүгіру» деген мағынаның үш тілде берілуінде кішкене өзгешелік бар. Қазақ халының адам тәнінің сырын түсіне білгендігі осы тіркестен көруімізге болады. Өкпе – тыныс алу мүшесі, яғни ағзанының тыныс алуын қамтамасыз етіп отыратын басты мүше. Егер өкпе болмаса, өмір сүру мүмкін еместігін жақсы түсіне білген. Жүгірер кезде де өкпенің маңызы зор екендігін тілге тиек етеді. Сонымен бірге, қазақ тілінде «өкпесі өшу» – шаршады деген мағынаны білдіретін қолданыс та бар. Яғни өкпе болмаса еш әрекет болмайтындығын айтады. «Екі өкпесін қолына алып жүгіру» деген тіркесте бар күшін, демін жинап жүгіру мағынасы беріліп тұр. Орыс тіліндегі нұсқада жүгіруде аяқпен қоса қолды да іске қосу арқылы екпінмен жүгіру делінсе, ағылшын тіліндегі нұсқада біреудің аяғын қоса алып жүгіру делінген. Өзіңмен қоса тағы басқа адамдарды іске қосу арқылы іс-әрекетті күшейту, екпіндету мәнінде қолдану ағылшын халқының сөз қолданысында жиі кездесетіні байқаймыз.
-
Бір оқпен екі қоянды ату
-
Убить сразу двух зайцев
-
Kill two birds with one stone
Бір іс-әрекет арқылы екі мақсатқа не екі олжаға қол жеткізу мүмкіндігі сөз болады, қазақ және орыс тіліндегі нұсқада сөзбе-сөз ұқсас беріліп тұр. Бұл сөз өрнегінен тұрмыс-тіршіліктен хабар алуымызға болады. Аңшылық кәсібімен екі халық та айналысқаны белгілі. Аңшылықтан олжамен оралу, табысты болу – қуаныш, мерей. Сол қуаныш, табысты болу, олжалы болу ұғымымен байланысты қалыптасқан сөз өрнегі халықтың тілінде осылай көрініс беріп тұр. Ағылшын тіліндегі нұсқада екі құсты бір таспен атып түсіру деген тіркес қолданылған. Бұл да қолға түсуі қиын екі табысқа бір әдіспен жету мәнін білдіреді.
-
Оқ бойы озу
-
Остаться в выигрыше
-
Win by a neck
Ұлттық спорт ойындарында немесе жарыстарда алда келе жатқан жеңімпаздың іс-әрекетін сипаттауда қолданылады. Яғни, жеңу, алға шығу мәнін білдіреді. Қазақ халқының ұлттық ойындары – бәйгеден, көкпардан озық нәтиже көрсеткендердің жеңісін айтуда оқ бойы озып келді деп қолданылады. Ағылшындықтардың ат жарысында осы сөз өрнегі жиі қолданылады екен.
-
Тырнағын батыру
-
Показать когти
-
As hard as nails
Күш көрсету мәнін білдіреді. Мұнда басты мәнді ашуға тірек болып тұрған сөз – тырнақ. Тырнақ сөзі озбырлықтың, қатыгездіктің символы ретінде қалыптасқанын әр елдің, әр ұлттың халықтық әдеби мұрасынан да, наным-сенімінен де, сөз өрнектерінен де байқауымызға болады. Шығыс халықтары мен батыс халықтарына ортақ ертегі, аңыз кейіпкері жез тырнақ жалмауыз екендігі белгілі. Тырнақ алапат күштің, сиқырдың иесіне тиісті деп түсіну жалпы адамзаттық мифологиялық түсінік болып табылады. Сол түсініктің көрінісі тілде қалыптасқан тұрақты тіркестерден байқалады.
Үш тілдің фразеологизмдерін салыстыра талдау арқылы әлемнің тілдік бейнесінің әр халықтағы көріністері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді. Осы зерттеуді жүргізу барысында фразеологизмдерді лингвомәдени аспектіде қарастыру арқылы олардың бойында көрініс табатын ұғым-түсініктерде халықтың танымдық білімдері жинақталғанын білеміз. Осындай фразеологизмдерді экспансионистік және антропоцентристік бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың ұлттық және танымдық сипатын ашып көрсетуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Маслова В.А. Лингвокультурология. – Москва, 2001. – 36 б.
-
Маслова В.А. Лингвокультурология. – Москва, 2001. – 82 б.
-
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым,1977. – 20 б.
-
Ағылшынша-қазақша сөздік. – Алматы: Мектеп, 2006. – 57 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық және танымдық сипаты сөз болады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается национальное и познавательное описание фразеологизмов в казахском, русском и английском языках.
СТУДЕНТТЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЙЫНДА
Рысбай Ж.И. – магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі студент – еліміздің ертеңгі маманы. Болашақ маман – мемлекеттің болашағын құрушы негізгі тұлға. Қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің ұрпағын білімді, саналы, отансүйгіш етіп тәрбиелеу, әрине, көтерер жүгі ауыр мамандық – мұғалімдердің қолында. Мұғалім мамандығына оқып жатқан студенттердің сөйлеу мәдениеті, сөз саптауы, өз ойын түсінікті, анық етіп жеткізе алуы өзекті мәселе. Мұғалімге қарап, шәкірт, айналасындағы адамдар ой, бой түзейді.
Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» дегеніндей жауапкершілігі мол істі атқару үшін, ертеңгі маман – бүгінгі студенттің жан-жақты білімді, мәдениетті, жан-жақты қаруланған болуы міндетті. Ал мәдениеттілік, білімділік «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма», – деп ұлы Абай айтқандай адамның сөйлеген сөзінен, сөйлеу әдебі мен мәнерінен бірден байқалады.
Бүгінде жастардың сөйлеу мәнері, сөйлеу әдебіне, сөз саптауына қатысты көп ой айтылуда әрі жазылуда. Жастардың басым бөлігі студент қауымы екені белгілі. Әсіресе, болашақ мұғалім мамандығына оқып жүрген студенттердің сөйлеуіне аса мән беру керек. Болашақ мұғалім алдындағы шәкіртіне айтар ойын нақты сөзбен айта біліп, түсінікті етіп жеткізе білуі қажет. Әлбетте, тілдің тазалығы, бұл – ой тазалығы. Сондықтан да бүгінгі студент – ертеңгі маман сөйлеген сөзінің тазалығына, мазмұнына, сөйлесушімен сөйлесу жағдайына мән беруі тиіс.
Айтар ойымызды тілдік құралдардың көмегімен сыртқа шығарып, өз ойымызды өзгелерге жеткіземіз, осы процесс сөйлеу деп аталады. Бірнеше процестердің жиынтығынан туатын сөйлеуге қысқаша тоқталсақ:
Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлесу, көпшілік алдында шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құралады. Сондықтан да сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып, көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән сөз жұмсауы, сөз тіркесін, сөйлем құрау ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер өз ойын дәл, әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады /1, 368/. Сөйлеудiң келесi түрлерi болады: сыртқы және iшкi сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегiнде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша монологтық және диалогтық болып бөлiнедi.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тiлдiк қатынас мәтiн арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудiң, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келедi. Бiреудiң дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңiстiк және уақытқа байланысты бiраз шектеулер болады. Әдетте, әңгiмелесушiлер бiрiн бiрi көрiп тұрады немесе дауыс жететiндей алшақтықта болуы мүмкiн. Осы жағдайларға орай сөйлеудiң сипаты өзгерiске түседi. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ-жауап кейпiнде байқалады.
Адам ауызекі тіл арқылы қатынас жасағанда да, жазба тіл арқылы қатынас жасағанда да, белгілі бір мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге сол мазмұнға өзінің қатынасын, қалай қарайтындығын да білдіреді /2, 17/.
Ауызша сөйлеу диалогтық және монологтық түрде болады /2/. Диалогтық сөйлеу – әңгiмелесушiлердiң өзара қысқа сөз алысуы, түзiлетiн сөйлемнiң құрылымы толық болмауымен ерекшеленедi, өзара түсiнiстiк мұндайда бұрынғы әңгiме желiсiнен, тақырып барысынан және iс-әрекет мазмұнына орай жетiледi. Ауызша сөз, әдетте, әңгiмелесуге қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретiнде жүзеге асады.
Студенттердің ауызша сөйлеу, соның ішінде оның диалогтық түрінде көбірек сөйлесетінін ескере отырып, осыған тоқталайық. «Сөз басы – сәлемдесу» дегендей орыс тілінің әсері әлі де басым болғандықтан, студенттердің амандасу кезіндегі жиі қолданатын сөзі мынадай: «Привет». Дегенмен де қазақи «Сәлем» деп амандасатын студенттеріміз де жоқ емес. Ары қарай бір-бірлерінің жағдайларын сұрастырулары да диалогтық сөйлеу түріне тән қысқа ғана сұрақ-жауап түрінде жүзеге асады:
- Қалайсың?
- Нормально, өзің?
Студенттердің сөйлеу тілінде әсіресе тілдің тазалығына мән берілмей жатады. Бірде ана тілінде сөйлесе, бірде өзге тілде сөйлеп сөздің сәнін кетіріп жатады. Екіншіден, студенттер жан-жақтан келгендіктен олардың сөйлеу тілдері өзгеше болып, тіпті кейде бір-бірлерін түсінбей жатады. Мәселен, бірі сүлгіні шашық десе, бірі орамал дейді. Демек, бұл – студенттер тіліндегі диалектілердің болуы. Оқуға алғаш түскен кезде өзге студенттермен сөйлесу кезінде диалектілер біраз қиындықтар тудырады. Ал жоғары курстарда студенттер айналасына қарап, диалект сөздерден қашуға, әдеби сөздерді қолдануға тырысады. Бұл, әрине, қарым-қатынасқа түскенде сөйлесушімен тез түсінісуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар студенттердің сөйлеу кезінде қысқарған сөздерді көп қолданатындығы байқалады. Мысалы, жатақ, тиви т.б. шетел сөздері.
Б.М. Теплов: «Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды» деген екен. Демек, болашақ мұғалімдердің ақылды ұрпақ тәрбиелеулерінің негізі – сөйлеу мәдениетіне тікелей қатысты болмақ. Біз ойымызды тіл арқылы жеткіземіз, ауызша, жазбаша сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсеміз.
Студент қауымның сөйлеу дағдыларының мақсатқа сай қалыптасуы үшін төмендегі мәселелерді ескеру қажет:
-
Сөйлесушіге өз ойыңды айтпас бұрын жақсылап ойлан, сөйлер сөзіңді жоспарла;
-
Сөйлеу үдерісінде диалект, жаргон сөздерді қолданудан сақ бол, әдеби тілде сөйлеуге тырыс;
-
Әрбір студенттің бір-бірімен әңгімелесіп, сөйлесу үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет.
Ж. Аймауытовтың пікірі бойынша, жеке тұлғаның танымдық түсінігі мен ұғымының қалыптасуы, өзінің ой-пікірін немесе ой қорытындысын мазмұнды жасай білуінің негізгі құралы-сөйлеу тілі /3, 32/.
Жоғарыдағы мәселелерді ескеріп, күнделікті дағдыланса, студенттердің сөйлеуді әр ортаға, жағдайға, сөйлесушінің жеке тұлғалық қасиетіне қарай бағыттауы дұрыс болары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 508 б.
-
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2005. – 147 б.
3. Аймауытов Ж. Жан жүйесі мен өнер таңдау. – Алматы, Қазмембас, 1926.–86 б
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада студенттердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются особенности разговорной речи студентов.
ЕТІСТІК ТҰЛҒАЛЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ
Шөмшекова Ә. – магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Ата-бабаларымыздың ежелгі мекені – сайын дала, төсегі – көк майса жасыл жайлау, қорғаны – көк тіреген заңғар таулар, айнадай жарқыраған керім көлдері мен арнасынан арындап аққан асау өзендері, сылдырап аққан бұлақтары, қойнауы байлыққа толған осынау қазақ жері тарихқа, сырға толы болған.
Адамзат қоғамының ілгері дамуы үшін географиялық атаулардың мәні айрықша болған, бола да бермек. Бір мемлекет ішіндегі тұтас халықтар арасындағы саяси-әлеуметтік өмір ырғағын былай қойғанда, ең елеусіз деген хабардың өзін белгілі бір мекен-жайын айтып алмаса, түсіну мүмкін емес. Демек, жер-су атауы географиялық, лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір бір өңірдің топониміне қарап, сол өңірді мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезіми-сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ең бір елеусіз деген географиялық атаудың астарында тұтас романға бергісіз шытырман тарих тұнып жатуы кәдік. Себепсіз, мән-мағынасыз кездейсоқ қойыла салатын географиялық атау болмайды. Ол жердің тілі, төсін мекен еткен ұрпақтардың ұғым-түсінігінен, тіршілік-тынысынан қалған мұра болып табылады.
Бүкіл өмірін табиғат аясында өткізген ел өзін қоршаған әлем туралы білгісі келіп, сол объектінің ерекшелігін ескеріп немесе тіршілігінің қажеттілігіне байланысты, я болмаса қиялға ерік беріп неше түрлі миф, әпсана, аңыз шығарған. Адам мен жер, табиғат оның орын тепкен мекен-жайы осыған байланысты ұғымы, тілі деген проблема көркем әдебиет үшін, яғни образбен ойлау өнері үшін халықтың айнала әлемді бейнелі суретпен, кейіптеу жолымен тануы үшін алғашқы материалдар болған. Солай пайда болған фольклорлық жанрдың бірі – белгілі бір мекен, жер-су, өзен-көл, тау-тас ерекшеліктері мен тарихын әңгімелейтін топонимикалық аңыз. Алайда, жер-су мекен аттарына байланысты әңгіменің бәрі түгелімен аңыз болмайды. Жер-су, мекен аттарын түсіндіретін этнологиялық (себеп-салдар) мәндегі әңгіме аңыз болып саналмайды. Егер әңгіме сол жерде болған оқиғаны, ешқандай тылсым ұғыммен байланыстырмай баяндаса, сондай әңгімені топонимикалық аңыз деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |