Мазмұны: Түсінік хат Курстың мазмұны мен құрылымы «Шебер қолдар» факультативінің бағдарламасы Тақырыптық күнтізбелік жоспар Оқу процесіне қойылатын талаптар Пайдаланылған әдебиеттер Түсінік хат



бет2/5
Дата20.02.2023
өлшемі40.92 Kb.
#469810
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Үйірме жоспары

Күтілетін нәтиже:
- материалды тиянақты меңгеріп, ой өрістері кеңейтіледі;
- шығармашылық қабілеттерін, креативті және ерекше шешімдерін көрсетеді;
- өзінің және басқа оқушылардың жұмыстарын қарастыру барысында бағалау дағдыларын дамытады;
- алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып, қол еңбегі жұмыстары барысында қолданылған құрал-саймандарымен жұмыс жасау қабілеттерін арттырады;
- өздерінің жеке жұмыстарын жасай алады;
- шешімінің өзгешелігін, ой сонылығын, шығармашылық қабілетін көрсетеді;
- өз жұмысы мен оқушылардың жұмысын талдай алады.
Курсты жүзеге асыру формалары:
Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді. Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады, тәжірибеде қолданады. Қызықты сөзжұмбақтар, бейнематериалдар, презентациялар арқылы игерілген материал, алған білімдері дағдыланып бекітіледі.
Оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер:
Миға шабуыл. Сөзді табыңдар. Он сөзді ата. Ойталқы. Құпия зат. Кластер (жүзім шоғы). БББ. Сұрақ- жауап. Жұмбақ сөздер. Ыстық орындық. Стоп кадр- бейнеролик.
Бағалау формалары:
Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Өздерінің шығармашылығын дамыта білу дағдыларын бағалау. Идеяларын өздігінен зерттеу және оларды дамыту үшін түрлі дерек көздерін қолдана білулерін, өздерінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама беру, шығармашылық ұсыныстарын еркін жеткізе білу дағдыларын бағалау.


Курстың мазмұны мен құрылымы
Уақыт көлемі жылға 34 сағат, аптасына 1 сағат.
І Кіріспе (1 сағат). «Шебер қолдар» факультативініңмақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері.
ІІ Визуалды өнер (5 сағат). Классикалық өнердің үздік туындылары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Графика. Мүсін. Сәулет өнері. Фото өнер. Анимация


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет