Мазмұны түсінік хаты


Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының топтарына жіктелуі



бет2/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының топтарына жіктелуі

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері Блум таксономиясына сәйкес анықталады:


– Білу (нақты материалды, терминологияны, фактілерді, нақты материалмен жұмыс істеу тәсілдері мен құралдарын, анықтамаларды, тенденциялар мен нәтижелерді, ұғымдар мен категориялар жүйесін, критерийлерді, әдіснаманы және т. б.);
– Түсіну (түсіндіру, түсіндіру, экстраполяция және т. б.);
– Қолдану (білімді стандартты ғана емес, жаңа жағдайларда қолдану және т. б.);
– Талдау (элементтер, өзара байланыстар, құрылу принциптері, бүтіннің бөліктері және олардың арасындағы өзара байланыс, пайымдау логикасындағы бұзушылықтар, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықтар, деректердің маңыздылығы және т. б.);
– Синтез (бірнеше саладағы білім, эксперимент, жаңа тұтас құру үшін ақпаратты шығармашылық өңдеу, абстрактілі қатынастар жүйесін алу және т. б.);
– Бағалау (деректер негізінде пайымдау, сыртқы критерийлер негізінде пайымдау, фактілер мен бағалау пайымдаулары арасындағы айырмашылықты көру және т.б.).



Ойлау дағдыларының топтары

Сипаты

Етістіктер

Білу және түсіну

Нақты деректерді, ақпараттармен сипаттамаларды, естесақтау немесе елестету,меңгерген материалды дұрысжеткізу, болжау немесеақпаратты жеткізу арқылы түсінужәне түсіндірудегі бағақабілеттілігі.

атайды, назар аударады, естесақтайды, талқылайды, анықтайды,айтады, жазады, қайталайды,көрсетеді, хабарлайды.

Қолдану

Бір мәселені нақты жаңажағдайда шешу үшін меңгергенматериалды қолданудағы бағақабілеттілігі. Білімді қолданудыңтаныстыру әдісі тәжірибелікжұмыстар, эксперименттер, жобажұмыстары, мәселені шешу жәнежаңа және/немесе түрлінәтижелер жасау болыптабылады.

қолданады, санайды, өзгертеді, таңдайды, топтастырады, аяқтайды, қорытындылайды, таныстырады, табады, жасайды, ықпал етеді, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, сахналайды, түрлендіреді, сәйкестендіреді, жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, пайдаланады, құрайды, іске асырады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау)

Баға қабілеттілігі:
- ақпараттық материалдарды жеке бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау жолымен түрлі пікірлер алу үшін ақпараттарды немесе себебін, тұжырымын меңгеру, жалпы ережелер үшін дәлелдер табу;
- жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, элементтер) біріктіру, қиыстыру, мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, баяндама оқу), әрекет жоспары, қажет мәліметті реттейтін кесте;
- осы немесе басқа материалдың маңызын бағалау (бекітілген көркем шығарма, зерттеу мәліметтері).

талдайды, бағалайды, топтастырады, есептейді, қабылдайды, салыстырады, байланыстырады, қарсы қояды, сынайды, талқылайды, саралайды, ажыратады, бөледі, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, пікір білдіреді, сәйкестендіреді, тексереді;

топтастырады, жинақтайды, қосады, үйлестіреді, құрайды, құрады, құрастырады, жалпылайды, біріктіреді, саралайды, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады, орнатады, біріктіреді, аргумент келтіреді, негіздейді, келіседі, салыстырады;


дәлелдейді, таңдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, сендіреді, негіздейді, түсіндіреді, өлшейді, болжайды, алдын алады, ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, бөліп көрсетеді, қосады, қолдайды, тексереді, бағалайды, талдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет