Мазмұны түсінік хаты



бет8/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Табиғат лирикасы. Абайдың орыс поэзиясынан алған тағы бір үлгісі - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүние жүзінің классик аңындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл күйіне байланысты әр ақын оны өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждың суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886—1890 жылдар аралығында, аңынның орыс поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Сондықтан да ақында әр өлең сайын өзінше іздену, табиғаттың өз суреттерін беруде, табиғат пен адамның, ортаның байланысын тануда жаңалықтар болып отырады. Абайдың бұл тақырыптағы ең тұңғыш өлеңі —«Жаз» (1886). Осы өлеңнің өзінде Абай — ақындың мәдениеті іріленген, шебер өнер иесі. Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс түгелей динамикалы әрекетке бөлініп сипатталады. Көрініс, құбылыстардың суреттері жарқын. Көкорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суретке түседі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай-шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,...
Арасында құлын, тай
Айнала шауып бұлтылдап...
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап...


Өлеңде әзілдесіп, күлісіп, үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап қыңқылдаған жас балалар, жылқы соңында салпылдаған жылқышылар мен су жағалап құс салған бозбалаларға дейін алынып, көшпелі қазақ аулының реалистік тіршілігі мен табиғатын толтырып тұр. «Өлеңнің ішінде жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан,— дейді Абай шығармашылығын көп зерттеген Мұхтар Әуезов,— түрі мен өлшеу ұйқастарында да аса жанды, қызулы жүрдектік бар... Тұтас бітімді, келісті келген өлеңнің аяғына дейін орайлас ұйқастар айнымай созылып отырады. Өлең тілінде үлкен байлыңпен қатар, тапқырлық, дәлшілдік мол».
Қыс табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген («Қыс», 1888). Бұл — нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Абай қысы Н. Некрасовтың «Аяз атасы» тәріздес:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соңыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы аң қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл — Абай жаңалығы. Оның үстіне аңын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы образы да қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың образы арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын бейнелейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен шебер суреттеледі.
Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары — бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі («Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», 1889). Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда суреттеледі. Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдердің негізгі мазмұнын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет