Кері байланыс. Жұптасып толтырыңдар.
СӘРУАР, ТӨРЕХАН
Мәсі – аяқкиімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрымнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс киіледі.
Шобыр – мысқыл мағынада: қараңғы.
Бешпент – киіп жүруге жеңіл сыртқы киім, келте шапан. Оны кейде «бешмет» деп те атайды. Шұға, мауыты тәрізді матадан тігіліп, астар мен екі араға жұқалап жүн, мақта салынып, сырылады. Бешпенттің тік жағалы, қайырма жағалы түрлері бар.
1. Төрехан мен оның ұлы Сәруар ақ патшаның жазалаушы отрядының командирі Крейгельдің тұтқынына қалай түседі?
2. Үзінді кейіпкері Сәруардың ойына неліктен Абайдың бір өлеңінде келтірілетін «Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар» деген мақал орала береді?
3. «Бесатар» шығармасының кейіпкері Сәруардың типтік образ екеніне келісесің бе? Типтік образ қалай жасалады?
4. Крейгельдің қазақтың бойына сүтпен дарыған мінезі туралы ойы қандай? Үзіндіден тауып оқыңдар.
5. Автор Крейгельдің көзімен тұтқындағы Төрехан мен Сәруарға қандай мінездеме береді?
6. Жазушы неліктен әр кейіпкердің мінез-құлқын ашуда олардың тіліне, сөйлеу мен ойлау мәнеріне көңіл бөлген деп ойлайсыңдар?
7. Шығармада тұтқындағы Сәруар мен сырттағы Қараланың арасындағы үндестік қалай суреттелген?
1. Үзіндідегі оқиғалар тізбегін топпен бірге анықтап, «Эмоция кестесіне» кейіпкерлердің көңіл күйін толтырыңдар.
2. 1-жұп – Төреханға, 2-жұп Сәруарға мінездеме беріңдер.
3. Үзіндіде қолданылған мақал-мәтелдер мен фразалық тіркестерді теріп жазыңдар. Олардың қалай қолданылғанын, автордың негізгі идеясын ашуға қалай қызмет көрсетіп тұрғанын талдаңдар.
4. Үзіндідегі көркемдегіш құрал түрін анықтап, автордың қолдану себебін талқылаңдар.
1. Романнан алынған үзіндіден топпен бірге ғаламдық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар шығарыңдар. Берілген үзіндіден проблемалық сұрақтарға дәйексөз келтіріңдер.
2. «Бесатар» повесіндегі оқиғалар мен тарихи фактілердің өзара сәйкестігін анықтап, ойларыңды білдіріңдер.
«Бесатар» повесінің көркемдік ерекшелігі мен автордың сөз қолдану шеберлігін талдай отырып, шығарманың жаңашылдығына баға беріңдер.
Кері байланыс. «5-5-1».
Үзінді туралы 5 сөйлем жазыңдар.
5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартыңдар.
5 сөзді 1 сөзге дейін қысқартыңдар.
Түйінді сөзді сыныпқа айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |