Мазмұны түсінік хаты



бет55/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Екінші кітап. Тайғақта 1

Ықылым замандар – ерте кездер, өте ерте замандар деген мағынада.
Асфақани қайқы қылыштары – Исфаһан қаласында жасалған қылыштар.
Уәлаят – Шығыс елдерінде жиі кездесетін аймақтық-әкімшілік бөлік: басқарма, басқару; өлке, аймақ, облыс деген мағынада қолданылады. 

1. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші кітабы қандай тараулардан тұрады?
2. «Тайғақта», «Жайлауда» тарауларының толық нұсқасын алдын ала оқып танысыңдар.
3. Абай неліктен кітаптан оқыған жайларды анық, айқын етіп, хатқа жазып отыр?
4. Абай мен Әйгерімнің өзгеше сыйлы қонағы кім? Ол туралы не білесіңдер?

1. Тараулардағы басты оқиғаларды топпен бірге іріктеп, Абайдың іс-әрекеттерін жинақтаңдар.

2. «Тайғақта», «Жайлауда» тарауларындағы қазақ халқының этностық ерекшелігін танытатын ұлттық белгілерді топпен бірге айқындап, жоба жасаңдар.

1. Абай мен Біржанды рухани жақындастырған өнер құдіреті туралы ойларыңды «Төрт сөйлем» әдісімен жеткізіңдер.
2. «Көршінің сұрағына жауап» әдісі арқылы үзіндіде көтерілген мәселелер туралы ақ параққа бір сұрақ жазып, сағат тілі бойынша жылжытып, сол жақтарыңда отырған сыныптастарыңа беріңдер. Олар сұрақ жазылған парақты алып, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Жазып болған соң, сұрақтар мен жауаптарды жұптасып оқыңдар, талқылаңдар.

«Мен Абайды қай қырынан таныдым?» тақырыбында үзіндіні негізге ала отырып, әдеби эссе жазыңдар.
Кері байланыс. «Оқырман көзімен».
– Жазушылар: үзіндіден алған әсерін әңгімелейді.
– Ақындар: жайлау туралы 1–2 шумақ өлең жазады.
– Суретшілер: үзінді идеясы бойынша сурет салады.



КӨРКЕМДІК УАҚЫТ. Әдебиет шығармасындағы уақыттың суреттелуі, зейінге алыну, қабылдануының өзгеше сипат-ерекшелігін түсіну үшін «көркемдік уақыт» деген ұғым бірте-бірте қалыптасып келеді. Көркемдік уақыт әдеби шығарманың танымдық мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын алсақ, мұнда жарты ғасырға таяу мерзім алынған. Абай оқырман онымен алғаш кездескенде 13 жаста болса, кітап аяқталған тұста 60-қа таяп, дүниеден қайтады. Осы мерзім кітапта үзіксіз суреттелмей, кейде жазушы арада бірнеше жылдар өтті деп, бір талай уақытты аттап кетіп те отырады. Ал бірақ кітаптағы көркемдік уақыттың көлемі әлдеқайда кең жатыр. Ондағы өткен замандағы өмір суреттерін еске алсақ, ескі аңыз-жырдағы оқиғаларды ескерсек, кітаптың уақыттық сыйымдылығы әлдеқайда мол екенін аңғарамыз. Оның үстінде, роман-эпопеяда маңызды тарихи кезең алынып отырғанына және назар аударалық. Абай жаңа дәуірдің тууын арман етіп, соған жете алмай кетеді ғой. Сонда Абай заманы қазақ даласында жүздеген жылдар бойы қалыптасқан патриархалдық-феодалдық қоғамның өмір салтын көрсететін тарихи кезең десек, кітаптағы көркемдік уақыты, тарихи уақыттың сыйымдылығы онан да кеңейе түседі. Әдеби шығармада бейнелі түрде көркемдік уақыттың қаншалық мағыналы, әсерлі болатынын осы мысалдан-ақ айқын аңғаруға болады.
Зәки Ахметов

1. «Еңісте» тарауынан берілген үзіндіні оқып, композициялық құрылымына талдау жасаңдар.
2. Абай оқыған кітаптарға, шығармаларға назар аударыңдар.
3. Абай Михайловпен қалай танысады?
4. Кітапханада Абай мен жеңілтек чиновник арасында болған өткір қағысудан Абайдың қандай қыры байқалады?
5. Абай мен Михайлов диалогіне арқау болған өзекті мәселелерді атаңдар.
6. Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен құбылыстар нелер деп ойлайсыңдар?

1. Негізгі кейіпкерлерге үзіндіде көрінетін іс-әрекеттеріне сүйене отырып, «Портреттік мінездеме кестесін» толтырыңдар. Жинақтау мен даралау арқылы жасалған өмір шындығын анықтаңдар.

2. Үзінді арқылы жазушының айтпақшы болған ойы не? Өзің қалай қабылдайсың? Кестені толтырыңдар.


1. Жер-су аттары мен мезгіл атауларын мәтіннен тауып, мағынасын анықтаңдар.
2. Абай мен Михайлов диалогін тыңдап, «Қазақ даласына жер ауып келген ойы озық, саясат қыспағына қарсы тұрған өжет идеяны тұтынушылармен пікірлес болуы Абайдың дүниетанымына қалай әсер етті?» деген сұрақты жұпта талқылаңдар. «Абай – ағартушы, демократ» тақырыбында өз түйгендеріңді жазып беріңдер. Уақыт – 10 минут.

Берілген сұрақтарды талқылап, ойларыңды ортаға салыңдар. Шығарманың жаңашылдығына сыни баға беріңдер.
1) «Абай жолы» роман-эпопеясының жаңашылдығы неде деп ойлайсыңдар?
2) Романның жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен қалай байланыстырар едіңдер?
3) «Абай жолы» роман-эпопеясының өміршеңдігі неде?
Кері байланыс. «Зерде».
Білім. Білім бойынша алған ақпараттарым.
Эмоция. Сабақтағы көңіл күйім.
Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.
Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея. Маған келген жаңа ой.
«Абай» романының жазылу жайынан:
Өзім материал алған адамдардың ішінен мен Абайдың бірінші әйелі – Ділдәні атай аламын. Ол 1924 жылы өлді. Содан соң, мен Абайдың сүйікті жары – Әйгерімді жақсы білемін. Ол кісі 1918 жылы алпыс жасында қайтыс болды. Абайды бертінде көріп, оның өмірінің естелігін өз аузынан тыңдаған жасырақ адамдардың да бірқатарымен кездесіп, әңгімелестім. Бірақ олардың айтқандарының көбін мен фольклорлық сипатта қабылдадым: алыс өткенді аңыздай әсірелеп, сырлаңқырап, өзгерте өсіріп айтатын. Кейде тіпті бір нәрсе туралы бірінің айтқаны екіншісінің сөзіне қайшы келіп те жататын. Мұндайда шындықты табу мені тағы да көп ізденуге салатын.
Абай шығармаларын мен жастайымнан біліп өстім. Атам Әуез Абайдың досы еді; ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өз өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе Абай аударған Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегиннің жауабын жаттататын. Біз болсақ, Татьяна кім, Онегин кім – онда жұмысымыз жоқ, атамыздың айтқанын істеп, жаттай бердім. Абайға ықыласым ерте түсуге осы жайлар себеп болды. Бірақ орта мектепте оқып жүрген кезімде де, Ленинград университетіндегі студенттік жылдарымда да Абай жөнінде алдыма қойған пәлендей мақсатым болған жоқ.
Мұхтар Әуезов, 1959 жыл

ПРОТОТИП (грекше рrоtоtуроn – түп, төркін, бейне) – әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға.
Шығармадағы кейіпкер мен уақиға нағыз өмірден алынғанда да, олар қаламгердің өмірлік тәжірибесімен, бұрынғы көрген-білгендерімен ұштасып, оның қиялында туған сезім-әсерлермен сабақтасады.
Өйткені өмірден көрген сол кейіпкер мен уақиға жазушының жанына жақын болмаса, ой-қиялымен, арман-мақсатымен жанаспаса, ол тіпті соларға елеңдемеген, мән бермеген де болар еді. Сөйтіп әдеби кейіпкердің тұлға-бейнесі, образы нақтылы бір прототипке негізделіп жасалғанымен, әдебиетке, көркемөнерге тән типтендіру, жинақтау принциптеріне сәйкес және жазушының нақтылы шығармасындағы идеялық нысанасына орай сомдалып, өзгеше сипат алады. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай образын алсақ, көркем образдың іріленіп, типтік сипатқа ие болатынын көреміз. Шығарманың кейіпкері әдебиетте бұрыннан белгілі көркем тұлғаға негізделіп жасалса, оны да прототипі бар образ деуге болады. Мысалы, пьесадағы немесе кинофильмдегі белгілі эпостық жырына негізделіп суреттелген, прототипі (түпкі тұлғасы) бар образ.
Зәки Ахметов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет