Шал мен бала
Багор – ілгек бақан.
Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері.
1. Үзіндіні оқып, ат қойыңдар.
2. Үзіндіге күрделі жоспар құрыңдар. Күрделі жоспарды «Ой картасы» арқылы құрыңдар.
3. Шал теңізде немен қоректенді?
4. Шал акуламен айқасын неліктен бейсбол сайысына теңеп, өзінің сүйікті спортшысы Ди Маджионы есіне алды?
5. Үзіндіде балықшы шалдың психологиялық жай-күйі қалай бейнеленген?
6. Шал теңіздегі ұзақ сапарында қандай ойларды жанына серік етеді?
1. Үзіндінің оқиға желісін дамытып жазыңдар. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты өз ойларыңмен толықтырып, оқиғаның шиеленісу себебін анықтаңдар.
2. Үзіндіні негізге ала отырып, кестені топпен бірге толтырыңдар. Автор бейнесін талдаңдар.
3. Хрестоматиядан повесть кейіпкерлерінің бойындағы ерекше мінездерін теріп жазыңдар. Не себепті осы ерекшелігін таңдағандарыңды түсіндіріңдер.
4. Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі мен Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің идеялық үндестігі, бас кейіпкерлер құдықшы Еңсеп пен балықшы Сантьягоның ойындағы жалпыадамзаттық құндылықтары туралы пайымдауларыңды әдеби тілмен жеткізіңдер.
1. Берілген үзіндіні тыңдап, көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдаңдар. Табиғат пен адам байланысын автор қандай сөздермен берген? Шалдың портретіндегі бейнелеу құралдарына назар аударыңдар. Уақыт – 15 минут.
2. Повестегі жалпыадамзаттық құндылықтарды топпен бірге анықтап талдаңдар. Нақтылы мысалдарды оқулықтағы және хрестоматиядағы үзінділерден алуға болады.
1-топ: Адам мен табиғат байланысы.
2-топ: Адам мен адам байланысы.
3-топ: Адамның жеке әлемі.
4-топ: Адам мен қоғам байланысы.
Повестің идеясы мен тақырыбын ашып, жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстырып, сыни баға беріңдер.
Кері байланыс. «ҚҚҚ кестесі».
Достарыңызбен бөлісу: |