Мазмұны түсінік хаты



бет7/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Әдебиеттегі сын- сарын

1)Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

1)Композициялық-сюжеттік талдау жасайды;
2)Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралау арқылы өмір шындығын баяндайды;
2)Кейіпкер бейнесін өмір шындығы арқылы даралау арқылы ашады;
3) Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырады.

Білу




3)Шығармадағы көтерілген мәселеге креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазу (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма).



1) Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін айқындайды;
2) Көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, автор бейнесін ашады;
3) Автор мен шығарма идеясының байланысын анықтайды.

Түсіну




3)Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

1)Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;
2)Көтерілген мәселені ғаламдық проблемалармен байланыстырып, салыстырады;
3)Көркемдік-эстетикалық құндылығына баға береді;
4) Жазба жұмысын жазады.

Талдау, қолдану



І бөлім. ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ
Абай Құнанбаев шығармашылығы
(1845—1904)
Балалық және жастық шағы. Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим)
Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай — бәрі де Тобықты руларының билеушілері, ірі феодалдар болған. Құнанбайдың Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті баласы болған. Солардың ішінде жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, ата-анасының қатты үміт күткен баласы — Абай. Сырт көзге момын және сөзге нанғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері саналады. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабұл-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын (олар араб, парсы тілдерінде жүрген) жеңіл үлгеріп, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен Абай осы кезде танысып, оларды қызыға оқыған. Балалың шағындағы өлең жазамын деген талабын:
Фзули, Шамси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз-бу һәммәси
Мәдет бер я шағири фәрияд! — деп, Шығыс аңыздарына сиынудан бастауы да Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып үйренуге жетуі — Абайдың едәуір табысы. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл — Абайдың кейін өз бетімен даярланып, орысшаны игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баули бастайды. Ел басқару ісінде өз орнымды басар ұлым осы болар деген дәмемен Абайға жол-жоба көрсетіп, өзінше тәрбиелейді. Алғашқы кезде әкесінің басқаларға ауызша сәлемін жеткізіп, олардан жауап әкелуден бастап, Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады.
Ел ісіне араласу — зерек те талапты жас Абайдың ел танып, жер танып, халықтың әдет-ғұрып, салт-тұрмыстарымен кеңірек танысуына жол ашады. Әкесіне қошеметші ретінде ере жүріп, ол сол кездегі шешен билерді көреді. Солардың ыңғайымен өзі де сөз үйреніп, билікке керек қазақтың ескі сөзі, жөн-жобасын, мақалдап, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол көп ескі әңгімелерді халық ішінен үйренеді. Сол әңгіме-жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының басшылар жайлы сынын көп естиді. Сөйтіп, бір жағынан шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол сол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларды сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолынан бөлек жол іздеу қажеттігін аңғартады. Өстіп жүріп Абай әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошеметшіл топпен тілге келіп қалады. Бірде Құнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай, оған: «Сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді»,— деп мін тағады. Әкесіне жауап ретінде Абай: «Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаң, жарлы-жаңыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артың деп білемін»,— дейді. Осы қақтығыстан кейін Абай әке жолынан бөлініп, ел қызметінен шеттей бастайды. Ендігі жолды ол кітаптан, орыс мәдениетінен іздейді.
«Шығысым Батыс боп кетті». 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арңылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е. П. Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыңқа айналады. Михаэлис — Петербург университетінің студенті болып жүріп жер ауған, Н. Г. Чернышевскийдің жолын ңуған және оның жақын танысы. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиеттерін, философиялық, қоғамдың әдебиеттерді беріле оқиды. Россиядағы саяси ағым, қоғамдық дамудың мәселелерін қарастырады. Осыдан барып Абай «Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис» деген. 1880 жылдарда Михаэлис арңылы ол Долгополов, Леонтьев сияқты басқа да жер аударылып келген демократтармен танысады. Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер-демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Европаның аңын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялың ой-пікірін, дүниетану көзңарасын кеңейте түседі. Батыс жазушыларынан Байрон, Гёте, А. Дюма, философтарынан Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер, тағы басқалардың шығармаларын зер салып оқиды. Бұл мәселені сөз еткенде еске алатын нәрсе — ең алдымен, Абайдың еңбекке, ғылымға, ізденуге құмарлығы. Сол дәуірде, қым-қиғаш тартыстардың жуан ортасында жүріп, соншама кітаптармен танысып, әр елдің, әр саладағы ұлы адамдардың еңбектерін талғап, таңдап оқығандығы және оларға жай еліктемей шығармашылық жолмен меңгеріп, жасығынан асылын айырып ала білгендігі. Ұлы ақынның бұл тәрізді өмір эпизодының тәрбиелік мәні зор.
Екінші, орыс әдебиетінің ұлы классиктерінің және реционер-демократтарының еңбектерін мол қамтып, терең зерттел оқуы оның өмірге көзқарасын айқындаған. Сондықтан ол Европа мәдениетімен таныса келе «Шығысым Батыс боп кетті»деген. Ақынның ғылым, өнерге үндеуі мен демократтық бағытқа бой ұруы, өмір шындығын терең танып, оның теріс жақтарын өткір сатира әдісімен өлтіре шенеуігің бір тамыры орыстың ұлы демократтарымен шығармашылық байланысында жатыр. Үшінші, Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
Абай бойындағы ақындық таланттың оянып, өрбуі де оның орыс әдебиетімен танысуынан кейін. Оған дейін ойын-сауықтарда әзіл-қалжың ретінде бірер шумақ өлеңді суырып салып айтқаны болмаса, ол ақын болуды мақсат етпеген. Жас кезіндегі Абай өлеңдерінің сақталғандары да аз. Оның өлеңдерінің жүйелі, аңындың үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады. Осы жылы жазылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Бородино» өлеңдері – Абайдың өзіне де, өзгелерге де оның акындығын танытқан, шын мәніндегі поэзиялық туындылар.
Алдыңғы өлеңінде ақын қазақтың біралуан өмірінің суретін әрі шындыққа дәл, нанымды, әрі тамаша көркем етіп көз алдыңызға елестетсе, екіншісінде орыс халқының Наполеонға қарсы ерлік, патриоттың күресін суреттеген Лермонтовтың «Бородино» атты өлеңін қазақшаға дәл, түпнұсқадағыдай көркем аударуға ұмтылған. Бірақ өлеңнің тек алғашқы шумақтары ғана бар, аяқ жағы не аударылмаған, не бізге жетпеген.
Жоғарғы өлеңдер өздерінің мазмұны жағынан болсын, түрі жағынан болсын, ақынның өлеңге үлкен мән беріп, оның әлеуметтік, көркемдік қасиетіне көңіл 6өле бастағандығын аңғартады.
80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын — ер жеткен ой-сананың жемісі. Бұған дейін әредік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген жөнінде Көкпай естеліктерінде былай делінген.
«1880 жылдан бастап 1886 жылға дейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын «Көкпай сөздері» деп жүргізді. Кейін Омбыда «Дала уәләяты» газеті шыққанда бірер өлеңін тағы да менің атымнан жіберді...
Осы хал 1886 жылға дейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ең өрістеп барып орныңпақ болған жайлауы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті. Біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып, артынан келдік. Осы жылы Абай аулында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатыр екен.
Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жайланған соң, Абайға келіп едім: «Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой»,— деді. Мен: «Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес еді, енді өзіңіз ретін тауып, қайтып аларсыз» деп қалжыңдадым, сөйтсем, сол күні «Жаздыгүн шілде болғанданы» жазған екен, оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғашқы рет, аз да болса, қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын»,— деді. Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан. Бірақ ел арасындағы шиеленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына бөгет жасаған. Сондықтан кей жылдары аз, кей жылдары көп жазып жүрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет