Мазмұны түсінік хаты



бет10/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«Сегізаяқ» өлеңі
Абайдың классикалык шығармаларының бірі – «Сегізаяқ». Бұл өлеңнің түрі де осы шаққа дейін ақын жазып келген өлеңдердің үлгісінен басқаша. Шумақ сегіз жолдан қайырылғандықтан – «Сегізаяқ» атанған. Бұл – көп ойларды айтқан, заман, қоғам шындықтарын және өз басының мұңдарын жинаған үлкен өлең. Өзінен бұрын ешкім таппаған, қиын ұйқасты шебер түрге Абай әдейі арнап ән де шығарады.
«Сегізаяқты» Абай 1889 жылы жазған. Өлең 8 тармақты 25 шумақтан тұрады.
«Сегізаяқ» алғаш 1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.
Кейінгі басылымдарында текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 5-шумақтың 4,5-жолдары «Пайдасыз ақыл, Байлаусыз тақыл», 14-шумақтың 2-жолы «Жүз кісі сұмға» делінсе, 1933, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жолдар 1909 жылғы басылымға сәйкес «Пайдасыз тақыл, байлаусыз ақын», «Жөн кісі сұмға» деп қабылданған. Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 6-жолы «Іздегені, баққаны», 8-шумақтың 4, 5-жолдары «Адам бол — мал тап, Адал бол – бай тап», 10-шумақтың 6-жолы «Қор болып қолда барасың», соңғы шумақтың 6-жолы «Сөзімді ұғар біреу жоқ» болса, барлық басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Андығаны баққаны», «Адал бол — бай тап, Адам бол - мал тап», «Қор болып құрып барасың», «Сөзімді ұғар елім жоқ» ретінде алынған. 1933, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 14- шумақтың 6-жолы «Айғаймен өтті, амал жоқ» болып басылса, басқа жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы басылым бойынша бұл жол «Айғаймен кетті, амал жоқ» деп түзетілтен, 1909, 1933, 1949, 1954 жылғы басылымдарда 22-шумақтың 4- жолы «Есітіп үнін» болып берілсе, кейінті жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес "Естісем үнін" түрінде алынған. 1954 жылғы жинақта 24-шумақтың 8-жолы «Қысылған жерде – жанжал дау» болса, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол «Қысылған жерде - жан жалдау» түрінде көрсетілтен.
Абай «Сегізаяқ» өлеңіне ән шығарған. Әннің 1-түрін А.Э.Бимбоэс Ақмола облысының Ақмола ауданында әнші-ақын Мұстафа Нүрбаевтың орындауы бойынша 1920 жылы нотаға түсірсе, А.В.Затаевич Орынбор қаласында 1922 жылы Құста Мырзабеков пен Кәрім Қашқымбаевтың айтуы бойынша жалаң нотаға қаттаған. Әннің бұл үлгісі «Әр халық әндері» жинағында да жарық көрген (1971). Ал композитор Л.Хамиди 1935 жылы Әрхам ЬІсқақовтан, 1938 жылы Жүсіпбек Елебековтен «Сегізаяқ» әнінің екі түрін нотаға жазса, профессор Б.Т.Ерзакович 1938 жылы Темірболат Арғынбаевтың және 1939 жылы Қуан Лекеровтың айтулары бойынша нотаға түсіртен. Сонымен бірте «Сегізаяқ» әнін әнші Қали Байжановтың орындауынан және Мәкен Мұхамеджановтың айтуы бойынша (1984) Қайролла Жүзбасов 7 және 8-түрлерін нотаға түсірген. Әннің бұл түрде алғаш рет «Айттым сәлем, Қалам Қас» атты Абай әндер жинағында (1986), Абайдың музыкалық мұрасына қатысты Ғ.Бейсеновтың «Сегізаяқ» атты мақалалар жинағында жарық көрді (1966).
М.Әуезов айтқандай, «Сегізаяқ» өлеңінің көркемдік-дәрежесі тым биік, мазмұны ұшан-теңіз бай. «Сегізаяқты» бастардағы ақынның:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған –
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас, –
деп, поэтикалық тіл өнерін сипаттауы теңдесі жоқ ғажап емес пе? Бұнда тіл өнері жайлы тебірене толғауды қазақ поэзиясы тарихынан әлі күнге дейін кездестіре алмай келеміз.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның, –
деп суреттеген құр кеуде, топас, дәрменсіз пенделер сол Абай тұсында да, қазіргі XXI ғасырда да қаптап жүр ғой. Яғни:
Еңбек қылсаң ерінбей –
Тояды қарның тіленбей, –
деп, бүкіл адал енбекке үндеген асыл жырының талай ғасырларға жетіп, мәңгі-бақи өмір сүретіні анық.
Абайдың даналық сөздерін өз замандастары түсіне алмай, қабылдауға қабілеттері жетпетені рас. Сондықтан да ақын «Патша, Құдай. Сыйындым» өлеңінде:
Қайран сөзім қор болды
Тобықтының езіне, – деп ренжісе,
«Сегізаяқта» сол пікірін:
Ағайын бек көп,
Айтайын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ,– деп жалғастыра түсті.
Жанр туралы ойлансақ, «Сегізаяқ» жай өлеңнің ауқымына сыймайды, ол қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэма деуге толық жарайтын туынды.
«Сегізаяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы деп бағалауға әбден татитын классикалық шығарма.



«Сегізаяқ» әнін ғаламтордан тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша негізгі идеясын түйіндеп жаз.
1. Пікір. Нақыл сөздер бойынша туындаған өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен келтір.
2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
3. Мысал.Өмірден мысал келтір.
4. Қорытынды. Ойыңды қорытындыла.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет