(Ұ, Т) Қоршаған ортаны қорғау туралы оқушылармен әңгіме ұйымдастырыңыз. Қоршаған ортаны қорғаудың бірнеше ережелерін атап өтуді сұраңыз.
(Ұ, Т) Слайд макетінің құрымын оқушылармен талқылаңыз.
(Э) Шағын зерттеуді ұйымдастырыңыз. Оқушыларға презентация жасауды және келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
- Қандай макетте әдете бірінші слайд бар?
- Қандай макетте екінші слайд бар?
- Слайд макетінің өзгеруі мәтінмен / суреттерге қалай әсер етеді?
(Ө, Ж, Қ) Презентацияның бірінші слайды үшін макетті таңдауды ұсыныңыз. Іздеу жүйесін пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға байланысты суретті тауып, оны бірінші слайдқа орналастыруды сұраңыз.
(Ұ, Т) Оқушылардан ақпаратты қайда сақтайтындарын, буманы құру жолдарын, болашақта осы ақпаратты қалай пайдалана алатындарын айтып берулерін сұраңыз.
(Ұ, Т) Оқушымен іздеу сервисі арқылы ақпаратты іздеу қалай жүзеге асырылып жатқанын, олар табылған ақпаратты құрылғыда қалай сақтай алатынын талқылаңыз. Бетбелгілерді жасай отырып, мәтіннің, суреттің немесе басқа да ақпараттың көзін көрсетудің маңыздылығын атап өтіңіз.
(Ұ, Ж, Ө) Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау туралы презентация жасау, бар мәселелердің сипаттамасын, лайықты бейнелерді табу керек екендігін түсіндіріңіз. Оқушыларға өз бумаларына қажетті ақпаратты сақтай отырып, тақырыпты зерттеуге уақыт беріңіз.
(Ұ, К, Э) Оқушыларға бетбелгілерін жасау жолдарын, оларды кейін пайдалануын, қолданылған сайттардың тарихы мен жүктелген файлдардың тізімін көру тәсілдерін көрсетіңіз. Жүктелген файлдың орнын анықтау және көшірмесін жасау/тасымалдау тәсілдерімен таныстырыңыз.
Оқушылардан компьютер мен интернеттен ақпарат іздеу жолдарын салыстыруларын сұраңыз.
(Ұ, Ж) Ақпаратты жүктеу үшін оқушылар тек іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар бетбелгілері мен жүктеу тізіміндегі файлдарды да пайдалана алатындарын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |