Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3



бет16/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
(Ұ, Т, Қ) Оқушылар үшін проблемалық мәселені тұжырымдаңыз: әрбір оқушы бір табиғи құбылыс туралы қысқаша бейнематериал жасап, оны дүниетану сабағында көрсетуі тиіс. Бағалау критерийлердің бірі – бейнематериалда суреттер мен бейнеүзінділер болуы тиіс.

(Ө, Э) Оқушылардан бейнені өңдеу редакторын ашуды сұраңыз. Редактор сипаттамасы берілген скриншоттарды таратыңыз. Оқушыларға редакторларда эксперимент жазап, негізгі құралдардың аттарын жазып алу үшін уақыт беріңіз. Уақыт шкаласына назар аударыңыз, оны дыбыстық редакторлардағы шкаламен салыстырыңыз, тиісті қорытынды жасатыңыз.


(Ө, Ж, Қ) Бейнеролик жасау жұмысын ұйымдастырыңыз. Жобаға енгізілетін бейнеүзінділері мен суреттерді берілген бумадан алуды сұраңыз.


Үзінділерді оқушылар таңдап алған тақырыпқа сәйкес өз қалаулары бойынша орналастырғандары жөн.
(Ұ, К) «Бейнеауысымдар (видеопереходы) және бейнеәсерлер (видеоэффекты)» ұғымдарын талқылаңыз. Оқушылардан сабақтың басында ұсынылған бейнедегі бейнеәсерлерін атап шығуды сұраңыз.


(Ө, Ж, Э, Қ) Оқушылардың авторлық бейнероликтерімен жұмысты жалғастырыңыз. Оларға бейнеауысымдарды, әсерлерді және бейнелерді қиюды эксперименттеуге рұқсат етіңіз. Өз жұмысының нәтижесін көпшілік алдында көрсеткісі келгендерге мүмкіндік беріп, қорғау кезінде жаңа терминдерді пайдалануды талап етіңіз. Оқушылармен видеороликтерді мәтіндік түсініктемелермен, титрлермен, тақырыптармен сүйемелдеуге арналған программаның қосымша мүмкіндіктерін талқылаңыз.


(Т, Ж, Қ) Шағын топтармен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз, онда оқушылар бейнені өңдеуге тиісті ұғымдарды кезекпен атайды. Соңғы дұрыс жауап берген топ ойынның жеңімпазы болады.
Дифференциация ретінде оқушылар өздері немесе қарсыластары атаған ұғымның қызметін түсіндіруге міндетті.


(Ө, Ж, Қ) Оқушыларға файлдан дыбыс енгізе отырып, бейнеге музыкалық сүйемелдеу қосуды ұсыныңыз.


(Ұ, Ж, Қ) Жасалған бейнелерді өзара бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардан өз жұмыстарын алдын ала құрылған бумаларда сақтауларын сұраңыз.
(Ө, Қ) Бумада жоба файлы, жобада ресурс ретінде қолданылған файлдар мен стандартты бейнеформатына экпортталған (мысалы mp4) файл сақталуы тиіс.



Оқушыларға таныс табиғи құбылыстар көрсетілген суреттерден бейнені алдын ала дайындап қойыңыз. Бейнероликте музыка, титрлар, кадрлардың ауысу кезіндегі әсерлер болу тиіс.
Қолжетімді желілік бұмаға бейне және суреттердің үзінділерін жүктеңіз. Оқушылардан өз компьютерлеріне аттарына сәйкес бума жасап, сонан соң, желілік бумадан тек бейнефайлдарды таңдап, көшірулерін сұраңыз. Бұл файлдар кейін бейнені өңдеу кезінде қажет болады.

Осы кезеңде оқушылар файлдарды басқа тасымалдағыштардан, мысалы, бейнекамераның флеш-картасынан, смартфонның жад картасынан және т.б. көшіру дағдысын дамыту тиіс.


Жұмыс үшін оқушылар қажетті файлдары бар буманы дайындайды. Фотосуреттерді оқушылар интернетте тегін сайттардан іздеп, ұнатқандарын өз бумаларына жүктей алады.


Оқушылардың назарларына «Бейнеауысымдар (видеопереходы)» тақырыбы бойынша бейне көрсетіңіз. Оқушыларға кез келген уақытта қолдау көрсету үшін, алдын ала роликтерді жасауға арналған онлайн бейнесабақтар тізімі көрсетілген файлды дайындап қойыңыз.

Негізгі ұғымдар осы бөлімнің пәндік лексика және терминология атты бөлімшесінде көрсетілген. Кейбір оқушылар атамаған сөздерге, өзіңіз назар аударыңыз.


Жобамен жұмыс істегенде, оқушылар сценарийлерін мәтіндік редакторында дайындай алады. Сценарий сүйемелдеу мәтінінен және қажетті файлдардың тізімінен тұруы мүмкін.

Сыныптастармен және мұғаліммен сценарийлерді талқылауды ұйымдастырыңыз.


Бейне роликтердің артықшылықтарын, келесі критерийлер бойынша бағалауға болады:
ұзақтығы, мазмұндылығы, бастапқы материалдардың сапасы, дыбыстық сүйемелдеудің параметрлері, орындылығы және т. б.

Оқушылар лайықты музыкалық сүйемелдеуді мұғалімімен бірге таңдап, өздерінің бейнероликтерін дыбыстай алады.



Табиғат және табиғи құбылыстар:
https://www.youtube.com/watch?v=OGWBwWW058c
Бейнені өңдеу үшін арналған танымал программалар http://video-editor.su

Бейнені өңдеу туралы бейне https://youtu.be/gbdPgCzXb2o


Бейнені өңдеу үшін онлайн редакторы


life2film.com

Бейнені өңдеу үшін арналған танымал программалар Windows Movie Maker, келесі нұсқасы Windows Live Movie Maker (Windows киностудиясы)


Windows Movie Maker ортасында бейнеклиптер жасау тақырып бойынша оқыту материал


https://www.youtube.com/watch?v=jqBFz5BZmeE
Бейнеәсерлер туралы сабақ http://bilimland.kz/ru/content/structure/1953-informatika_ru#lesson=16933

Суреттер мен фотоларды жүктеу үшін арналған сілтемелер


https://pixabay.com/
https://freephotos.cc








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет