АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып
4 бөлім – Презентациялар
|
Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер
|
Оқушылар презентацияларды жасауға арналған программалық қосымшалармен таныс және суреттермен, дыбыс пен бейне ресурстарымен жұмыс істеп көрді. Сонымен қатар, олар интернетте браузер арқылы ақпаратты іздей алады. Сондай-ақ, презентация қонструкторында мәтіндермен де жұмыс істеген.
|
Мәнмәтін
|
Бұл бөлім «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбына жатады. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беру үшін желіде ақпарат іздейді, браузерде бетбелгілерін жасайды, іздеу нәтижелерін презентация қонструкторы арқылы өзіндік жұмыстарын жасау үшін пайдаланады. Олар белгіленген үзінділер үшін көшіру және енгізу, құжаттарды сақтау операцияларын пайдаланады. Презентациялардың құрамына мәтіндік және графикалық ақпараттарды енгізеді. Сонымен қатар, олар презентацияға лайық макетті таңдайды және бейнеауысымдар мен нысандардың анимацияларын баптайды.
|
Осы бөлімдегі тілдік мақсаттар
Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы төменде ұсынылған.
|
Пән бойынша оқу мақсаты
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминология
|
Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер
|
Оқушылар:
- ақпаратты іздеу үшін іздеу жүйелерін пайдалана алады;
- браузердің командаларын пайдалана алады;
- браузердегі жүктеу тізімін және браузер тарихын қарап шыға алады;
- презентацияның макетін өзгерте алады;
- презентациядағы нысандардың анимацияларын баптай алады.
|
Оқушылар:
- презентация қонструкторындағы тәртіптерінің қызметтерін сипаттау;
- анимацияны баптау үшін қажетті қадамдарды түсіндіру.
|
Слайдардың арасындағы ауысымдар, анимация әсерлері, презентацияның үлгісі, слайд макеті, суреттерді топтау, браузер, бетбелгісі, жүктеу тарихы.
|
Іздеу жүйесі … қажет.
Браузерде бетбелгісін жасау үшін … қажет.
Мен келесі үлгіні/анимацияны таңдаған себебі…
Слайдтардың арасында ауысуды ұйымдастыру үшін мен … қолдандым.
|
Басқа да тілдік мақсаттар қою үшін, сонымен қатар, академиялық тілді оқыту және үйрену үшін қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттарына қатысты қосымша нұсқаулықтар алу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мәтініне қараңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәтіндік және графикалық ақпараттарды тауып, оларды презентацияларды құру барысында пайдаланады. Браузермен жұмыс істеген кезде жиі қолданатын беттерге бетбелгілерін орнатады. Презентацияларды жасағанда «Көшіру, Қиып алу, Енгізу» командаларын пайдаланады. Сондай-ақ, оқушылар слайдтарға қолайлы макеттерді таңдайды және қажетті жағдайларда оларды өзгертеді. Одан басқа, слайдтардың бейнеауысымдары мен нысандардың анимацияларын баптайды.
|