Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3


Оқу бағдарламасына сілтеме



бет2/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Оқу бағдарламасына сілтеме



Оқу мақсаттары



Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері



Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер



Оқу ресурстары



4.4.2.1



айнымалыларды қолдану





Айнымалылар
(Ұ, К) «Менің алғашқы анимациям» атты бейнені көрсетіңіз. Scratch онлайн ресурсын еске түсіруді және талдауды ұсыныңыз: тілді ауыстыру, сахнаны, спрайттар мен скриптерді, скрипттер ауданының, «Анықтама» сайманын, анимацияны іске қосуды сипаттау.


(Ө) Дайын сценарий бойынша программа жасауды ұсыныңыз.

(М) Айнымалыларды қолдану қажеттілігін түсіндіріңіз, Scratch ортасында қолдану мысалдарын келтіріңіз.


(Ұ, Ө) Оқушылармен өз жобаларында айнымалыларды қолдану мүмкіндіктерін талдаңыз.
Талқылау сұрақтары:
- Спрайттың қадам санын қалай өзгертуге болады?
- Дыбыс деңгейін қалай арттыруға болады?
- Қалай ойында есеп жүргізуге болады?
- Нақты өмірде айнымалыларды қайда пайдалануға болады?


(Т) Спрайт пайдаланушыдан екі санды пернелік тақташадан енгізуін талап етіп, олардың қосындысын қайтаратын программаны қарастырыңыз.



Екінші айнымалыны қолдануды ұсыныңыз, келесі программаны енгізіп, тестілеуді сұраңыз:





Сенсор мен оператордың таңдауын көрсетіңіз.




(Ө, Қ) Оқушылардан жанасу санын есептеу үшін айнымалыларды пайдалана отырып ойын жасауды сұраңыз.
Тапсырма. Мысық тышқанға жетуге тырысады. Мысықтың әрекеттері пернелер арқылы басқарылады: солға, оңға, төмен, жоғары. Жанасу кезінде «жанасу» айнымалының мәні өседі. Жанасу саны 10-ға тең болғанда, ойынды тоқтатамыз.

Оқушылар бірнеше сабақ бойы Scratch программалау ойын ортасын пайдаланады, оқушылар online немесе offline тәртіптерінде жұмыс істей алады.


Қабілеттері жоғары оқушыларға дифференциация ретінде өздерінің жеке сценариін жазады.
Сценарий мысалы:
Ойыншы «Үстіге» пернені басқан кезде спрайт үстіге қарай бұрылады;
«мяу» деп дыбыс шығарады;
10 нүкте қимылдап,
2 секундқа тоқтайды;
3 пайызға кішірейеді;
90 градусқа бұрылады;
Қайтадан «мяу» дыбысын шығарады.
Нысанның іс-әрекеті 3 түрден тұрады: 
Өз әрекеттерін бақылау (үстіңгі пернесі басылғанда қимылды бастау, кідірту): 
қимылдар (бұрылу, қимылдау): 
сыртқы келбетін өзгерту (графикалық әсер,келесі костюм, көлемін өзгерту): 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет