Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3


АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып



бет14/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып

3-бөлім - Бейне жасау

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушылар браузерлермен және іздеу жүйелерімен жұмыс істеу тәсілдерімен таныс.

Мәнмәтін

Бұл бөлім «Табиғи құбылыстар» ортақ тақырыбына жатады және жанама түрінде «Өнер» мен «Дүниетану» пәндерімен байланысты. Бұл бөлімде бейнені жазып, ойнатуға арналған құрылғылар мен программалық қосымшалар және бейнеүзінділерін құру, өңдеу, ойнату жұмыстары қарастырылады. Оқушылар алған білімдерін информатика сабақтарында ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндік салаларда қолдана алады.

Осы бөлімдегі тілдік мақсаттар
Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқу мақсаты



Оқытудың тілдік мақсаты



Пәндік лексика және терминология

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Оқушылар:
- бейнені жазып, ойнату үшін құрылғыларды пайдалана алады;
- бейнефайлдарын құру және өзгерту үшін бейнемонтаждың мүмкіндіктерін пайдалана алады;
- бейнені құру барысында пайдаланатын файлдарды құру, көшіру, алмастыру және өшіру жұмыстарын орындай алады.

Оқушылар:
- бейнемен жұмыс атқаратын құрылғылардың мысалдарын келтіру;
- бейнемонтажға арналған программалардың қызметтерін әңгімелеу;
- бейнені монтаж жасау барысындағы суретті немесе бейнені, бейнеәсерлері мен титрлерді енгізу алгоритмін сипаттау.

Бейне (видео), бейнеклип, бейнеролик, бейнежазу, кадр, үзінді, уақыт шкаласы, бейнекамера, веб-камера, монтаж, бейнеплеер, бейнередактор, бейне әсер, титр, бейне ауысым.

Бейнені жазу үшін…
Бейнені ойнату үшін…
Үзіндіні белгілеу үшін …
Камера … үшін керек.
Мен бейнеауысымды қолданған себебі ...
Мен бейнеәсерді таңдап алған себебі...

Басқа да тілдік мақсаттар қою үшін, сонымен қатар, академиялық тілді оқыту және үйрену үшін қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттарына қатысты қосымша нұсқаулықтар алу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мәтініне қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар бейнені жазу және өңдеу дағдыларын игереді, бейне үзінділерінен және суреттерден бейнеклиптерін құрастырады. Сонымен қатар, бейнеүзіндіні қыяды, титрлер мен тақырыптарды, бейнеауысымдар мен әсерлерді және дыбыстарды қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет