(Ө, Т, Қ) Оқушылармен "компьютерлік квест" ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға практикалық жұмыс үшін тапсырманың бір бөлігін қамтитын құжат (компьютерде бейне іздеу) және келесі тапсырманы іздейтін нұсқаулар ұсынылады. Нұсқаулар ретінде файл атауының бір бөлігі, файлды құру күні және т.б болуы мүмкін.
(Ө, Т, Қ) Оқушыларға "қоршаған ортаны қорғау"тақырыбында презентациямен жұмысты жалғастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға слайдқа қосылған бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің ұзақтығын ойнату қажет екенін түсіндіріңіз, себебі бейне іске қосылғанда музыка естілмеу керек. Оқушылар дыбыс параметрлерімен эксперимент жасауы керек (қандай слайдта бастау керек, ал қандай слайдта музыкалық сүйемелдеуді аяқтау керек) және бейне (қию, дыбыс деңгейін анықтау).
(Ө, Т) Оқушыларға презентацияда бейне ойнату параметрлерін өз бетінше баптауды ұсыныңыз.
(К) Оқушыларға бейнені іске қосу кезіндегі басқару нұсқауын беріңіз. Анимация мүмкіндіктерімен таныстырыңыз.
(Т) Оқушыларға олардың жұмысына өзгерістер енгізуді ұсыныңыз.
(Ұ, Қ) Жұмыстың бағалауын ұйымдастырыңыз.
|
Қоршаған орта туралы ақпаратты қамтитын бейнефайлдарды және іздеу үшін нұсқауларды алдын ала дайындаңыз.
Оқушылар бейнені жазу және өңдеу үшін әр түрлі құрылғыларды (смартфондар, планшеттік компьютерлер) пайдалана алады. Кез келген тақырып бойынша сұхбат болуы мүмкін.
Оқушылардың назарларын презентацияда қолданатын бейненің ұзақтығына аударыңыз-олар шағын болуы қажет.
Оқушылар бейнені өңдеу керек (мысалы, қажетті фрагментті қиып алу).
Сондай-ақ, сіз оқушыларға бейнені өңдеу және ойнату алгоритмін жазуды ұсына аласыз.
Дифференциация ретінде оқушыларға мәтін мен бейнелерге арналған анимацияны баптауды ұсыныңыз.
Жұмысты жариялауларын ұйымдастырыңыз, қажет болған жағдайда оқушылар ұсынған алгоритмдерді түзетіңіз.
|