(Т, Қ) Оқушыларға үзінділерден сурет құрастыруды ұсыныңыз (пазл немесе қағаз суретті пайдаланыңыз).
(Ұ, К) Оқушыларға презентация көмегімен бірнеше суреттерді біріктіруге болатындығын көрсетіңіз (Группировать командасымен).
(Ж, Ө, Қ) Оқушыларға презентация көмегімен бірнеше бейнелерді бірыңғай етіп топтастыру қажет екенін түсіндіріңіз. Олар өткен сабақтарда компьютерде сақталған ақпаратты пайдалана алатындарын немесе интернеттен басқа файлдарды жүктеулеріне болатындығын айтыңыз.
(Ұ, К) Оқушыларға қолданатын әсерлерді таңдап алу үшін уақыт беріңіз. Олармен қолданатын әсерлерін талқылаңыз.
(Ұ) Оқушылармен презентацияларын бағалау критерийлерін талқылаңыз.
(Ө, Қ) Оқушыларға өз презентациясын нысандарға анимация қосумен аяқтау қажет екенін түсіндіріңіз.
(Ұ, Қ) Жұмысты өзара бағалауды ұйымдастырыңыз. Бір-бірінің жұмыстарын бағалауда оқушыларға өз көзқарасын білдіруге ынталандырыңыз.
Алдын ала әрбір топқа суреттерді дайындап қойыңыз. Мысалы, 1-ші топ үшін – пазл, 2-ші топқа – коллаж құру үшін бірнеше сурет.
Бірнеше суретті топтап, өз бумаларына сақтау процесін көрсетіңіз.
Оқушыларға бірнеше суреттерді топтау кезінде әртүрлі эксперимент өткізуге мүмкіндік беріңіз. Бір сурет артқы фон ретінде, ал басқа суреттер соның үстінде орналассын.
Оқушылардың жұмыстарын бағалаған кезде, топтау алгоритмін айтып берулерін сұраңыз және қолданған әсерлерін сипаттауларын талап етіңіз. Өңделген суреттерді алғашқы нұсқамен салыстыруды сұраңыз. Осы сәтте алдыңғы тоқсандарда өткен салыстыру және логикалық операторларын еске түсіруге болады. ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС тіркеулерді қолдануды талап етіңіз.
Жұмыс кезінде қиындық көретін оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Оқушыларға бір-біріне қолдау көрсетуге рұқсат етіңіз.
Сіз бағалау критерийлерін тақтаға жазып қоя аласыз.
Егер оқушылар критерийлерді құрастыруға қиналса, сіз алдын ала дайындалған нұсқаны көрсетіп, критерийлерді реет-ретімен қоюды ұсына аласыз.
Презентацияны қорғауға дайындаған кезеңінде оқушыларға слайдтарға «ескертулер» (заметки) қосып отыруды ескертіңіз. Қажет болса презентацияның баспасын жасауға мүмкіндік беріңіз.
Жобаларды бағалау кезінде келесі критерийлерге назар аударыңыз:
Критерий мысалы:
- Бірінші слайдта презентацияның аты мен оқушы туралы мәліметтер бар;
- Берілген материалдардан үзінділер қолданылған;
- Бейне енгізілген;
- Фотосуреттер енгізілген;
- Кейбір слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулер енгізілген.