«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет17/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Сабақтың мақсаттары


Білімділігі: Зооноздық аса қауіпті бактериялық инфекциялардың таксономиясы, жіктелуі, морфологиясы, тинкториалдық және дақылдық ерекшеліктері жайлы мәлімет беру.


Дамытушылығы: Білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Білім алушылардың ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдыларын игеруге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: құрама сабақ


Сабақтың әдісі (оқытудың):түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1.Мемлекеттік стандартты плакаттар
2.Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3.Әдебиеттер:
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж


Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
1.Оба қоздырғышы
2.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
3.Күйдіргі бациллалары
4.Оба тектес қоздырғышы
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.

Оба (лат.pestis)-Yersinia pestis тудыратын ауру интоксикациямен, жоғары қызбамен, тері,өкпе, және де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғарғы деңгейде өлім туғызатын жұқпалы ауру. Ауру аса қауіпті инфекция тобына кіреді.
Таксономиясы. Ауру қоздырғышын 1878 жылы Г.Н.Минх және 1894 жылы А.Иерсен мен Ш.Китазато Гонконгтағы оба эпидемиясы кезінде бір-бірінен бөлек ашқан.
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Yersinia pestis -полиморфты, ұсақ сопақша таяқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, нәзік капсуланы 37 градуста түзе алады, грам теріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады.
Дақылдандыру. Оба қоздырғышы –факультативті анаэроб, психрофил: ең қолайлы өсу температурасы 280 С градус. Тығыз қоректің орталарда R және S пішінді колонияллар түрінде өседі. R пішіндісі жоғары вирулентті,S пішінділерінің вируленттілігі төмен. Иерсинеиялардың өсуін жылдамдату үшін қоректік орталарға өсу стимуляторлары қосылады: натрий сульфиті, гемолизденген қан, сарцина филтраты. Тығыз қоректік ортада өскенде 8-12 сағатта «сынған шынығы» ұқсас колониялар түзеді,18-20 сағатта колониялары «айнала өрнекте орамалға» немесе «түймедеқ гүліне» ұқсас, ортасы ашық түсті, кейбір кездерде 48 сағаттан кейін S колонияларға ауысады. Yersinia pestis –тің көптеген штамдары күңгірт пигментті колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортаның бетінде үлбір түзіп өседі, одан төмен қарай «үңгір сталактитіне» ұқсас жіпшелер түзеді,түбінде агглютинация реакциясына ұқсас түйіршектеніп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет