Лабораториялық диагностикасы. Лабораториялық зеріттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және CI. botulinumді табу мақсатында жүргізіледі. Бактериологиялық зеріттеу үшін күдікті тағам, аурудан нәжіс, құсық, шайынды алынады. Ботулотоксин, оның типі биологиялық сынама жасау арқылы анықталады. Сынама ақ тышқандарға жүргізіледі. Олардың әр қайсысына сынама алдында антитоксикалық сарысудың әр түрлері енгізіледі. Содан кейін аурудың зәрін немесе қанын тышқандарға жібереді. Антитоксикалық сары су типі сәйкес келген тышқан тірі қалады.
Профилактикасы. Ботулизмнің алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасмалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, сонитарлық назарда консервілеу, кәсіпорын-дарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақлау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұрыс жұмыс істеуі т.б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі- тасмалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.C. perfringens түрі неше сероварларға бөлінеді?
Газды гангренаның жасырын кезеңі қанша уақыт?
Газды гангренаның негізгі әдістері қандай?
Газды гангренаның қоздырғышының орналасатын жері ?
Сіреспе қоздырғышын қай ғалымдар ашқан?
Споралардың түзілуі неден кейін басталады?
Сіреспеннің жұғу көзі қандай?
C. botulinum –ды алғаш рет қай жылы, неден тапқан?
Ботулизмнің өсуі үшін қолайлы температура неше?
Ботулизмнің инкубациялық кезеңі қанша уақытқа дейін созылуы мүмкін ?
C, botulinum - анаэробты қоздырғыштарға жатама , алде аэробтығама? Неге олай ойлайсыз?.
Ботулизм кезінде леталді жағдай нені құрайды?
3-тақырып. Аса қауіпті бактериялық инфекциялардың қоздырғыштары»
Достарыңызбен бөлісу: |