«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет15/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Берілу механизмі - нәжіс-ауыз. Берілу жолы - алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саң-ырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық.топырақта немесе жануарлар нәжісі-мен ластанған кез-келген тағам түрінде CI. botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробты жағдайда сақталып, сақталу температурасы 35°С деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды. Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да ботулизм дамуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің көрінісі. Ботулизм спородиялы немесе топталып ауруға шалдығу түріне көрінеді. Үй тағамдық консервілеу дәстүрге айналған елдерде кездеседң. Ботулотоксинге адамдардың сезімталдығы жоғары. Қазақ халқы ет тағамдар-ын тұздап, кептіріп, ыстап сақтайды, сондықтан анаэробиоз жағдайы көп туында-майды. Қазақстандағы қала тұрғындары арасында көкөніс, саңырауқұлақ консер-вілерін үйден дайындау (әсіресе орыс, корей т.б. ұлт өкілдері арасында) тарал-ған.Осыған байланысты ауруға шалдығу споройдиялық түрде тіркеліп отырады.
Аурудың потогенезі мен негізгі клиникалық белгілері. Ботулизм токсикоинфекция тәрізді өтеді. Ботулотоксин асқазан –ішек жолдарынан қанға тез сіңіріледі. Инфекциялық процеске тән процестер болмайды. Ботулотоксин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп нейроциттердегі синапстарда импульс тасмалдаушы ацетилохиннің бөлінуін тоқтатады. Сөйтіп, көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттерде қозу мен жиырылу тоқтайды, яғни парез, паралич дамиды. Ауру мионеврологиялық симптомдармен көрініс береді, әр түрлі ағым варианттарымен басталады (гастроэнтериттік, «көз» варианты, жедел тыныс жетіспеушілік), қай вариант болса да қалыпты температурада, ақыл-естің бұзылуынсыз өтеді. Аурудың ауыр ағымында сырқат 3-4 сағатта тыныс, жүрек параличінен өледі. Өліммен аяқталу 85% дейін жетеді. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысу енгізу өлімді 15-20% дейін төмендетеді.
Емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейі сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет