«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


-тақырып. Вирустық жұқпа қоздырғыштары



бет41/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5-тақырып. Вирустық жұқпа қоздырғыштары
Сабақтың мақсаттары


Білімділігі:Вирустық инфекциялардың қоздырғыштарын түсіндіру.


Дамытушылығы: Білім алушылардың бойында қызығушылықты ояту, қосымша әдебиеттермен жұмыстану барысын дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды үнемшілдікке, мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ


Сабақтың әдісі (оқытудың):түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1.Мемлекеттік стандартты плакаттар
2.Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3.Әдебиеттер:
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж


Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
1.Ортомиксовирустар
2.Парамиксовирустар
3.Құтыру
4.АИТВ

4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту


5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.

1.Ортомиксовирустар (грекше orthos-тікелей, тура; myxa-шырыш, кілегей) тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын зақымдайды.


Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Orthomyxoviridae
Туыстастығы: InfIuenzavirus A
InfIuenzavirus B
InfIuenzavirus C
Түрлері: InfIuenza A вирус
InfIuenza В вирус
InfIuenza С вирус
InfIuenzavirus туыстастығының вирусы тұмау (грипп) ауруын тудырады.
Грипп-француз тілінен аударғанда-agripper-ұстап алу, қырнау деген мағынаны білдіреді. Көптеген елдерде грипті инфлюэнца, яғни суықтың салдары деп атайды. 3 серологиялық типі бар, адам патологиясында А типі қауіпті, өйткені ол кез келген жастағы адамдарда ауру, сонымен қатар эпидемия, пандемия тудырады.
Тұмау вирусын 1930 жылы Шоп шошқалардан бөліп алған. 1933 жылы У.Смит, С.Эндрюс, П.Лейдлоу адамдардан вирустың А типін бөліп алды. 1940 жылы Т.Френсис вирустың В типін тапты. 1947 жылы Р.Тейлор вирустың С типін бөліп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет