Инкубация– микробтарды белгілі бір уақытта температурада немесе басқа жерлерде ұстау.
Интерференция – феномен, гендерді рекомбинациялау кезінде байқалады. Оң интерференция кезінде хромосоманың кроссинговері өзгереді.
Интерферон - табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары. Вирустардың торшаға енуіне жауап ретінде омыртқалылар торшалары өндіреді. Интерферон негізгі үш түрін ажыратады: лейкоциттік (а), фибробластық (Р) және иммундық (ү). Интерферон организмнің арнайы емес әржақты қорғаныс, төзімділік факторы болып есептелінеді. Зақымданғаннан кейін интерферон организмде бірнеше сағаттан кейін пайда болады да, адам мен жануарлардың табиғи сауығуына көмектеседі. Интерферон вирустарға қарсы әржақты әрекеті бар. Интерферон «вирусқа қарсы емес» бірнеше маңызды — қатерлі ісікке қарсы, радиопротекторлы, иммунды модульдық және т. б. әсерлері табылған. Интерферон және оның индукторлары терінің ұшық, грипп және басқа да тыныс ауруларының және қатерлі ісік туғызатын вирустардың өсіп-көбеюуіне кедергі жасайды, сонымен қатар организмнің иммундық қабілетін күшейтеді.
Инвертаза- немесе сахараза деп те атайды. Қызылша қантын (сахараза) глюкоза және фруктозаға дейін ажырататын фермент.
Ингибиторлар- биологиялық процестерді тежейтін заттар. Ол әрекеті жағына активаторларға қарама-қарсы заттар.
Инкубациялық кезең - организмге ауру қоздырғыш микроорганизмдер енгеннен қейін аурудың бастапқы белгілері байқалғанға дейінгі уақыт, яғни аурудьщ жасырын кезеңі.
Инфекция- адамдар мен жануарларда паразит микроорганизмдердің әсер етуінің бір көрінісі. Оларға жұқпалы аурулар жатады.
Капсомерлер - бұл ақуыз капсидтің бірліктерін құрайды, олар гомотримерлі капсомер деп аталады. Капсомерлер «түймедақ» тәрізді гексоганальді орналасады. 6 капсомер аралықтарындағы бос кеңістіктерін толықтырып тұрады. Сонымен қатар капсидтің құрамына L410 құрылымдық ақуызы да кіреді.
Капсула- кейбір бактериялардьщ бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да сол сияқты қолайсыз жағдайлардан сақтап түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |