«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Гифа - саңырауқұлақтар денесін құрайтын бір немесе көп клеткадан түратын, бұтақталған өте нәзік микроскоптық жіпшелер. Гликоли



бет79/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Гифа - саңырауқұлақтар денесін құрайтын бір немесе көп клеткадан түратын, бұтақталған өте нәзік микроскоптық жіпшелер.
Гликолиз (грек, glykys - тәтті, lysis - еру) - адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі. Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі - сүт қышқылы. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия) организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты.
Гомозигота (homozygotum, грек, homos - біркелкі, zygotos - қосылу) - генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында гендердің бірдей түрлері (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза) немесе ағза.
Грам әдісімен микроорганизмдерді бояу - Дания бактериологы Грамның (1884) ұсынған микроскоптық препараттарды бояудың, күрделі әдісі. Осы бояуға қатысын ескере отырып, микроорганизмдерді екі топқа бөледі. Біріншісі- Грам әдісімен боялатындар, екіншісі - боялмайтындар.
Грамицидин- топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады
Гранулеза- қоректік заттар қоры ретінде көптеген клеткаларда жиналатын және құрамында крахмалы бар углевод. Иод ерітіндісімен әсер еткенде ол көк түске боялады.
Гумус - өлі өсімдіктер және жануарлар қалдықтарынан микроорганизмдердін,әсерінен пайда болатын органикалық заттардың ерекше күрделі тобы.Олар топырақ күрамында болады. Мәселен, қара топырақта Г. 15 процентке дейін барады. Шымтезекті топырақта 25 процентке дейін жетеді.Топырақ құнарлылығын түзетін зат.
Дезинфекция- жұқпалы ауруларды қоздырғыш микроорганизмдерді құрту үшін қолданылатын химиялық заттар. Бүл тәсілмен белмелерді, аспаптарды,киімдерді зарарсыздандырады.
Делеция- хромосома ішіндегі өзгерістердің бір түрі, мұнда генетикалық материалдың бір бөлекшегі түсіп қалады. Делецияның өлшемі әр түрлі болады - бір-екі нуклеотидтен бірнеше ген үзінділеріне дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет