Реципиент - ақпаратты алушы, сіңіруші, пайдаланушы.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) - жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Рибонуклеазалар - гидролазаларға қарасты нуклеазалар тобына жататын ферменттер. РНҚ-ның полинуклеотид тізбегінің фосфодиэфир байланысын үзеді. Табиғатта кең тараған, торшада РНҚ-ның тузілуі мен ыдырауын реттеуге және осы организмге бөтен РНҚ-лардың ыдырауына қатынасады. Рибонуклеазалар биохимиялық зерттеулерде РНҚ құрамындағы нуклеотидтердің кезегін анықтау үшін қолданылады.
Рибонуклеотидтер- құрамында углевод рибоза, пуринді (аденин, гуанин) немесе пиримидинді (цитозин, урацил) негіздері және фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдықтары бар нуклеотидтер. Бұл мономер, одан РНҚ және олардың негізін салушылары түзіледі. Кейбір коферменттердің құрамына кіреді.
Риккетсия– бактерия мен вирустарда белгілі уақыт қоныстайтын микрооргизмдер.
Риккетсиоз (Rісккеtsіоsіs) - риккетсиоз. Себебі риккетсиялар болатын жедел жұқпалы аурулардың аты. Ауру жәндікшелердің шағуы арқылы, ауа-тыныс жолдары арқылы және тамақ арқылы тарайды.
Ризоидтар - кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің тамырға үксас органы. Олар арқылы микроорганизмдер ортаға бекиді және коректік заттарды сорады.
Ризосфера - өсімдік тамырларының айналасындағы аймақ. Бул қабаттағы микробтар қүрамы басқаларына карағанда езгеше. Өсімдік тамырлары мен ризосфералык микроорганизмдер арасында сол екі организмнің тіршілігіне белгілі бір әсер ететін, олардың тіршілігін реттеп отыратын тығыз қарым-катынас қалыптасады.
Саңырауқұлақтар– төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Сапрофиттер - жануарлар мен өсімдіктердің калдықтары және басқа да бөлін-ділерімен қоректенетін организмдер. Паразиттік қасиеті жоқ бактериялар мен саңыраукүлақтар. Сарцина - тең-тең болып орналасқан және сегіз клеткалардан тұратын шар тәрізді бактериялардың туысы.
Сахаромицеттер- сыра қайнатуда, нан пісіруде және спирт даярлауда қолданылатын табиғатта кең тараған ашытқылар түқымдасы.Селекция – жасанды түрде микробтар жасушасын және вирус бөлігін іріктеу.