Серотерапия- емдеу әдістерініц бір түрі. Онда жұқпалы аурулардыц қоздырғыштарына қарсы арнайы антиденелері бар препараттарды егеді
Силикат бактериялар - топырақтағы алюмосиликаттарды ыдыратып, одан калийді беліп шығарады, атмосфера азотын сіңіреді, топырақтағы басқа да микроорганизмдердің тіршілігін жақсартады.
Симбиоз - әр түрге жататын екі организм арасындағы әр қилы қарым-қатынас. Бүнда екі организмнің тіршілігі арқасында олардың екеуі де пайда көреді.
Солод - ылғалды және жылы жерде алдымен өсіріп, артынан кептірген астық тұқымдастар дәндерінен жасалған өнім. Оларда ашытқылар жақсы ашытатын жәй қанттар көп болады. Солодты негізінен арпа дәндерінен жасайды.
Таксон- кейбір химиялық элементтердің, қосындылардың және тіршілік заттектерінің организмдерге (адамға, жануарларға, өсімдіктерге, тағы басқа) зиянды әсер ету қабілеті
Тетрациклин- кең ауқымда қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді ішу керек, өйткені ол еккендегіден гөрі жақсырақ әсер етеді және бұлай қолдану қолайлы да. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. т.), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді. Жай инфекциялық ауруларды бұл пенициллин мен сульфаттарға қарағанда оншалықты тез жазбайды. Оның үстіне бұлармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат турады. Бұл дәріні шектеулі түрде ғана қолданған жөн.
Титр - биогенді заттардың арнайы реакция құра алатын ең аз мөлшері. Вирусологияда кебінесе антидене және антиген титр анықталады. Антидене Титр сәйкес стандартты антигенмен КБР, ВБР, ГАТР, ТГАР т. б. реакцияларда байланысу күшін сақтаған ең көп сұйытылған иммунды қан сарысуындағы мөлшері. Антиген (вирус) Титр әртүрлі биологиялық белсенділік бірлігімен есептеледі. Олар агглютинациялаушы (АБ), таңба құрушы (БҚБ), инфекциялы (ИД50), торша улаушы (ТЦДБО) бірліктері. Бұлардың бәрі арнайы әдістерден табылады.
есептеу титрлеуді эквивалентті нүктеге дейін жүргізуге негізделген
Транзиция - нуклеин кышқылындағы азот негіздерініц алмасуынан туатын мутация. Транзицияда бір пурин негізі екінші пурин негізімен, бір пиримидин екінші пиримидин негізімен алмасады.
Трансверсия - пурин негізі пиримидин негізімен алмасуынан туатын мутация.
Трансдукция (лат. transductіo – орын алмастыру) – генетикалық материалдың бір бактериядан (донор) екіншісіне (реципиент) бактериофагтардың көмегімен тасымалдануы. Бұл клетканың тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өзгеруіне себеп болады. Трансдукцияны 1952 жылы америкалық ғалымдар Дж. Ледерберг және Н.Циндер ``Salmonellа typhіmurіum`` бактериясының кейбір штаммдарында белгілердің тұқым қуалауындағы өзгерістердің себебін талдауда ашқан.
Трипсин- асқазан безінің ферменті -белоктарды амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Шіріген ұлпаларды, ұйыған қаиды, бездердің шығаратын қою затын жібітеді. Қабыну процесін басады. Бұл ферменттің қасиеті периодонтитті электрофорез әдісімен емдегенде, яғни тіс түбіріне тұрақты ток арқылы бағыттағанда байқалады. Тіс каналын микробтан және жұмсарған дентин қалдықтарынан арылтып, периодонтит бетін қайтарады. Трипсин - протеолиттік фермент. Өте таңдамалы қызмет атқарады. Негізгі амин-қышқылдарыныц (лизин, аргинин) арасындагы байланысты ыдыратады. Белоктардың бірінші сатылы құрылымын зерттеуде және белоктар мен нуклеопротеидтерді беліп алу үшін- кеңінен қолданылады. Қызметіне ыңгайлы рН-7,8-8,0. Вирусологияда тканьдарды езіп торшалар өсіндісін алу және оларды шыны бетінен сылу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |