Медбиофизика және информатика кафедрасы ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырыбы


Сұраулармен жұмыс Сұраулар: бұл не және қалай жұмыс істейді



бет3/10
Дата15.02.2024
өлшемі396.63 Kb.
#492072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
тема 12 каз access

Сұраулармен жұмыс

Сұраулар: бұл не және қалай жұмыс істейді


Сұраулар мәліметтерді түрлі әдістермен қарап шығу, өзгерту және талдау үшін қолданады. Сұрауларды сонымен қатар формалардың, есептердің және мәліметтерге қатынау беттерінің жазбаларына қайнар ретінде қолдануға болады.
Microsoft Access-те түрлі сұраулар құруға болады: таңдау сұрауы, параметрлері бар сұраулар, қиылысқан сұрау және өзгерту сұрауы.

Таңдау сұраулары және оларды қолдану


Таңдау сұрауы сұраудың ең жиі қолданатын түрі. Бұл типті сұраулар бір немесе бірнеше кесте мәліметтерін қайтарады және оларды кестелер түрінде көрсетеді, оның ішіндегі жазбаларды жаңартуға болады (кейбір шектеулермен). Таңдау сұрауларын жазбаларды топтауға, суммаларды, орташа мәндерді есептеуге, қорытынды мәндердің басқа жазбаларын табуға қолдануға болады.

Параметрлері бар сұраулар


Параметрлері бар сұраулар — бұл орындау кезінде өзінің диалогтық терезесінде мәліметтер енгізуге шақыруы шығатын сұрау, мысалы, қріске кірістірілетін жазбаны не мәнді қайтару шарты. Мәліметтердің бірнеше бірлігін енгізуге шақыруды шығаратын сұрау құрастыруға болады, мысалы, екі дата. Сосын Microsoft Access осы екі дата арасындағы интервалға келетін жазбаларды қайтара алады.
Параметрлері бар сұрауларды формалар, есептер және мәліметтерге қатынау беттерінің негізі ретінде қолдану ыңғайлы. Мысалы, параметрлері бар сұраудың негізінде табыстар туралы айлық есеп құруға болады. Осы есепті басу кезінде Microsoft Access экранға табысы есептелуі қажет айды енгізу туралы шақыруды шығарады. Айды енгізген соң Microsoft Access сәйкес есепті баспаға шығарады.
Сұрау параметрлерін енгізу үшін параметрлері бар сұраудың диалогтық терезесінің орнына арнайы форма немесе диалогтық терезе құруға болады.

Қиылысқан сұраулар және оларды қолдану


Қиылысқан сұрауда кестенің бір өрісінің мәліметтері бойынша орындалған статистикалық есептеулер нәтижелері көрсетіледі (сумма, жазба саны және орташа мән). бұл нәтижелер мәліметтердің екі жиынтығы бойынша топталады, біріншісі – кестенің сол дақ бағанында, екіншісі – жоғарғы жолында орналасқан.
Кеңес. Қиылысқан кесте мәліметтерін мәліметтер базасында жеке сұрау құрмай да шығаруға болады — не формадағы жиынтық кестелер мастерінің көмегімен, не мәліметтерге қатынау бетінде жиынтық тізім құру арқылы. Жиынтық форма не жиынтық тізім қолдану кезінде мәліметтерді түрлі жақтардан талдау үшін қажеттілігіне қарай жолдар мен бағандардың тақырыптарын өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет