БАТЫС ТҮРІК
Батыс түрік Мұқан қағанның ұлы Төременнен басталады.
Ышбарамен араздасуына байланысты екіге айрылған елдің бір бөлігі
біртіндеп күшейді. Шығыста Түкенге тірелді, батыста Алтынтаудан
əрі асты, Күсəн, Телек, И-уға дейінгі жəне жалпы Батыс өңірдегі
хулар соған қарады. Төремен Чориғаға тұтқын болғаннан кейін, елі
оның орнына Янсұқ тегіннің ұлын таққа отырғызып, оны Нири қаған
деп атады. Ол өлгеннен кейін орнына оның баласы Тарман Нікіт Чори
қаған деген лауазыммен таққа отырды. Мұның шешесі Шяң бике
Кіндік қағанаттың қызы еді. Тарман дүниеге келгенде Нири қайтыс
болды да, Шяң бике қайнысы Бəжет тегінге тұрмысқа шықты. (Уынди
130
131
заманы) кəйхуаңның соңғы жылдарында Бəжет Шяң бике мен бірге
сарайға қол тапсыра келді де, Тарду бұлғағына байланысты астанада
бөгеліп, Мəмілелік идарасында тұрып қалды. Чори қаған тұрақты
қоныс етпесе де, бұрынғы Үйсін жерінде ұзағырақ мекендеді. Ол екі
кіші қаған тағайындап, елін бөліп басқартты. Оның бірі Шаш елінің
солтүстігінде тұрып, барлық ху мемлекеттерін басқарды. Ал оның
енді бірі Күсəннің теріскейінде Йыңса деген жерде тұрды. Мемлекет
ісін басқаруға елтебер, янғұнда дейтін ұлықтар жауаптандырылды.
Қалғаны Шығыс мемлекетінікімен бірдей болды. Олар əр 8 мамырда
бүкіл ел-жұртымен Тəңірге тасаттық беретін. Жыл сайын жоғары
лауазымды ұлықтары кезінде ата-бабалары мекен тұтқан үңгірге
барып əруақтарға құрбандық шалып қайтатын еді.
(Яңди заманы) да-йеның алғашқы жылдарында Чори қаған ел
билеуде дəрменсіздік жасап, ұлысының бір қауымы мұнан бет
бұрды. Телектермен арадағы қақтығыстарда олардан көбінесе
жеңіліп қалды. Осы кезде сарай жанауылы Пей Жюй Дахатада Батыс
өңірден келгендермен əңгімелесіп, Чори қағанның елінің бөлініп
жатқанын, оның үстіне қағанның анасын сағынып жүргенін естіді де,
мұны түгел патшаға мəлімдеді. Яңди патша сарай жарлауылы Цүй
Жюнсуды Чори қағанға сəлемін жеткізіп, жарлықнаманы тапсыруға
жіберді. Чори қаған жарлықнаманы қабылдарда орнынан тұрғысы
келмей кермалданды. (Цүй) Жюнсу Чори қағанға: «Түрік əуелде бір
мемлекет еді. Қазір бір-бірімен жауласқан екі мемлекетке айналды.
Əр жылы соғысып, араларыңыздағы жанжал он неше жылға созылса
да, бір-бірлеріңізді жоя алмадыңыздар. Мұнан Қымын мен Чори
ұлыстарының шама-шарқының деңгейлес екенін айқын аңғаруға
болады. Қазір Қымын өз ұлысын бастап миллионға жуық жасағымен
Көктің ұлына бодан болды. Содан бері адал қызмет атқарып келеді.
Осының бəрі не үшін? Ол билік тізгінінің жеке өзінің қолына
тимегеніне кінəлі деп қаған сізге кектенулі. Сондықтан Хəн əскерінен
көмек аламын ба деген үмітпен Көктің ұлына беріліп қызмет етуге
мойынсал болды. Ол қазір екі ірі елдің күшін біріктіріп, қаған, сізге
жорық жасауды тіленіп отыр. Сарайдағы ұлықтар мен қарашалар
(патшадан) рұқсатыңызды беріңіз деп талап етуде. Көктің ұлы көптің
тілегіне қайшы келе қоймайды. Зор қосынның жорық жасар күні
тым алыс емес. Қаған, сіздің анаңыз Шяң бике Кіндік қағанаттың
қызы болғандықтан, астанаға қайтып барған. Қазір сарай жанындағы
қонақ үйде тұрып жатыр. Ол кісі көктің ұлының жарлығын естіп,
қағанатыңыздың жойылуынан қорықты. Ертелі-кеш қайғырып,
сарай қақпасының алдына барып көз жасын көлдетті. Көктің ұлы
ол кісіні аяп, райынан қайтты. Шяң бике аяғына жығылып, Көктің
ұлынан, қаған, сізге берілуге жағдай жасап елші жіберуді, рақым етіп
Қымынмен бірдей құрмет көрсетуін сұрады. Көктің ұлы ол кісінің
тілегін қабыл алып, осында елші етіп мені жіберді. Егер өзіңізді
бодан атап, жарлықнаманы тағзым етіп қабылдасаңыз, мемлекетіңіз
мəңгі тыныштықта болады. Анаңыз қалған жасын рақатта өткізеді.
Егер басқаша болса, онда анаңыз Шяң бике Көктің ұлын алдаған
болып есептелінеді де, жазаға тартылады. Басы кесіліп, ордаңызға
əкелінеді. Ұлы Сүй патшалығының əскері солтүстік əрмене жасағы-
мен əруақтанып, екі бүйірден келіп соққыласа, қағанның қаза саға-
тын мөлшерлеу қиын емес. Екі мəрте тағзым жасаудан аянамын деп
аяулы анаңызды өлімге байлап берудің, бодансыз деген бір ауыз сөзді
айтпаймын деп Ғұн қағанатының кебін киюдің қажеті бар ма?» –
деді. Бұл сөздерді естіген Чори орнынан ұшып тұрды. Сонан көзіне
жас алып, екі мəрте тағзым жасап, тізесін бүгіп патша жарлығын
қабылдады. (Цүй) Жюнсу Чориға тағы да былай деді: «Қымын
берілген кезде марқұм патша оны марапаттап, аса жомарттықпен
сыйлады. Сондықтан оның əскері күшейіп, мемлекеті байыды. Қазір,
Қаған, Сіз бізге берілу жағында онан кейін қалып отырсыз. Енді
патша алдындағы қадіріңізді онан асырамын десеңіз, сіз қалайда
Көктің ұлының көңілін табатын бір істі тындырып, адалдығыңызды
айғақтап шығуыңыз лазым. Жол алыстығы себепті өзіңіздің сарайға
қол тапсыра баруға мүмкіндігіңіз болмай отыр. Сондықтан бодандық
құлқыңызды əйгілеу тұрғысынан бір еңбек сіңіргеніңіз жөн шығар».
«Сонда қалай?» – деді Чори. (Цүй) Жюнсу: «Тұйғұндар Қымынның
кіші ұлы Бағадұр шадқа нағашы келуші еді. Қазір Көктің ұлы Мейірлі
ханшаны Қымынға қосты. Көктің ұлының қаһарынан именген Қымын
тұйғұндармен байланысын үзді. Сондықтан тұйғұндар хəндіктерге
жауығып тарту жəне көпшір беруді доғарды. Егер, қаған, сіз соларды
жазалауға аттанайын десеңіз, Көктің ұлының рұқсат етуінде күмəн
жоқ. Егер хəндіктер ішкергі жақтан, қаған, сіз сырт тараптан соққы
берсеңіздер, оларды қалайда тас-талқан етесіздер. Осыдан кейін
сарайға қол тапсырып барамын десеңіз, жолыңызда бөгет болмайды.
Сонымен бірге қарт анаңызбен де дидарласа аласыз. Мұның өзі
табылған ақыл емес пе?» – деп үгіттеді. Чори бұған қатты қуанды.
Осылайша тарту-таралғымен сарайға елшілерін жіберді.
Патша батыс аймақтарды көзімен көрмек болды. 6 жылы (610)
патшамен Дадоуба аңғарында кезігетіндігі туралы жарлықты алып,
Чориды шақырып келуге жандама төреші Уей Же жіберілді. Бірақ
ордадағылар қабылдамаған соң, Чори елшінің алдында кешірім
сұрап, басқа сылтаумен патшамен кездесуден бас тартты. Бұған патша
қатты ашуланды. Бірақ оған істер амалы жоқ еді. Осы кезде ұлыс бегі
Шағыр патшалықтың қызын айттыруға жаушы жіберді. Пей Жюй осы
іс жөніндегі датнамасында: «Чори өз елінің күшіне сеніп, сарайға қол
тапсырмай отыр. Пақырыңыз оларды амалмен əлсіретуді тілек етеді.
Мемлекетін бөлшектей алсақ, сонда оларды оңай бағындырар едік.
Шағыр – Түріктің баласы, Тардудың немересі. Арғы аталарынан қаған
болып батыс тарапты басқарған. Естуімше, қазір ол сол қызметінен
айырылып, Чориға тəуелді болған көрінеді. Осы себептен де одақ
жəрдеміне зəру болып, бізге елшісін жіберіп отыр. Соның үшін
132
133
оның елшісін ерекше құрметпен қабылдап, Шағырды тай қаған деп
бекіткеніңіз ақыл болар еді. Сонда түріктердің күші екіге бөлінеді де,
екеуі де бізге бағынады», – деді. Оған патша: «Бұл айтқандарың көкейге
қонады», – деді. Осыған орай ол Пей Жюйды ертелі-кеш қонақүйге
жіберіп, емеурінін елшіге тұспалдай аңғартты. Сонан патша елшіні
Рынфыңдян сарайында қабылдап, оған Чоридың бағынбай жүргенін
ескерте отырып, Шағырдың ізгі көңілі үшін оны тай қаған етіп
тағайындайтындығын айтты əрі Чориға жазалау жорығын жасауды
бұйыратындығын, қыз беру ісі сосын шешілетіндігін айтты. Соңынан
патша Шағырға берген сыйым деп ақ қанатты бамбук жебені алды
да, елшіге: «Бұл іс осы ұшқыр жебедей неғұрлым шапшаң бітетін
болсын», – деді. Елшінің қайтарда Чоридың жерімен жүруіне тура
келді. Жебеге қызығып, оны алып қалғысы келген Чоридан елші
айласын асырып құтылды. Шағыр бұл хабарға төтенше қуанды. Сонан
Чориға əскерімен барып тұтқиыл шабуылдады. Ойсырай жеңілген
Чори бала-шағаларына да қарай алмай, маңындағы нөкерлерін ғана
алып, бірнеше мың əскермен шығысқа қарай қашты. Бірақ жолда
талауға түсіп, Гаучаңға қашып барды да, Шырамана тауына бекінді.
Гаучаң ханы Чюй Бо-я мұны патшаға мəлімдеді. Патша Пей Жюйға
қажетті нөкерлермен Шяң бикені алып, Юймынгуандағы Жинчаң
қамалына шұғыл аттануға бұйырды. Пей Жюй Шяң бикенің атынан
оған адам жіберіп, сарайдың кешірімділік ниетін жеткізіп, ақыл-
насихат айтқызды. Осыдан кейін ол сарайға келді. Бірақ мұнда көбіне
көңілсіз жүрді.
7 жылдың (611) қысында Чори Линшо сарайында патшаның
қабылдауында болды. Оған қонақасы берілді. Чори тағзым етіп,
алғысын былай білдірді: «Батыстағы иеліктерді билеймін деп сізге
ертерек амандаса алмадым. Өте кеш зиярат еткеніме өзімді үлкен
айыпты санаймын. Қазір бойымды қорқыныш жеңіп, көңілімдегі
сөзімді де айта алмай тұрмын». Бұған патша: «Бұрынғы кезде түріктер
өзара қырқысып, бейбіт өмір кеше алмады. Қазір төрт төңірегімізге
тыныштық орнап, бір үйлі жандай берекелесіп отырмыз. Мен олардың
табиғатына сəйкес бəрін сақтап, бағып-қағуды қалаймын. Мысалы,
аспанда Күн жалғыз нұрын төгеді. Соған бəрі тыныштықта. Егер Күн
екеу не үшеу болса, күллі тіршілік қалай тыныш таппақ? Чоридың
бұрын жұмысбасты болып дидарласуға келе алмағанын білемін. Бүгін
болса да Чориды қасымнан көріп шын көңілден қуанып отырмын.
Чори да көңілсіздіктен арылып, осындай жадырап отырсын», – деді.
Келесі жылы жаңа жыл байланысымен патшаны құттықтап тост
көтерген Чори: «Аспан астындағы, жер үстіндегі Күнмен, Аймен
нұрланған мына əлемде əулие затты қаған сіз дің мың-мың жасап,
мəңгі бүгінгідей саламат тұруыңызды тілеймін», – деді. Патша оның
қол астындағылардан түмен шақты кəрі-құртаң адамды алып қалып,
інісі Тарду күлдің басшылығында Хүйниң аймағында мал өсіруге
бұйырды.
Чори Корейге қарсы жорыққа патшамен бірге аттанды, оған
Қарсана қаған деген атақ жəне мол сыйлық берілді. 10 жылдың
(614) басқы айында оған Опагер ханшаны қосып, 1000 қамқа тон, 10
мың топ түрлі жібек кездеме сыйлады. Патша оған бұрынғы иелігін
алып бергісі келіп еді. Бірақ оған Ляудұң соғысы кедергі жасады.
Сонан патша жер-жерді өз көзімен көргенде оның қасында болды.
Жяңдудағы бүліншілік кезінде (Юйуын) Хуажиға ілесіп, Сарыөзеннің
солтүстігіне барды. Хуажи жеңілуге айналғанда, ол астанаға қайта
қашып келді. Кейінірек Теріскей түріктердің қолынан қаза тапты.
ТЕЛЕК
Телектің арғы аталары – ғұндардың ұрпағы. Олардың түрі орасан
көп, Батыс теңіздің шығыс жағалауынан бергі тау мен сай-саланың
бəрінен бұларды кезіктіруге болады. Толға кешуінің солтүстігінде
бұқыт, тоңра, ұйғыр, байырқы, бұғра ұлыстары тұрады да, ағаманын
іркін дейді. Мүңден, танағыр, сегет, ғұн, қоқсыр деген арыстардың
соғысқа жарайтын адамы 20 мыңдай. И-удың батысы мен Агнидың
солтүстігінде Ақтауды қапталдай қыбыт, бұлақшық, едер, сұба,
нағат, оғыз, қырғұр, ядыр, йүрегірлер отырады. Бұлардың соғысқа
жарайтын адамы 20 мыңдай. Алтынтаудың батыс күнгейінде сір-
енда, таринақ, зыбан, дарқыттар мекендейді. Бұлар да жорыққа 10
мыңдай адам аттандыра алады. Каң елінің солтүстігіндегі Еділ
өзенінің бойын едіз, ғажар, барғұт, биған, қоқы, қабыш, ғажасу,
баямыт-кердерлер мекендейді. Бұлар да жорыққа 30 мыңдай əскер
шығара алады. Теңіз көлінің шығыс жəне батыс жағалауында
салар қият, үш сақын, марсұқ, сақырлар отырады. Бұларда да сегіз
мыңдай (жасақ) бар. Пұрұмның шығысында ұңғұт, алан, печенек-
құла, барғұндар мекендейді. Бұларда 20 мың дай жан бар. Солтүстік
теңіздің күнгейінде тыбалар тұрады. Ұлыс аты əр түрлі болғанымен,
бұлардың бəрі жалпы телек деп аталады. Бəрінің үстінен қарап
отырған билеушісі жоқ. Сондықтан Шығыс түрік пен Батыс түрікке
бөлініп қарайды. Тұрақты қонысы жоқ. Өріс пен суат тың жағдайына
қарай көшіп жүреді. Табиғаттарынан рақымсыз, қатыгез. Атқа мықты
əрі шетінен мерген. Өте дүниеқор, қарақшылықпен күн кешіреді.
Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен де айналысады. Мүйізді ірі
қараны, қойды көп, жылқыны аз өсіреді. Түрік қағанаты құрылғаннан
кейін олар жорықтарға қызметке алынып, сол арқылы солтүстіктегі
иен жерлер иеліктеріне өтті.
Кəйхуаңның соңғы жылдарында Жин ханы (Яң) Гуаң солтүстікке
жорық жасап, Қымынмен одақтасып, Бөке қағанды талқандады. Осы-
лайша телектер тарыдай шашылды. Да-йеның 1 жылы (605) Түрік
Чори қаған Телектің ұлыстарын шауып, олардың мал-мүлкін қи
сыпырып жиып алды. Сір-енда сияқты ұлыстардың ел ағаларынан
134
135
бірнеше жүз адамды бүлік шығарар деген қауіппен түгел қырып
тастады. Сондықтан олар бір мезгілде көтеріліс жасап,Чоридың
үстемдігіне қарсы қимыл көрсетті əрі елтебер, іркін Қыбыт Қалынды
Емучін Баға қаған етіп, Тамған тауына орда тікті. Сір-енданың іркіні
Зядырды кіші қаған етіп көтерді. Чори жеңіліс тапқаннан кейін Баға
қағанның ықпалы тіпті күшейді. Баға қаған ержүрек, батыр адам
еді. Халқы оны қатты қолдады. Көршілес елдер де онан бой тартып
қайбырттады. И-у, Гаучаң, Ангилар оған бағынды.
Телектердің тұрмыс салты үлкен жақтан түріктермен бірдей.
Алғаш некеленгенде күйеу қайын жұртының үйінде тұрады. Сонан
бала сүйіп, ол бала омыраудан шыққан соң ғана өз жұртына оралады.
Өлген адамды қабірге жерлейді. Олардың айырмашылығы – міне, осы.
(Яңди заманы) да-йеның 3 жылы (607) олар сарайға жергілікті бағалы
бұйымдармен елші жіберді. Сонан былай сондай тарту-таралғыларын
үзбей жіберіп тұрды.
ÑÎËÒ×ÑÒ²Ê
¶ÓËÅÒÒÅÐ ÒÀÐÈÕÛ
136
137
ТҰЙҒҰН
Тұйғұн асылында Ляудұңдағы сянбилерден шыққан тухылық
Запгүй деген кісінің баласы еді. Запгүйдің тағы бір аты Елаған болатын.
Оның екі ұлы болды. Тоқалының тұңғышы Тұйғұн еді. Кішісінің аты
Нағрағи еді. Запгүй көз жұмған соң, ұлыстың билік тізгінін Нағрағи
қолына алды. Мурұң деген, міне, осы адам еді. Запгүй көзінің
тірісінде Тұйғұнға 700 түтін бөліп, екі ұлысты Нағрағиға берген
еді. Екі ауылдың айғырлары таласып, бірін-бірі жаралады да, бұған
атырынған Нағрағи тұйғұнға кісі салып: «Марқұм əкей еншімізді
берген. Ағамыздың өз алдына иелігі де бар. Жылқыларды таластырып
қойғанша неге ауаша отырмайды?» – деді. Тұйғұн оған: «Жылқы малы
өрісте жайылады, суатқа түседі. Алғашқы көкке тойғанда осылай
таласады да. Айғырлар шайнасты деп ашу шақырған ініме айта бар!
Айырылысу өте оңай. Қазір-ақ көз көрмес, құлақ естімес қиырға
көшемін», – деді. Нағрағи өкініп, кешірім сұрауға ауыл ақсақалы,
зұрған Сеналыны жіберді. Тұйғұн оған: «Арғы аталары мыз елауадан
Ляухының батысында жұрт сұрап, халыққа көп жақсылық жасаған
екен. Марқұм əкейдің көзінің тірісінде бір сəуегей: «Екі балаң бар екен,
бақытты өмір кешірер, бірақ үрім-бұтағы жан-жаққа тарар», – депті.
Мен мəртебесіз тоқалдың баласымын. Үлкенмін деп иық теңестіруге
əддім жоқ. Інімнің мына жылқы үшін шақарлануының өзі де құдай ісі
шығар. Сіздер жылқыларды шығысқа айдаңыздар. Шығыс жақтан кері
қайтса, мен жылқыма ілесейін», – деді. Бақташыларға жылқыларды
кері қайтарып айдауға бұйрық берілді. 100 шақты қадам жерге барған
соң, жылқы біткен дауысы жер жара, жалт беріп батысқа дүркірей
жөнелді. Он неше мəрте қиқулап айдаса да, қайыру бермеді. Əбден
мысы құрыған Сеналы жүгініп отыра кетті де: «Қаған, мынау кісінің
қолынан келетін іс емес қой!» – деді. Тұйғұн өз ел-жұртына: «Інімнің
өзі де, балалары мен немерелері де дəурендер. Бастарындағы бақ
ұлдарының шөбере-шөпшектеріне дейін 100 шақты жыл баяндар; ал
менің ұрпағымның дəріп-даңқы шөпшектерімнің тұсына барғанда
артар», – деді. Осылайша батысқа ауып, Барқынтауды сағалады.
Кейінірек Лұң жеріне жылжыды. Нағрағи тұйғұнды сағынып
«Ағуакем» (ағакем) деген əн шығарды. Тухы ағасын «Ағуа» деуші
еді. Кейінгі əулеті (қағандық) атақ алғанда осы əннің əуені дəріптеу
музыкасы ретінде ойналатын болды...
Бұғленті өлді, орнына баласы Қола таққа отырды. Ол өзін
қаған деп жариялап, Көккөлдің батысында 15 лидей жердегі Бұқса
қамалында тұрды. Қаласы болса да, көбіне күмбез шатырды үй етіп,
судың тұнығына, шөптің шүйгініне қарай көшіп малшылықпен
шұғылданды. Иелігі шығысы мен батысы 3000 ли, оңтүстігі мен
солтүстігі мың шақты ли келетін аумақты қамтыды. Ұлықтар хан,
сұлтан, атарман, санат, басқауыл жəне сеңүн деген аттармен аталды.
Қоланың балға пішіндес етіп түйген, қауырсын тағылған əдемі
маржанды айдары бар еді. Ол басына қара мақпалдан кепеш киді.
Зерленген арыстан бөстекті сəкіде отырды. Зайыбына əз ана деген
атақ берді. Зайыбы түрлі түсті торғыннан көйлек киіп, иығына қамқа
тон жамылып, шашын бұрымдап өріп арқасына салып жүрді, басына
алтын тəті киді.
Олардың салты: ерлерінің киім-кешегі хуашялықтармен барандас,
көбіне бастарына патсайыдан жыға киеді, жібектен кепеш киетіндері де
кезігеді. Əйелдер інжу-маржан тағынып, шашын буғанды дегдарлыққа
балайды. Қару-жарақтан садақ, қылыш, сауыт, найза бар. Ел ретінде
тұрақты алым-салық алынбайды. Қажет кезінде қазына бай-бардамдар
мен саудагерлерден жиналған салық есебінен толықтырылады.
Олардың жаза заңында: кісі өлтіргендер, ат ұрлағандар өлімге
бұйырылады. Басқа қылмысқа заттай айып төлетіледі. Ісінің ауыр-
жеңіліне қарай дүреге де жығады. Өлім жазасына бұйырылғандарды
басы-көзін киізбен тұмшалап тастап, биікте тұрып таспен атқылайды.
Əкесі, ағасы өлсе, өгей шешелеріне, жеңгелеріне үйлене береді. Бұл
жақтағы əдеті түріктермен бірдей. Некеге отырғанда, қалыңмалын
төлей алмаған кедейлер қалыңдығын ұрлап алып қашады. Мəйітті
түгел (көміп) жерлейді. Қаралы киімдерін жерлеу салты өткен соң
шешіп тастайды. Табиғаты – қанағатсыз, жауыз. Саят құруға əуес, ет
пен мал сүмесінін қорек етеді. Егін салуды да біледі. Жерінде арпа,
қонақ, бұршақ шығады. Бірақ солтүстік аймақтарында, климаты суық
келетіндіктен, шалқан, арпа ғана өседі. Сондықтан халқында кедейлер
көп, ауқаттылар аз болады...
Фейди жылнамасының 2 жылы Жоу уын қалың қолмен Қазаңға
келді. Мұнан сескенген Қола сарайға кісі салып, жергілікті өнімдерін
сыйға тартты. Сол жылы Қола чилықтарға да елші жіберді. Ляңжоу
дуанбасы Шы Ниң өз дуанының Батыс өңіріндегі Қызыл тұма деген
жерде оның қайтар жолын аңдып тұрып тұтқиылдан шабуылдады да,
атарманы Қыбүктозанды, сеңүні Жəйпəнмиі жəне 240 ху саудагерін
тұтқындап, алты жүздей түйе мен қашыр, 10 мыңдаған топ түрлі түсті
жібек кездеме олжалады. Ғұңди жылнамасының 3 жылы (566) Шы
Ниң Түрік Мұқан қағанмен тізе қоса отырып Қолаға тағы шабуылдап,
оны талқандады, бала-шағасын тұтқынға алды, бағалы мүліктері мен
əр түлік малын олжалады. (Солтүстік Жоу əулеті Миңди заманы)
учыңның басқы кезінде (559) Қола Ляңжоуға тағы арандату жүргізді.
Дуанбасы Шы Юнбау соғыста мерт болды. Хылан Шяң, Юйуын
Гүйлар қол бастап жазалау жорығына аттанды. Қола Гуаңдиң ханы
мен Жұңлю ханын қарсы қойды. Хылан Шяңдар оларды талқандады.
Гуаңдиң хандар қашып кетті. Артынша олардың Жауяң, Хұңхы
деген қамалдарын алып, Таужоу дуанын құрғаннан кейін қосын
кері қайтты. (Жоу Уди заманы) баудиң жылдарында (561–565) Қола
ілгерінді-кейінді үш əулет бойы сарайға жергілікті өнімдерінен тарту
тартты. Тянхының алғашқы жылы (566) оның Лұңхы ханы Бақтан
138
139
ел-жұртымен бағынды. Оның жерінде Фужоу дуаны құрылды. Келесі
жылы мамырда сарайға тағы да елші салып, таралғы тартты.
НӨНЕ
Нөненің науғысы Ұғыра еді. Шынюан патшаның соңғы жылындағы
ат ойнатқан шапқыншылықта тұтқын болған бір құл болды, оның
шашы қасымен бірдей еді. Аты-заты белгісіз болған соң, қожасы оны
«Мұқыра» атандырды. Мұқыра деген сөз қыр бас деген мағына берер
еді. «Мұқыра» мен «Ұғыра» айтылуда үндес болғандықтан, оның
кейінгі ұрпақтары мұны ру атамасы ретінде қолданып кетті. Мұқыра
ержете құлдықтан босатылып, атты əскер болды. Му-ди патшаның
тұсындағы бір жорықта кешіккені үшін ол өлімге бұйырылды. Сонан
қашып иендегі бір бытқылға паналады. Осында ол өзі сияқты əр
түрлі себеппен қашып-пысқан 100 шақты адамның басын біріктіріп,
қауым ретінде түнтүлендерге қосылды. Кейінірек Мұқыра өлді.
Оның баласы Қалған да жаужүрек мықты жігіт еді. Ол өз алдына
жұрт сұрап, елін Нөнен атандырды. Кейінірек Тəй-у патша олардың
мұндыз-түлейлігін, құрт зəліттес зиянкестігін есепке алып, Нөнеге
өзгерткізді. Қалған өз жұртының екі тізгін, бір шылбырын қолға
алғаннан кейін сарайға жылма-жыл көпшір ретінде жылқы жəне
қама-ұлпандарды жіберіп тұрды. Елі Дешті құмның күнгейін қыстап,
солтүстігін жайлады. Қалған өлгеннен кейін оның баласы Танағұй
таққа отырды. Ал Танағұй өлген соң, тағына оның ұлы Бати келді.
Бати өлген соң, оның баласы Дасуған таққа отырды.
Дасуған өлгеннен кейін оның елі екіге бөлінді де, үлкен ұлы
Пиқыбат əке мұрагері болып, шығыс жақты сұрады; екінші ұлы Онғыт
өз алдына батыс жақты биледі. Жаучың патша дүниеден көшкеннен
кейін Онғыт Уейчынға бағынды да, Уей патшалығына опасыздық
жасады. Уей (Дау-уди заманы) дыңго жылдарында (386–395) оларға
жазалау жорығы жасалды. Нөнелер үрікті. Жорықшылар оларды
Дешті құмдағы Нымсан тауының етегінде қуып жетіп, талқандады.
Тең жартысы тұтқын болды. Пиқыбат пен ұлыс бек Үкек тозған ел-
жұртын жинап алып, екі бағытпен қашты. Оларды қууға жіберілген
Жаңсүн Хау мен Жаңсүн Фей Дешті құмнан өтіп, адамдарын бөлді.
Жаңсүн Хаудың адамдары Пиңуаң өлкесінде Үкектің жасағын
талқандады, оның өзін тұтқындап басын алды. Ол бүкіл ел-жұртымен
тізе бүкті. Жорықшылар Онғыттың баласы Қатағанды жəне сол
Қатағанның аға-бауырлары Көгіш, Залын, Құқриларды, сондай-
ақ басқа да жекжат-жұраты болып жүздеген адамды қолға түсіріп,
оларды əкеп ұлыс-ұлысқа үлестірді. Онғыт Уейчынға бағынбақшы
болып батыс жаққа қашып еді. Дау-у патша оны Барна тауына дейін
қуып барып, берілуге қайта мəжбүрледі. Десе де Дау-у патша оларға
бұрынғысынша кешіріммен қарады.
9 жылы Қатаған мен Залын əкелерінен бөлініп, өз ел-жұртымен
батысқа кетті. Оларды жеңіл атты əскермен қуған Жаңсүн Фей
Шаңжюн аймағындағы Барна тауында Қатағанды өлтіріп, халқын
түгел қырып тастады. Залын бастаған біраз адамдар Пиқыбатқа
жөнелді. Пиқыбат оларды оңтүстік шекараға, өз ордасынан 500 ли
қашыққа орналастырды да, өзінің төрт ұлына аңдытып қойды. Көп
ұзамай Залын өз сыбайластарын бастап Пиқыбаттың төрт ұлын ұстап
алды да, былайғы жерде Пиқыбаттың өзіне опасыздықпен тап берді.
(Пиқыбаттың) басқа балалары қалған ел-жұртымен қаңғаның Құқри
тайпасына барып паналады. Залын қатты залым, айлакер кісі еді.
Ол бəрінің басы бір жерге жиналғанда түгел жайрату мақсатында
бір айдан кейін Пиқыбатты босатты, балаларын да қайтарды. Сонан
Пиқыбатқа жасырын əскер аттандырып, оны өлтірді, Пиқыбаттың
балалары Кебіт, Нағыт – барлығы 15 адам Дау-у патшаға берілді.
Пиқыбатты өлтірген Залын патшаның қалың қолы жазалар деген
қауіппен Уюанның батыс жағындағы ұлыстарды шауып, Дешті құм
арқылы солтүстікке ауды. Дау-у патша Кебіт, Нағыттарды қиырды
тыныштандырушы сеңүн, типылдар бек етіп тағайындады. Сол
орайда Залын Яу Шиңмен құда-анда болып алды. Дау-у патша төбет,
сағян ұлыстарына шабуыл жасау үшін машқауыл сеңүн Хы Туды
жіберді. Залын да сағянға көмек ретінде атты жетіттерін жөнелтті.
Бірақ бұларды Хы Ту оңдырмай күйретті.
Залын Дешті құмның солтүстігіне ауып, онда қаңғаларды шауып,
олардың жеріне ішкерілеп кірді. Сонан олардың барлық ұлыстарын
өзіне қаратып алды да, шарайнасы шалқасынан екен дейтін кесірлі
күшке айналып үлгерді. Солтүстікте Науғрақ суға ірге көмгеннен
кейін əскери тəртіп орнатты. 1000 адам бір мыңдық құрады да, оған
бір қолаға тағайындалды, 100 адам бір жүздік болды да, оған бір
жүзер (жүзбасы) тағайындалды. Шабуыл кезінде алда болғандар
сыйлыққа тұтқын жəне олжалар алды. Ал қорқып қашқандар
басын таспен мылжалап өлтірілді немесе табан астында дүреге
жығылды. Оларда жазу болмаған. Қолаға мен жүзерлер сарбаздарын
қойдың құмалағымен түгендейді. Кейін келе ағашты керту жолымен
есептеуді үйренді. Олардың солтүстік-батысында ғұндардың қалған
ұлыстары бай əрі ел ретінде шалқып жатушы еді. Солардың басшысы
Ныбаряғыр Залынға қарсы жорық жасады. Залын Орхон өзені
бойында қарсы майдан ашып, бұларды ойсырата жеңді. Артынша
бұл елді өзіне қаратып алған соң құдіреті тіпті артты. Халқы судың
тұнығына, жайылымның шұрайлылығына қарай көшіп-қонып мал
өсірді. Оның билеп-төстеген аймағы батыста Агниға, шығыста
Чосонға дейін, солтүстігі Дешті құмнан əрі Қаңғайға дейін, оңтүстігі
Маңғар шөлге дейін созылып жатты. Орда кеңесі Дахата, Жаң-
йелердің солтүстігінде өтіп отырды. Олардың арандатушылығының
азабын көп тартқан ұсақ елдер де бұларға бағынды. Осылайша ол
өзіне Додық қаған деген лауазымды қабылдады. Додық деген сөзді
140
141
Уей əулетінің тілінде жяюй-кəйжаң (ел тізгінін ұстанған бастамагер),
қаған деген сөзді Хуаңди (патша) деген сөздермен баламалауға
болады. Нөнелердің салты бойынша елбасы мен уəзірлер мінезіне
жəне қабілетіне қарай Кіндік қағанатта марқұм болған билеушілерге
берілетін атақ сияқты атақ алды. Өлгеннен кейін оларға қайталай
атақ берілмейді. Дау-у патша Цүй Хұң санатқа: “Нөнелер – ежелден-
ақ қалша жандар ғой. Əр жолы тонаушылық жүргізіп кері қайтқанда,
жүкке сиырды жегіп, өгізді бос айдап жүреді. Сонда ұзақ жүріске
шыдамай, сиыры жолда жатып алады. Басқа ұлыстың жүргіншілері
оларға сиырды емес, өгізді жегіңдер деп ақыл айтады. Бірақ нөнелер
«енесі сүйрей алмағанды бұзауы қалай сүйремек» деп, олардың тілін
алмайды. Сөйтіп қуғыншылардың қолына түсіп қалып отырады. Қазір
Залын Кіндік қағанатқа еліктеп заң шығарып, əскери жүйе орнатты.
Енді, міне, шекарадағы алапат апатқа айналып отыр. Тойындардан
“өмірге əулие мен əрекеші бірге келеді” деп естуші едім. Сол рас
екен”, – деді.
[...]
Анагүй өз еліне қайтып барғаннан кейін де сарайға құрметін
білдіріп тұрды. Шяумиң патшадан кейін Түнязыда замын-əлепет
тарап, сыртқы іспен айналысуға мүмкіндік болмай қалды. Сонан
Анагүй солтүстік өңірді тұтас билеп-төстеп, мықтап күшейді.
Бірте-бірте əспенсіп, тиісті құрмет көрсетуді азайтты. Сарайға елші
жіберіп, тарту-таралғы ұсынғанда бұрынғыдай боданмын деп қол
қоюды қойды. (Шяужиңди заманы) тянпиң жылдарынан кейін тіпті
дандайсып кетті. Руяң ханы шян Чинжоу дуанын билеп тұрған кезде
өзінің хатшынайы Солтүстік чидың адамы Чұнюй Тəнды Анагүйға
елші етіп жіберген еді. Ол мұны алып қалып, ішке тартып, маңызды
жұмыстар істетіп жүрді. Анагүй Лояңға келіп қайтқаннан кейін
Кіндік қағанатқа қызығып, ұлықтарды тағайындауда лайықсыз
түрде патшалыққа еліктеді, ордада аға жандар, орда дəйекшісі деген
мансаптар тағайындады. Чұнюй Тəнды келенгір, орда дəйекшісі
етіп, жазып-сызуға қатысты істерді басқартты. Чұнюй Тəн Анагүйға
сарай алдында өзін төмендетпеуге, мемлекеттік жарлықты қабылдау
рəсімінде өзін көрші ел ретінде терезесі тең жағдайда ұстауға ықпал
етумен болды. Чи патшалығы Шығыс уей патшалығынан билікті
алған кезде де жыл бойғы барыс-келіс үзілген жоқ.
(Уыншюанди заманы) тянбаудың 3 жылы (552) Анагүй түріктерден
күйрей жеңіліп, өзін-өзі өлтірді. Оның қалған ұлы Əмірешін,
немере інісі Теңду Елет, Теңдудың ұлы Қады біраз ел-жұртымен Чи
патшалығына қашып барды. Қалған ел-жұрты Теңдудың екінші ұлы
Тебатты қаған сайлады. 4 жылы (553) Чи əулетінің патшасы Уыншюан
Теңдуді жəне оның баласы Қадыны солтүстік аймаққа шығарып
салды. Ұзамай Тебатты қытандар өлтірді. Ел-жұрты Теңдуді қаған
етіп қойды. Бірақ оны Апықты бастаған дегдарлар өлтіріп тастады.
Ел-жұрты оның орнына Қадыны қаған етті. Сол жылы түріктер
тағы да нөнелерге шабуыл жасады. Қады бүкіл елімен Чи əулетіне
қашып барды. Уыншюан патша нөнелерді қабылдап, түріктерге
қарсы солтүстікке жазалау жорығын жасады. Қадыны биліктен
тайдырып, орнына Анагүйдың ұлы Əмірешінді қаған етті. Сөйтіп
оларды Ма-и-чуан маңына орналастырып, азық-түлікпен, торғын-
торқамен қамдады, өзі түріктерді Шофаңға дейін қуды. Түріктер
бағынатындықтарын біл дірді, бұған келісіп кері оралды. Сонан кейін
нөнелер үзбей көпшір тапсырып, тарту-таралғы ұсынып тұрды.
5 жылы (554) наурызда Əмірешін бүлік салды. Уыншюан
патша оған қарсы өзі жазалау жорығын жасап, оның тас-талқанын
шығарды. Əмірешін баласымен бірге солтүстікке қашып кетті.
Сəуірде ол Сыжоуға шабуылдады. Патша оған қарсы Жиняңнан
аттанып, Хыңжоу дуанындағы Хуаңгуадүйға дейін барды, жау жасағы
бытырап тұс-тұсқа қашты, Нөненің сан түмен жасағы кезігіп, оларды
қоршауға алды. Уыншюан патша аспай-саспай жер жағдайына қарай
ұрыс салып, жау тобы былыққан бір орайда қоршауды бұзып шықты.
Сонан амалсыз шегінген жауды қуа соққылады. Жаудың өлігі 25
лидей жерге дейін сай-салаға шашылып жайрап қалды. Əмірешіннің
əйелі, баласы жəне жалпы 30 мыңдай адамы қолға түсті. Мамырда
Уыншюан патша солтүстікке нөнелерге қарсы жорық жасап, оларды
тағы да талқандады. Маусымда нөнелер оңтүстікке шабуылдау
мақсатында бүкіл ұлысы болып шығысқа қарай көшті. Патша оларға
Жинчуан өңірінде жеңіл атты əскермен тосқауылдап соққы бермекке
аттанды. Бұдан хабар алған нөнелер жолай алмай алыс кетті. 6
маусымда Уыншюан патша нөнелерге қарсы жорыққа тағы да өзі
шықты. Шілдеде қосын Ақбелдеуге дамылдап, салығы сонда тастады.
Патша 5 мыңдай жеңіл атты əскерді өзі бастап, борап тұрған оқ пен
тасқа қарамай соғыс салып, нөнелерді талай мəрте ауыр шығындады.
Сонан Уо-йеға дейін барып, көп олжамен оралды.
Осы кезде нөнелер түріктерден бірнеше рет жеңіліс тапты.
Батыс Уей əулетінің патшасы Ғұңдидың 2 жылында (555) олардан
мың шақты түтін қашып, қорғанның бергі жағына өтті. Түріктер өз
күштеріне жəне Батыс Уей əулетімен арадағы достық қатынастарына
сенгендіктен, нөнелердің қалған елі ұлы мемлекеттің көмегіне сүйеніп
тағы да күшейіп кете ме деген қауіппен сан рет елші жіберіп, нөнелерді
бірін қалдырмай қыруын талап етті. Жоу Уын бұған келісімін берді.
Сөйтіп нөнебасыдан құлдай 3000 шақты адамын байлап-матап Түрік
елшісінің қолына тапсырды. (Чаң-əндағы) Чиңмын қақпасының
сыртында бұлардың басы шабылды. Тек кəмелетке толмаған жас
балаларға ғана кешірім жасалып, хан-сұлтандардың үйіне таратып
берілді.
142
143
Достарыңызбен бөлісу: |