100
101
шағыстырып үлгерді. Оның бұл сөзіне сенген патша Уəнсүйды алдына
шақыртты. Сол кезде Уəнсүй бастаған қолбасылар мен əскерден
неше жүз адам еңбектері елеусіз қалғандықтарын айту үшін сарайға
жиылып қалған еді. Уəнсүй оларға: «Бүгін патша ағзамға ерліктеріңізді
баян етемін, іс қалайда шешіледі», – деп патша құзырына келіп
жүгінді. Ол қолбасылар мен əскерлердің ерлігін жəне мұны сарайдың
тұншықтырып отырғанын баяндады. Патшаның тоқтауына көнбей,
өз сөзін өршелене дəріптеді. Бұған шамырқанған патша қасындағы
дүбірлеріне бұйрық беріп, сол жердің өзінде-ақ оның үнін өшіріп жер
жастандырды.
ДУ ЯН
Ду Ян – Юнжұң ауданынан. Əкесі Ду Жян Гы Рұң бүлігінен үркіп,
Бин деген жерге барып қоныстанды. Ду Ян жастайынан ержүрек,
өжет, атқа мықты жəне мерген болып өсті. (Солтүстік) Жоу əулеті
тұсында-ақ мансапты болып, алғашқыда
сол жанақ азнауыр деген
шен алды [...]
Кəйхуаңның алғашқы жылында Дəнжоуға дуанбасы болып та-
ғайындалып, лауазымы сұлтан болып көтерілді. Алты жылдан кейін
сол қол қаһарлы тоқсауыл сеңүн болып ауысты. Чын əулетін тыныш-
тандыру соғысында жорық төбенай ретінде Шин-и сұлтаны Хəн
Чинның қолының өкшесін баса шеру жасады. Сонан Нəнлиңге бар-
ғанда қарақшылардың дария жағасындағы тосқауылына кезікті. Ду
Ян олардың тосқауылын талқандауға санаттас Фəн Зыгəй бастаған
сайлауыт əскерді аттандырды. Бұлар алты жүздей кеме олжалады.
Сонан Сонардариядан өтіп, Нəнлиң қаласына шабуылдады да, оны
алып, Чын əулетінің сол арадағы бекіністі сақтауға жауапты қолбасы
Шюй Жиды тірі қолға түсірді. Осыдан кейін Шинлинге барып, Хəн
Чинның қолымен тоғысты. Чын əулеті тыныштандырылғаннан кейін
Ду Янға 5000 топ түрлі кездеме, 6000 дəн астық сыйлыққа берілді.
Оның үстіне баған болып тағайындалып, баласы Ду Бау-əнға Чаңяң
кіші сұлтаны деген лауазым лайықталды. Гау Жыхүйдың бұлғағы
кезінде Ду Ян тағы да жорық төбенайы
тұрғысынан Яң Судың
қолағалығын да оны жазалауға аттанып, басқа бағытпен Жяңжоудағы
қоршауды бұзды. Гау Жыхүйдың жасағының қалған бөлігімен
топталып алып, қолайлы жылға-үңгірлерге бекініп ұстауға тырысты.
Ду Ян оларға су айдынынан жəне құрлықтан шабуылдап Жиңшəн,
Яңфу, Ро жəне Шыби деген бекіністерді тартып алды да, жаудың
қалған күшін жойып, атамандарын түгел көр құштырды. Соңында
бүлікшілерден Ли То бірер мың адаммен Пыңшəн
тауына бекініп
қарсыласты. Ду Ян оларды да талқандап, Ли Тоның басын сарайға
жіберді. Іле-шала Шюйжоу, Ифың үңгірлеріне шабуылдап,
жауды
тып-типыл етті. Соның үшін сарай оған сыйлыққа 100 шақты құл мен
күң берді. Хұңжоуға төбенай болып тағайындалып, атақ-даңқы өсті.
Осыдан бір жылдан аса уақыт өткенде Юнжоу төбенайы Хылоу Зыгəн
дүние салды. Патша оның қазасына ұзақ қайғырды. Ол нөкерлеріне:
«Юйлин пат шалығымыздағы маңызды бекініс. Оны сақтап тұра алатын
Хылоу Зыгəндай адамды енді қайдан табар екенбіз?» – деді. Сонан
араға бірнеше күн салып, патша: «Меніңше, Юйлинді сақтап тұруға
Ду Яннан лайықты адам табылмас», – деді. Сөйтіп Ду Ян Юнжоуға
төбенай болып тағайындалды. Түріктер шапқыншылық жасап келсе,
қолға түскеннің басын ала берді. Солтүстіктегі рейлер бұдан қатты
сескенді, ешкімі шекара шеніне аяқ баса алмайтын болды. Осыдан
бірнеше жылдан кейін сарай оның бұрынғы-соңғы ерліктерін ескеріп,
баласы Ду Баучянға Чыңшян кіші сұлтаны деген лауазым сыйлады.
(Кəйхуаңның) 18 жылы (598) Ляудұң соғысы бұрқ етті. Ду Ян жорық
төбенайы санатында Хəн ханы (Яң Ляңмен) бірге Йыңжоуға барды.
Патша Ду Янның соғыс ісіне жетік екенін ескеріп, 50 алайды соған
басқарту жөнінде жарлық шығарды. Бұл реткі жорықтан оралғаннан
кейін оны Шожоуға төбенай етіп тағайындады. Түріктер Юнжоуға
тағы да шапқыншылық жасады. Патша олардың жолын кесу үшін
Яң Суды жіберді. Осыдан кейін патша түріктердің
лаңының алдын
алу үшін түріктер сескенетін Ду Янды Юнжоуға төбенай етіп қайта
тағайындады. Көп ұзамай науқастанып астанаға оралды да, алпысқа
қараған шағында дүние салды. Оның баласы Ду Баучян да-йеның
соңғы жылы Уынчың аймағына шобан болып тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: