«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет100/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КТ.І.40: 26) “Alp šalčy aq at”. В.Томсен (249.111), С.Е.Малов (97.41) аттың атауы 
ретінде аударған. Šalčy – шалысты, желісті. Ат зар желіске салғанда адымы кеңейіп, 
шалысы ұзақ түседі. ”Алып шалысты ақ ат“ деп аударған жөн.
КТ.ІІ.1: 27) “eb” сөзін В.Томсен «Leurs maisons (249. 111), В.В.Радлов “Кочевки” 
(112.30), С.Е.Малов “дом” (97.41), А.Н.Кононов “стоибище” (71.) деп аударған. Оғыз 
тілдерінде (əзербайжан, ғағауз, түркі, чулым татарлары т.т.) “eb” – “үй” деген сөз 
(137.516). Қыпшақ тобы тілдерінде (қазақ, қырғыз, қарачай-балқар, ноғай, қарақалпақ, 
қарайым) “үй” деп күні бүгінге дейін атап келеді. Демек, б.з. 760 жылы орнатылған 
МШУ ескерткішінде де “üj” сөзі бар. 
Бұның сыртында Üj/üj = тур, анал. 
.3
144
; Кум, Мохир
91
, Кбал, Ног., Ккал., 
Уз.диалект Решетов Курам
126
, Данияров Бахмол
13
, сюг., лоб, вост. тюрк, ДТС
623

Боровков Бад
108
, тат., башкурт., jü /üj – сюг., иив/ jіb – кар. т., Рш
532
(Карл); ov/ou/ турк. 
Диал. DDF
31123
(137.152–153) т.т.с.с. сөздіктер мен диалектілер де сақталған.
Неміс ғалымы В.Банг, орыс зерттеушісі Е.Поливанов, А.Н.Кононов тар “eb”>üj 
болып өзгерген деп дəлелдеуге тырысады. 
Жоғарыдағы деректер мұны жоққа шығарады. Өйткені МШУ мəтінінде “Ebine 
üjinke” (ебіне үйіне) деп қосарлана қолданған. Қытайдың Таң дəуіріндегі деректер 
“eb қағаны” (Танхуяа) делінген. Бұған қарағанда “eb”-ті үйден де үлкен құрылым 
болмақ.
Енді байырғы мəтіндерден дерек алайық.
Kül – tegin ebig bašlaju qytmys = Күлтегін eb –ті бастауға қалды (КТ.І.28). 
– ebiηe kirteči sen, buηsyz boltačy sen = eb-іңе кірсейші, мұңсыз болсайшы сен (БК.
III.14). 
– ebke tegdükim uruš qylyp = eb-ке шабуылдадым ұрыс қылып (Оа. 2).
Бұл тарихи деректер “eb” бір ғана үйден емес, ондаған, жүздеген үйден тұратынын, 
онда мемлекеттің жүрегі қаған Ордасы болатынын, оны қаған қорғайтынын айқын-
дайды. Онымен қатар “eb” – іш пен сырттың шабуылынан қорғанатын орын. 
Осыған қарағанда байырғы түркі мəтініндегі “eb” Моңғол империясындағы 
“курень” екеуі бір мағына береді, əрі куреньнің аналогы. Бұл айырмашылықты 
В.В.Радлов сезінгендіктен “кочевка” деп аударған болуы мүмкін. Қазақ тілінде көш-
пелілердің бұндай құрылымын “алқақотан” деп атаған.
28) “Erür barur” тіркесін С.Е.Малов «вследствие свободы и независимости» (97.41) 
деп аударған. Сөйлемнің жалпы мағынасына сай келмейді. Бұл тіркесті “бірде еріп, 
бірде кетіп” деп аудардық. Бірде еріп, бірде кетіп, толқып жүріп жауласқаны туралы 
сөз болып отыр. 


 452
453
КТ.І.3: 29) “Eiteber” – лауазым. Елді ел етуші, елдің (тайпаның) басын құраушы 
көсем. “tebe” – түйе. -r- етістіктен туынды қимыл етістігін тудыратын жұрнақ. Бұл 
арада -r- жұрнағы зат есімнен етістік туындатып тұр. Олай болса, “eltebe” – елдің 
жүгін көтеруші, елді ел етуші деген мағынаны білдіреді. Осы мағынада айтылатын 
фразеологиялық тіркестерді қазіргі түркі тектес тілдерде көп кездестіреміз. “Елдің 
жүгін ер көтерер, ердің жүгін нар көтерер”, “нар жігіт” т.т.с.с. этнопсихологияға 
байланысты қалыптасқан болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет