«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет103/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

KT.IV.2: 43) а) “Kürür”; kür – жету, тигізу, жақындасу, жинау, үю (MK.IIІ. 263, 
279). -ür, -ur, -ir, -er – салт етістік тударатын жұрнақ. Олай болса, kürür – кіріп келу, 
жиналып келу деген мағынаны білдіреді.
б) “ičrеki”. В.Томсен (“еn dedans deсe, dans cette etendue”) (249. 115), В.В.Радлов 
бұл сөзді аудармай тастап кеткен, бүкіл сөйлемді “повсюду народ покорно смотрит 
на меня” (112.37) – деп, С.Е.Малов: “...(этих пределах) живущие (букв. находящиеся 
внутри) народы – все мне подвластны” (97. 34) деп аударған.
Жоғарыда үш ғалым да “Kürür”, “ičrеki” деген сөздердің мағынасын таба 
алмаған.
“ičrеki” – сөзбе-сөз аударса, “ішкі” деген мағына береді. Демек, байырғы түркі-
лер Ордаға бағынышты иеліктерді, тайпаларды “ičrеki” деп атаған. Бұл, біздің түсі-
нігімізше, “Орталық”, “Ордаға қарастылар”. Дəлелі: “teηride bolmys el etmis bilige 
qaγan ičrеki boduny aldymyš – Тəңірден болған Ел-етміш Білге қаған ічрекі халқын 
алды“ (Теркін. 21) – дей келіп, ары қарай Орда маңындағы ішкі əскер басын Іш-Бұй-
рық деп атап, одан əрі əскери шен, лауазымдарды бір-бірден анықтаған. Мұндағы 
“ічрекі bodun” деп іштегі, Ордаға қарайтын халықты айтып отыр.
Осы дəлел – деректерге əрі көшпелілер этнопсихологиясына (Хан Ордасының 
адамдарын “ішкі” деп атаған) сүйене отырып, “ičrеki” сөзін “Ордалық” деп аудардық. 
Осы жолдағы “…anda ičrеki bodun quup maηa kürür – сол Ордадағы халық бағынып 
менің [қол астыма] жиналды” деп аударылды.
KT.IV.4: 44) a) «Ötüken jуšqа jig idi joq ermis». В.Томсен: «Dans la foret d’Etuken 
ils n’ avaient pas de…» (249.116), В.В.Радлов: «жили Голубые Турки, не (имевшие) 
правящих знатных родов» (112.17), С.Е.Малов: «(Во время этих походов) в Отюкенской 
черни не было хорошего (т.е. настоящего) владыки» (97.34) деп аударған. Біз «Өтүкен-
жынысында игі (жақсы) ие жоқ еді» деп аудардық. 
б) «Jyš» сөзін қазақшаға Күлтегін мəтінін бұған дейін аударған М.Жолдасбеков 
(47.30), Ғ.Айдаровтар (3.168–183) «орман, тоғай» деп алған еді. Біз бұл жолы кон-
текстегі өз атын өзгертпей, «жыныс» деп алдық. Ötüken jyš – Өтүкен жынысы. «Қалың 
жыныс» деген сөз қазақта қазір де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет