«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ХОУЖОУ ПАТША МЕН ЮЖОУ ПАТША



Pdf көрінісі
бет11/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ХОУЖОУ ПАТША МЕН ЮЖОУ ПАТША
(Тянтұңның 2 жылы, 566 ж.) Сол жылы Хыжян ханы Шяууəн 
өлтірілді. Түрік, мүркет мемлекеттері тарту-таралғымен елші салды. 
Бұл, Жоу жылнамасы бойынша, тянхының алғашқы жылына (566) тура 
келеді.
(3 жылы, 567 ж.) қыс қазан айында Түрік, Дамоло, Шығай, Пэкче, 
Мүркет секілді мемлекеттер тарту-таралғымен елші салды.
(4 жылы) Сол жылы корей, мүркет елдері тарту-таралғымен елші 
салды, түріктен патшалықтың қызын айттыруға жаушы келді.
ДУАН РҰҢ МЕН ҰЛЫ ДУАН ШАУ
Дуан Рұңның жанама аты – Зымау, Қазаңның У-уей деген жерінен. 
Атасы Дуан Шин сақаларға ұлық болған, кейінірек Уей сарайына 
кірімтал болды да, дəулетті шаңырақтар қатарында солтүстікке қоныс 
аударып, Уюанға ірге көмді. Əкесі Дуан Лян Əнбей тұтықтығының 
сыпасы болды.
Дуан Шаудың жанама аты – Шяушян, еркелеткен аты – Тефа...
(Хычиңның 2 жылы, 563 ж.) желтоқсанда Жоу Уынди патша 
сардарларын қиян-рейлер мен түріктердің əскерлерін бастап келіп 
Жиняңды қоршауды бұйырды. Шызудың өзі Йешяннан суыт аттанып, 
оларды құтқаруға барды. Түріктер солтүстіктен шеп құра алға 
ілгеріледі. Олар шығыста Фынхыға, батыста Фыңгуға дейін жетті. 
Жағдай аса мүшкіл еді. Əскерлер шеп түзеп үлгермеді. Мына жағдайды 
пəмдеген Шызу шығысқа ығысуды ойластырды. Алайда Хыжян ханы 
Шяууəнның ұсынысын қабылдап, Жаужюн ханына сардарларды 
қорғауды бұйырды. Осы кезде жоулықтар жаяу əскерлерін ертауыл 
топ етіп аттандырып, батыстағы таудан құлдилай шабуылдап, қамалға 
екі лидей жерге жетіп келді. Сардарлар түгелдей қарсы шабуылдауды 
қуаттады. Дуан Шау: «Жаяулардың қуаты шамалы, бүгін қар да қалың 
екен, шабуылдауға тиімсіз. Шепті қорғап, жағдайды барлағаннан 


 64
65
абзалы жоқ. Олардың шаршауы бізге тиімді. Сөзсіз жеңіске жетеміз», –
деді. Көп ұзамай соғыс болды. Жау ойсырай жеңілді, олардың ертауыл 
тобы түгел қырылды. Қалған топтары түн жамыла қашып кетті. Дуан 
Шауға атты əскерлерімен олардың соңынан қуу жөнінде жарлық түсті. 
Жорықшылар Ұлы Қорғаннан шыққанымен, оларға жете алмай кері 
қайтты. Шызу оның еңбегін айрықша марапаттады, оған Хуайжоу Уды 
арда сұлтаны деген лауазым беріліп, лауазымы ұстаз аталық болып 
өсті.
Жоу елінің алпауыт уəзірі Юйуын Худың шешесі Яншы Жұңшəн 
ордасына ұзатылған еді. Юйуын Ху Яншының тірі екенінен құлағдар 
болған соң, шешесін қайтарып беруді əрі тараптар ара райласуды 
өтініп шекарадан хат жіберді. Осы кезде түріктер шекараға дамыл-
дамыл шабуылдап тұрған болатын. Дуан Шау əскерімен шекарада 
қорғаныста тұрған еді. Шызу сарай жанауылы Шюй Шырұңнан 
Жоудан келген хатты көтертіп жіберіп, Дуан Шаудан кеңес сұрады. 
Дуан Шау: «Жоулықтар тұрлаусыз, сенімнен жұрдай, Жиняң шайқасы 
мұның дəлелі. Юйуын Ху көріністе уəзір болғанымен, шынтуайтында 
нағыз хан. Шешесі үшін райласуды өтініп отырғанымен, өз ойын елші 
салу арқылы айтпаған жерде, біз оның бір жапырақ қағазына малданып 
шешесін қоя берсек, бұл біздің əлсіздігімізді көрсетеді. Пақырыңыздың 
ойынша, жалғаннан көнген рай білдірейік те, кейінірек қоя берсек те 
кеш емес», – деді. Патша оның кеңесін қабыл алмады əрі (Яншыға) 
елші қосып беріп, жол-жоралғы бойынша еліне шығарып салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет