208
209
күй және күйшілер туралы аңыздар
—о, кештен, бұ кешке шейін өлген жанның қайта тірілгені
жоқ, ондай сөз айтып күпір болмаңыз!—деп жолатпайды. Құр-
манғазы ашуланып молдаға:
—Сірә,
сен бірдеме алып қойып, соны қайта құсамын ба
деп қорқып тұрған шығарсың, амандық болып қыз тірілсе, сол
бергенді қыздың садақасы деп сенен алмай-ақ қояйық!—деп
молданы тоқтатады. Қыздың ата-аналары:
—Алыс сапардан келе жатқан жолаушылар екен. Көпті
көрген адамдар шығар, аялдай тұрыңдаршы!—деп
көздерінің
жасын тағы бір төгіп алады.
осылай көпшілік тоқырап тұрған кезінде кебін қозғалған-
дай болады. Құрманғазы жүгіріп барып жүрегін басып,
тыңдап: «Шүйінші, жаны бар!»—деп айқайлап жібереді. өзі
жанындағы торсығынан қыздың аузына су тамызады. Қыз
біртіндеп дү ние ге ене бастайды. Баяғы молда: «Астапы ралла,
Астапы
ралла!»—деп топты айнала жүгіріп, ақыры ауылға
қарай қаша жөнеледі. Басы Құрманғазы мен Көкбала болып,
молданың жағдайына біраз күліп алады. Бұл кезде қыз да әлсіз
түрде көзін ашып, аң-таң болып айналаға қарайды. Әке-шешесі
«қорыққан мен қуанған бірдей»
дегендей, тағы да біраз жылап,
тостағандарын жуып алады.
Қызды ауылға алып келіп, туысқандары үлкен той қылып,
ат шаптырып, балуан түсіріп бір жетідей мерейлейді. Қыздың
әке-шешесі Құрманғазы мен Көкбаланы бірнеше күн қонақ
етіп қатты сыйлайды. Көптеген күй тыңдап мәз болады. Кете-
рін де қыз Құрманғазыға: «Сіз менің екінші әкем болдыңыз,
сіздің арқаңызда мен екінші рет дүниеге келдім, өмірбойы
сізді ұмытпаймын»,—деп құшақтап жылап жібереді. «Менің
көзімдей көріп жүріңіз»,—деп өзінің
ең жақсы көретін сары
ат деген арғымағын Құрманғазыға жетелетіп жібереді. Ал
Құрманғазы оған арнап күй шығарады. Айтушылар сол қыз-
дың аты Назым екен дейді. Мына қыз сол «Назым қыз» болып
та аталатын еді дейді. Бір әңгімеде Құрманғазы қызды көміп
кеткен бойда келіп, бейіттен бір дауыс шыққандай болып, жаңа
салған топырақты күшті
қолмен қазып, қызды көрден алып
шығып тірілтеді делінеді. Әрине, бұл сияқты аңызға айналған
әңгіменің бұтақтары көп болады емес пе, оның бәрін бірдей
келтіріп жатпадық.
14-136