316
күй аңыздар
—Тақсыр, бірнеше жылдың алдында немере қарындасым
Нұрғайшаны Сауыр тауының
арғы бетіндегі Жайыр дейтін
өнерлі азаматқа қалыңсыз үйлендірген едім. Жайыр өткен
қыста «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген
ауыл кәрілерінің пікірі бойынша екі ат, екі бие әкеп беріп кет-
кен. Жуықта осы малдың артынан
торғауыттан екі жоқшы
келіп екі атының көзін танып қайтарып алды. Қалған екі бие-
сіне екі құнажын байтал қайтарсам, олар: «сендер биелерімді
құлындатып,
тығып отырсыңдар, малымның көзін аламын»,—
деп жанжал тудырып отыр. оның биесін қыста соғымға жы ғып
алған едік, осыны бітім қып берсеңіз,—дейді. Кетөре:
—Жегенің рас болса, айып тоғызсыз-ақ
екі байталды орны-
на салып бітіруге болар. Ертең даугерді маған алып кел,—деп
кесімді жауап айтады. риза болған Мүкей тағы да күйін шер тіп
отырады да:
—Жолым болды, күй сіздікі болсын,—деп аттанып кетеді.
Сөйтіп, «Бұлбұл торғай» күйі «Кетөренің бұлбұл торғайы» деп
те жұрт арасына тараған екен.
Достарыңызбен бөлісу: