310
күй аңыздар
деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарын құмына аттанады. Құм-
дағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдар-
дың басын кесіп алады.
Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек:
«Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай!»—деп, «Сексен ер»
атты күйін тебірене отырып шығарды.
КӘДІРӘЛІ ЕРЖАНОВ/1885-1968/
326. «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада»
Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген
шә кірттеріне тек күй үйретіп
қана қоймайды, оларды басқа
ауылдың домбырашыларымен тартысқа шығарып, қандай
жағдайларда қарсыласын жеңуге болатынын айтып, үнемі
бау
лып отырады. Бір жылы Кәдірәлі
Қазанғаптың қасында
жүр генде Табын руының Тасыбай, Қонақбай сияқты белгілі
дом
бы
ра
шыларымен тартысып оларды жеңеді. Кәдірәлінің
олар ды жеңу себептері былай болыпты:
Тасыбай мен Қонақбай
ауылындағы жасы жетпістер шамасындағы бір бай төрт әйелдің
үстіне бесінші етіп, көрші ауылдағы бір кедейдің жас қызын
малға сатып алыпты. Қыз байдың үйінде
бір жұма болғанда,
елде қалған сүйген жігіті артынан іздеп келіп, бір түнде алып
қашып кетеді. Түн ортасында бай жас «жұбайын» іздеп, шырт
ұйқыда жатқан ауылды бөрліктіріп оятады.
Қыздың қашуына көмектескен сол ауылдың қу жігіттері
байды мазақтап, қыз бен жігіт ауылдан ұзағанша оны ал дар-
қа
тып ауыл маңындағы қарабарақтың арасынан іздеген бо-
лып, «ана арада, мына арада» деп, түн ішінде қарауытып кө-
рінген қарабарақтың арасын байға аралатып,
әбден сілесін
қатырыпты. осы оқиғаны естіген Кәдірәлі Тасыбай, Қонақбай
ауылының байларын мазақтап, «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-
ау, мына арада» деп күй
шығарғанда, Тасыбай мен Қонақбай:
«Сараң байдың қырсығы бүкіл елге, ел намысына тиді»,—деп,
өздерінің жеңілгендіктерін мойындапты. Сөйтіп, Кәдірәлінің
«Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада» деген күйі, осы
оқиғаға байланысты шыққан екен.
310
311
күй және күйшілер туралы аңыздар
Достарыңызбен бөлісу: