322
күй аңыздар
340. «Таң бұлбұлы»
Күй қуалап, ізденіп жүрген жас Әшім, бір жылы Көкқамыр
баурайын аралай келіп Қайшы, Шірке жайлауында болады.
Барған жегжатының Әшіммен шамалас бір ұлы бар екен. Екеуі
кешқұрым сауындағы
биені өрістетіп жіберіп, кешкі айтыс
өлеңге барып, таңға жақын қайтады да, өрістегі жылқының
маңына, бұлақ бойындағы бітік бозтал арасына келіп көз шы-
рымын алады. Таң рауандап келе жатқанда Әшім ояна кетеді.
Тал арасынан бір бұлбұлдың сайрап тұрған үні
құлағына шалы-
нады. Әшім сан әуенді бұлбұл үніне қатты қызығып ұйып тың-
дай ды. Бұлбұл үні тоқтаған кезде Әшім домбырасын қолына ала
салып, әсем саз шығарып, бұлбұлға дыбыс береді де, қайтадан
тоқтата қояды. Бұлбұл қайта сайрай жөнеледі. Бұл тұста Әшім
домбыра үнін көтеріп әсем күйге басады. Мұны естіген бұлбұл
сайрауын тоқтата қояды.
Жайлаудың жайлы таңы, табиғат тың
ерке, шешен құсы мен өнер қуған жас домбырашы Әшім әрі
өнер жарысында отырғандай әрі тәтті әуенмен сырлас қан дай
болады.
—Мен бұл іске қатты таңырқадым,—деуші
еді Әшім, осы
жай
лы сөйлегенде,—бұлбұлдың сайрағанына назар аударға-
ным да сол екен. Бұлбұл ұшып жақындап келеді де, тағы сай-
райды. Бұлбұлдың әсем әніне берілгендігімнен қасымдағы
жігітті де оятпаппын, күн
қыза келе бұлбұл ғайып болды, қалың
бозтал ішінен оның бойын да көре алмадым. Табиғаттың осы бір
еркесімен «сырласып» отырып, биені де кеш жиып қайттық.
Адам сезіміне осындай ерекше ықпал жасалмаса, шабыт қайдан
келсін! Мен «Таң бұлбұлы» деген күйді осылай шығардым.
Достарыңызбен бөлісу: