«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет248/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Қазыбеков Нұрқасым /1936/—белгілі жазушы. Туған же-
рі—ҚХр, Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Текес ау-


394
күй аңыздар
даны. «Тұсаукесер» /1974/, «Шалғайдағы мектеп» /1974/, 
«Бей таныс» /1978/, «Ағайын» /1982/ сияқты кітаптары жа-
рық көрген. Құлжадағы А.Хасыми атындағы педагогикалық 
училищені /1957/, ҚазМу-дің филология факультетін /1968/ 
бітірген. 
Қаймолдин Омар /1910-2011/—күйші. Қазіргі Семей об-
лысының Шұбартау ауданында туған. Домбыра тартуды ма-
мандық етпесе де, жан азығы еткен. репертуарында қалың 
көпшілікке белгісіз күйлер көп. Әсіресе Байжігіт күйлерін көп 
тартады. Алғашқы ұстазы—әкесі Қаймолда. үлкен атасы Шон-
тай да белгілі күйші болған. Әкесінен күйлер үйренумен қа тар, 
рәмилә, рақыш, ысқақ, оразай сияқты ел ішіндегі белгілі 
күйшілерден шеберлігін толыстырған. 
Қалбасұлы Сыбанқұл /1865-1945/күйші. Қазіргі ұйғыр 
ауданына қарасты Кетпен тауының баурайында дүниеге кел-
ген. 
Сыбанқұл жастайынан қолына домбыра алып, еліне күй-
ші бала атана бастаған шағында ауыл-ауылды аралап, ел 
ішіндегі күйшілерден күй, ән-жыр, аңыздар үйреніп, бойына 
сіңіреді. Сонымен бірге өзі де күй шығара бастайды. ол өмірде 
қиыншылық көп көрген. Бір жағынан кедейшілігі қолын бай-
ласа, екінші жағынан жалпы елдің басына төнген аласапыран 
аумалы-төкпелі заман да оның еңсесін басады. Сондықтан да 
күйлерінің көбінің сарыны мұңды-зарлы келеді. 
Қатшаұлы Шабдарбай /1936/—жазушы, музыка тари-
хын зерттеуші. Монголиядағы Баян-өлгий аймағында туған. 
1963 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика лық 
университетін бітірді. «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», 
«Алтай суреті» деп аталатын өлең кітаптарының, «Керім-ау 
айдай» атты пьесалар жинағының, «өрлеу», «өз қолымен», 
«Бақталас», «Түтін иісі» романдарының авторы. 
Белгілі музыка зерттеушісі Ахмерұлы Қабыкеймен бірле сіп 
қазақ ән-күйлерін, аңыз-әңгімелерін жинасуға атсалысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет