«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет250/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Қылыбайұлы Риян /1932-1986/—күйшілер туралы және 
олардың аңыздарын жеткізуші. МХр, Баян-өлгий аймағы-
ның ұланқұс сұмынында туған. ол өсерханнан тәлім алған. 
«Бәйге», «Қайран тәтем», «Намыс», «Құлагер» қатарлы он күй 
шығарған. 
Марғұлан Әлкей /1904-1986/—аса көрнекті қазақ ғалымы, 
бұрынғы Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі 
/1933/, филология ғылымының докторы /1946/, Қр Ғылым 
академиясының академигі /1958/, Қазақ КСр-інің еңбек сі-
ңірген ғылым қайраткері /1961/, профессор /1960/, Қазақ КСр 


396
күй аңыздар
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1966/. Қазақстандағы та-
рих, архелология, этнография, әдебиет пен өнер саласындағы 
ғылыми ойдың дамуы Ә.Марғұланның есімімен тікелей бай-
ланысты. ол кісінің 300-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері 
орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің тарихи тегін тануда 
сүбелі мұра болып табылады. 
Мергенбайұлы Нұрмұханбет /1886-1944/Жетісу өлке-
сіне аты әйгілі күйші, әрі домбырашы болған адам. Мерген-
бай күйшінің үлкен ұлы. Сан рет күй тартысына қатысқан. 
Домбырасының ішегі ұстараның жүзімен сипай тартқан май-
дақоңыр күйлерін ешкім қайталай алмаған. Кейде аяғының 
саусақтарымен де тартқан екен. Ақбайдың Нұрғожасымен 
күй тартысады. Нұрғожа пышақтың жүзімен тартады. Есесіне 
Нұрмұханбет ұстараның жүзімен тартып жеңеді. 
репертуарында аңыз күйлер, тарихи күйлер, табиғат су-
реттеріне, адам тағдырына арналған күйлер мол болған. 
Домбыраны таңды-таңға ұластырып тартқанда еш шар ша-
маған, тыңдаушысын да жалықтырмаған. Төрде отырса, күй 
ырғағымен бірге жорғалап босағаға барып, босағадан төрге 
өтіп кеткенін өзі де байқамайтын болған. Нұрмұханбет оң қол 
саусақтарын шанаққа тигізбей тартуды шеберліктің шыңы деп 
бағалаған да, шәкірттерінен соны талап еткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет