«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет25/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

36. «Ақсақ құлан»
(ІІ нұсқа)
Жошы ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы құлан аулау-
ға құмар екен дейді. «Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері 


52
күй аңыздар
көп» деп хан оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің 
күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді, 
бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды кө-
реді. Қуанғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін 
суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады. 
Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да 
білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құ-
лан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп, айдалада өлтіріп кетеді. 
ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң, бір сұмдықты білген хан 
жаманатты естуге дәті бармай былай деп жар салады: «Кімде-
кім баламның өлгенін есіттірер болса, аузына қорғасын ерітіп 
құямын». Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айту-
ға кімнің батылы жетсін! Ешкім тіл қатып, тіс жармайды. 
Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгі ріп 
келеді: «Алдияр тақсыр, ханзаданың хабарын білем деп есік ал-
дына бір кісі келіп тұр» дейді ол. Хан: «Кірсін!» деп әмір етеді. 
Ішке қолында домбырасы бар бір кісі енеді. Хан: «Жолау шым, 
білгеніңді жасырмай түгел айт!»—дейді. Сонда күйші қолы на 
домбырасын алып: «Менің білгенімді екі шек пен бір тиек ай-
тып береді»,—деп күмбірлетіп жөнеледі. 
Күйдің алғашқы шумақтарынан шапқан аттың тұяқ дүбірі 
естілгендей болады. Көзінің қарашығындай жалғызы үй жа-
нына кеп қалды ма деп жүрегі тулап қоя береді. Ханның жүзі не 
қан жүгіріп шырайлана түседі. Бірақ осы мезетте үстіңгі шек-
тен жан дүниеңді әлем-тапырық еткен орны толмас өкініш пен 
қайғының сұмдық сарыны құлаққа келген еді. Домбыра адам-
ша жылап, адамша егілді. Хан қабағын демде қара бұлт жай лап
еңсесі түсіп қоя береді. Қол созған жақсы үміті көзден ғайып 
боп, көңілін қапалықтың ауыр мұңы басады. Ендігі сәтте күйші 
құланды көрген ханзаданың қуана салған әнін, ажал алып зуыл-
дай ұшқан сұр жебенің дыбысын, өлімнен қашқан аңдардың 
тұяқ дүбірін суреттегенде, ханның ойы отызға бөлінеді. Күй ті лін 
түсінуді бұған несін жазды екен тәңірі! Күй шарықтап шыр қау 
шегіне жетті—кенет арындаған екпін кілт үзілді де, дом быра 
көмейінен жан тәсілім еткен жанның ақырғы демі естілгендей 
болды. Ханның өңі сазарып қоя берді де, орнынан атып тұрды. 
Екі көзіне қан толып, бармағын тістелей берді. Күйші бұл кезде 
бастапқы қаралы тақырыпқа қайта оралып, күй екпіні әлсіреп
қайраты кеміп, дүниеден көшіп бара жатқан пенденің жете ал-


52
53
халық күйлерінің аңыздары
май кеткен арманын айтып, жанары сөніп бара жатқандай еді. 
Хан жас жуған жүзін екі алақанымен басып отырып қалды. 
Бірақ есін тез жинап алды да, өз әмірін екі етпей орындамақ-
шы боп: «Жалғыз ұлымның жапанда мерт болғанын естірт-
тің, жазаңды ал ендеше»,—дейді де,—«жақсыны да, жаман-
ды да айтпасын, осымен өмір бақи үні өшсін» деп домбыраның 
көмейіне балқыған қорғасын құйдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет