50
51
халық күйлерінің аңыздары
дауыс: «Қу шоқайлыдан қаша жүрің, қызыл шекпендінің үстін
баса жүрің!»—деп жар салып өтеді. осы өктем үннен кейін лезде
қараңғы түнек сейіліп, жер беті жап-жарық болып шыға келе ді.
Енді мергендер келіп қараса, ойнақ салған құлан да жоқ, оны-
мен айқасқан ханның баласы да жоқ. Мергендердің тапқаны
ханның баласының жалғыз шынашағы екен. Сол шынашақ ты
алып, олар аулына қайтады.
Хан өзінің баласының оралмағанына күйініп қаһарына мі-
ніп, елге жарлық айтады:
—Менің балам аман-есен оралатын болсын!
Баламның суық
хабарын естімейтін болайын. Кімде-кім «өлді» деген хабар айт-
са, көмейіне қорғасын құйғызамын. Баламның бір хаба
рын
естімейінше, азық-түлік беру тоқтатылсын,—деп хабар
лап,
бүк түсіп жатып алады. Хабаршы
болып ханның алдына ба ру-
ға жан шықпайды. Сөйтіп, қалың ел қатты торығып, күй зе ліп
тұрғанда Кербұқа деген домбырашы шығып:
—Баласының өлімін домбырамен мен естіртейін,—деп
дүйім жұртты өзіне қаратады. Ханның босағасына келіп, тізе леп
оты рып бір күй бастайды. Бұл күйі құланның жүрісі
мен ай бар
шеккен сәтін суреттейді. Екінші күйін шалады. Бұл күйде хан
баласының қаза болғаны анық айтылады. Сонда мұны түсін ген
хан басын көтеріп:
—Сенің мына күйің «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой,—
деп тіл қатады. Сонда Кербұқа:
—Ей, тақсыр! Балаңыздың өлгендігін өз аузыңыздан естіп
отырмын,—депті. Сонда, хан қатты қапаланып: «Қап, мен
сөзден жығылдым. Қорғасынды домбыраның көмейіне құйың-
дар! Домбырашыны айдаһар алдына апарып тастаңдар! Жы-
лан жұтсын» деп бұйырған екен. Домбырашы жыланның ал-
дында да күй тартады. Жылан күйге балқып,
бауырын жазып,
тұмсығымен, жұдырықтай алтынды күйшінің алдына домала-
тып әкеп тастайды. Кербұқа өлімнен құтылып, еңіреген елдің
батасын алып, олжаға батып, жөніне кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: