«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет57/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

108. «Сырым сазы» 
Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін, 
халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның 
жолында күреспен өткізеді. Сырым туралы ел жадында әдемі 
аңыздар, қызықты сөздер көп болған. Солардың бірі былай ай-
тылады: Сырымның арғы атасының аты Шопан екен. Жорықта 
жауға жалғыз шауып, ылғи жеңіске жететін оны басқалары 
күндейтін көрінеді. 
Күндерде бір күндері қалың әскер шөлге тап болып, оларды 
бұдан құтқарудың амалын ойлаған Шопан жапан түзде, жапан 
даладан шыңырау құдық қазады да бір тайды бітеу сойып, оның 
терісінен үлкен мес жасайды. Сосын қасындағыларға қарап: 
«Ал, жігіттер, енді біреулерің құдықтың ішіне түсіп, меске су 
толтырып тұрыңдар. Біз мына жақтан мал мен жанды суара 
берейік» дейді. Сол екен, мұның көзін құртудың сағатын күтіп 
аңдумен жүрген біреулер: «Міне, сәті енді түсті» деп қуанып 
кетеді. Сөйтіп, әлгілердің бәрі бірдей: «ойбай-ау, Шопан жан-
ау, оған жүрегі барып өзіңнен басқа кім түседі» деп шулап қоя 
береді. оны қалғандары да қостайды. 
Сөйтіп, Шопан құдықтың түбіне түседі. Мал мен жанды әб-
ден суарып қандырады. Енді оның арқан тартып, құдықтан 
шы ғар кезінде сырттағы тұрғандар бірін-бірі азғырып Шопан-
да құдық түбіне қалдырып кетуге келіседі. Мұны сезген Шопан 
құ дық түбінен дауыстап: «Ал, жігіттер, мені тастап кетіп бара 
жат сыңдар, ендеше ағайындарға сәлем айтыңдар, мен шығарда 
әйе лім ауыр қалып еді, ұл туса атын Дат қойсын» дейді. «Шо-


104
күй аңыздар
пан жау қолынан қаза тапты» деп елге жалған хабар әкелген 
әл гі қаскөйлер Шопанның құдық түбінде тұрып айтқан сөзін 
көзін жұм ғалы жатқанда бізге айтқан аманат арызы еді» деп 
жеткізеді. 
Сонымен, дүниеге ұл келеді, оның атын ағайын Дат қояды, 
Даттан Сырым туады. Сырым сазы күйі көне сазға құралған
өзіндік табиғаты бөлек әдемі күй, күйде Сырымның жорықтары 
суреттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет