118
119
халық күйлерінің аңыздары
Қыздың сөзі ауыздан-ауызға тарап елге жайылады. Енді
қызға жорға мінген үкілі жігіттер емес,
сыбызғышы жігіттер
келе бастайды. Қыз олардың да ешбірінің күйін жақтырмайды.
Сөйтіп жүргенде, бір күні жалбыр шапанды сыбызғышы жігіт
келіп: «Сенің кербездігің менің мына күйімнен артық қандай
еді?!»—деп күйін тартады. Кедей жігіттің күйіне риза болған
қыз соған қосылатынын білдіреді. Әке-шешесі отыз күн ойын,
қырық күн тойын жасап, қызын сүйген жігітіне қосып аттан-
дырады. Сондағы жігіттің тартқан күйі осы «Кербез қыз» күйі
екен дейді.
123. «Кербез қыз»
(V нұсқа)
Құба жонда жылқы бағып жүрген
жылқышы жігіт жақын
маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз
тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны
үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады.
Қыздың
көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық-
жарқын үнмен жауап қайтарады да, орнынан тұрып, от жаға
бастайды. Жігіт төр алдына жайғасып, отырады да, жүкке
сүйеулі тұрған домбыраны алып, ақырын ғана шерте отырып,
екі көзін қыздан аудармайды. Қыздың мүсіні қандай сұлу
болса, қимылы да сондай сұлу. Кербез қимылдап от тамызып,
шәйнек асады, қолына түйір кіршік жуытпайды, ыдыс-аяғы
да мұнтаздай. Дастархан дайындап
тұрған қыз жігіттің шертіп
отырған бірдің басы, бірдің аяғы араласқан берекесіз күйін естіп
мырс етіп күліп жібереді. Мұны көзі шалған жігіт талғамсыз
шертіп отырған домбырасын қоя салып қыздан:
—Неге күлдің, құрбым? Мазағың болдым-ау,—деп өкінеді.
—Қыран ғана мекендеген асқар тауда жүрген жігіт талғам-
паз болмас па еді. Қайран домбыраның қор болып,
сөйлей ал-
май, не айтарын біле алмай тілі күрмеліп отырғанына жаным
ашығаны да. Сіздей жігітті неге қорлайын?—дейді әзілдеп.
Қыз сөзінен ұтылған жігіт білегін түріп, домбырасын көк-
тейді де, жаңа бір күйді шертіп ала жөнеледі. Жігіттің тарт қан
күйін қыз ұйып тыңдап, күй аяқталғанша қозғалмастан мел-
шиіп тұрып қалады. Күйді бітіп
қыздың шын беріле тыңдаған
мына тұрысына разы болған жігіт: «Күй сырын ұққан адам
120
күй аңыздар
сендей-ақ болар! Сыртың сұлу, қимылың кербез бе десем, нағыз
сұлулық пен кербездік ішіңде екен. Сол кербездігіңе тартқан
сыйым осы күй «Кербез қыз» күйі болсын»,—депті.
Достарыңызбен бөлісу: