22
23
халық күйлерінің аңыздары
Күндердің бір күнінде, шаштараз барып жүретін құр құ-
дықтың басына әлдеқайдан келе жатқан керуен тоқтайды. Ел
кезген керуеншілердің ішінде неше түрлі қабілеттің адамдары
болатын әдет емес пе. Мына керуеншілердің ішінде де жұрт-
тан асқан бір сыбызғышы бар еді дейді.
Сол сыбызғышы ері-
гіп отырып құр құдықтың түбіне қарайды да, онда өсіп тұрған
қамысты көреді. Бұл қамыс, әлгі дертті шаштараздың аузы-
нан ақтарылған сілекейден нәр алып өссе керек. Сол жерде,
сыбызғышы жігіт құдыққа қарғып түседі де,
бір сабақ қамысты
жұлып алып, сыбызғы жасайды.
Ескендір патша құпиясы осы жерде кереметін көрсетеді.
Керуенші жігіт сыбызғысын ойнатайын десе, сыбызғысы «Ес-
кендірдің басында қос мүйіз бар!» деп адамша сөйлеп қоя береді.
Керуенші жігіт өз құлағына өзі сенбей, сыбызғыны қайта ойна-
тып көрсе, жаңағы сөз тағы да қайталанады. Сол жерде басқа
керуеншілер де мұндай ғажапқа таң қалса,
екіншілері әлемге
даңқы әйгілі патшаның сыртынан ғайбат сөз айтылғандай се-
кем алысады.
Тағдырдың бұйрығы бойынша, құпиясы жария болған Ес-
кен дір сол күні жарық жалғанмен мәңгілікке қоштасып еді
дейді.
Бұл оқиға керуенші жігіттің сыбызғысы арқылы дүниенің
төрт бұрышына күй болып тараса керек.
Достарыңызбен бөлісу: