«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет4/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

4.«Шұбар киік» 
(ІІ нұсқа) 
Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң 
аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желі ні 
жер сызған киік екен, бірақ аң деген көзің құрты емес пе, аң шы 
«сен де жазық жоқ, менде азық жоқ» дейді де, садағын кезенеді. 
осы кезде шұбар киікке тіл бітіп: 
—Ей, Сұрмерген, мені атпа. Әлі бауырын көтермеген егіз 
лағым бар еді. Жүрегім елжіреп, желінім дертіп келеді. Сен ма-
ған мұрсат бер, сол лақтарымды тойғыза бір емізіп, соңғы рет 
бауы рыма алып, мауқымды басқан соң өзіңе қайтып келейін,—
дейді. 
Аңшы ойланып қалады. Нанбайын десе адамша сөйлеп тұр, 
нанайын десе басқа кепіл болар ештеңе жоқ. 
—Мен сені атпай жіберер едім, бірақ қайтып келетініңе кім 
кепіл болады?—дейді аңшы. 
осы сөздің айтылуы мұң екен, аспан шарт етіп, найзағай 
жарқ етіп, жерге Мұхаммед пайғамбар түседі де: 
—Мен кепіл боламын!—дейді. 
Мұнан соң аңшы киікті босатады. Кепілдікке келген Мұ-
хаммед пайғамбар жанында, енді аңшы лақтарын емізуге кет-
кен киіктің қайтып оралуын күтеді. 
Арада біраз уақыт өтеді. Күт батуға айналады. Сол кезде 
аңшы таңырқап, Мұхаммед пайғамбарға тіл қатады: 
—Сіз мені бұйырған ризығымнан қақтыңыз-ау, киік опа сыз 
болды!—депті. Сонда Мұхаммед: 
—Сабыр ет, аңшым, он сегіз мың ғаламда мені ешкім алда-
ған емес!—депті. 
осы сөзді Мұхаммедтің айтқаны сол екен, таңы жарқырап 
шұбар киік те жетіпті дейді. 
Бұл оқиғаны естіген күйші домбырасына келтіріп күй тарт-
са керек. 


14
15
халық күйлерінің аңыздары
5. «Жорға аю»
(І нұсқа)
Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі. 
Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен. 
Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап 
тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған 
қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі. 
Көз алдында ақ көбікпен араласып, бір батып, бір шығып 
ағып бара жатқан баласын қимай аю жанталасады. Құтқара тын 
дәрмені жоқ, су ішінде қараңдаған баласынан көз алмай жар 
жағалап жүгіре береді. Бауырын бұтақ жырып, табанын тас 
тіледі. Бірақ баласына деген аналық сезімі сүлдерін сүйре леп, 
қонжығынан қалыспай жүгіре береді. 
осы бір жағдайды көзі көрген күйші домбыра мен сыбыз-
ғыға күй етіп салған екен. 
Мынау сондағы аюдың жорғалай балпаңдап жүгіргендегісі 
екен дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет