«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет9/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

11. «Бегім бер»
(ІІ нұсқа)
Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ 
кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір 
түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен 
бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін 
талғажау етеді екен. 
Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегін 
бірде ұрылар алып қашыпты. Күнелтіп отырған жалғыз ғана 
тағамын көз алдында алып кетіп бара жатқанын көрген кем пір: 
«ойбай, бегім бер, бегім бер!» деп дауыстайды. Сайланып кел-
ген ұрылар қартайған кемпірге жеткізе ме, әне-міне деген ше 
көзден таса болады. Жесір кемпір қатты налып, осындай күй ге 
түсірген Тәңіріне мұңын шағып, зарлапты. 
Кемпірдің зарын естіген бір күйші тебірене толқып сыбыз-
ғыға салған екен дейді. 
12. «Жетім бала» 
Ертеде, жаугершілігі мол заман болса керек. Бірде, қаннен-
қаперсіз бейбіт жатқан ауылды жау шауып, ойранын шығара-
ды. ойда жоқта басталған аласапыранда бір балажан ана есейіп 
қалған жалғыз баласын қазанның астына жасырып үлгереді. 
Ауылдың қарсыласқандары ажал тауып, қолға түскендері пен-
де болып, жаудың айдауына кетеді. Содан, қазан астында жа-
сырынып аман қалған бала шаң-шұң басылған соң орнынан тұ-
рып, ойраны шыққан ауылын көреді, тірідей айырылған ана сын 


26
күй аңыздар
жоқтайды. «Айналайын, Құдай-ау!» деп зар төгеді (осы тұста 
домбыра «Айналайын құдай-ай!» деген сөздің буын ырғағы мен 
үндес қайғылы сарын шығарады). 
Тағдырдың тауқыметінен қашып құтыла ала ма, жетім бала 
жатағынан түңілген құлындай болып, иесіз жұртты артқа тас-
тап, беті ауған жаққа жүріп кетеді. Қанша жүргені белгісіз, 
күндердің бір күнінде ерні шөлден кезеріп, әбден титықтаған 
шағында көз ұшынан қарайған аттылы көрінеді. Жай аттылы 
емес, соңына ерткен тазысы бар, қолына қондырған қаршыға-
сы бар, қанжығаға байлаған дабылы бар Қошан сері деген аңшы 
болса керек. Құлазып келе жатқан жетім бала жүгіре дауыс-
тап: «Ағажан-ау, ағажан, атыңның басын тарта тұр!»—деп 
шақырады (осы тұста домбыра «Ағажан-ау, ағажан, атың ның 
басын тарта тұр!» деген сөздің буын ырғағымен үндес қайғы лы 
сарын шығарады). 
Сол сәт аңшының алдынан құсы қалың отырған көл көрі ніп, 
қолындағы қаршығасы тіленіп ұшып жөнеледі. Қаршы 
ғасы 
кеткен соң, құстың қызығымен балаға қарай алмай, дабы лын 
дүңкілдетіп, аңшы да шаба жөнеледі. (осы тұста домбы ра ның 
үні соғылған дабылдың дүңкіліне, шапқан аттың дүбіріне ұқ-
сап кетеді). 
Жетім бала екі өкпесін қолына алып жүгіріп көлге жетсе
аңшы атын көл жағасына қаңтарып тастап, өзі қамыс арасына 
түскен қаз-үйректі жинауға кетіпті дейді. Жапан түзді жаяу 
кезіп жаны қиналған бала аттың тұсауын шешіп, қарғып мінеді 
де жүріп кетеді. Қошан сері қаз-үйрегін арқалап, қамыстан 
шықса аты жоқ. Төңірегіне қараса, көз ұшында желе жортып 
кетіп бара жатқан баланы көреді. Дүние кезек деген емес пе, 
енді баланың соңынан жүгірген аңшы: «Балажан-ау, балажан, 
аттың басын тарта тұр!»—деп дауыстайды. (осы тұста домбы-
ра «Балажан-ау, балажан, аттың басын тарта тұр!» деген сөздің 
буын ырғағымен шертіледі).
Бала болса, қайтып оралсам қандай ниеттегі адам екенін кім 
білген, тағы да тентіреп далада қалармын, оның үстіне мендей 
емес қой, қолында қаршығасы, соңында тазысы бар, деп ойлай-
ды да, тоқтамай жүре береді. Сол бетінде қара үзіп, шығандай 
ұзап барып, бір тақырға іркілген қақтың басына келгенде тізгін 
тартады. Аттан түсіп, атының ауыздығын алып, суармақшы 
болады. осы сәт күрс еткен мылтық дауысы естіледі де, суа-


26
27
халық күйлерінің аңыздары
рып тұрған аты жалп етіп құлайды. Жетім бала жанына ара-
ша болған атының басын құшақтап, еңіреп қоя береді. Сонда 
үстінде жарғағы, қолдарында мылтығы бар қос мерген келіп 
баланы жұбатады. «Әттеген-ай, жаңылған екенбіз! Шырағым, 
құлан ататын мергендер едік. Мына тақырдың қағына құлан-
нан басқа ұшқан құс, жүгірген аң келмеуші еді. Біз байқамай 
жазым еттік»,—деп қос мерген өкініш білдіреді. 
Сол жерде жөн сұрасып, жайды біліскен соң қос мерген 
балаға: «Алаңдар ешкімің жоқ екен. Біздің елдің байының ба-
ласы жоқ еді, балшықтан кісі жасай алмай отыр. Сол кісіге бала 
боласың»,—дейді. Жетім баланың бұлданар жайының жоқ 
екені белгілі, қос мергеннің сөзіне құлақ асып, ауылына еріп ке-
леді. Айтқандай, баласы жоқ бай жетім баланы зор қуанышпен 
бауырына басып бала етіп, ұлан-асыр той жасайды. 
Сонымен, күндер жылжып өте береді. Бойы өсіп, бұғанасы 
қата бастаған бала жүре тапқан әкесінің үйір-үйір жылқысы на 
бас-көз болып, жылқышылардың қосағасы болады. 
Күндердің бір күнінде жетім бала жылқышылардың жайын 
білуге келе жатса, тау арасынан түгі жетіліп үлгермеген тып-
тықыр бір құлынды көреді. Бала құлынды қосқа алып келіп, 
бағуға кіріседі. Кешікпей-ақ, тықыр құлын тез жетіліп, ат бо-
лады. Жай ат емес, желсе желдей есетін, шапса құстай ұшатын 
тұлпар болып өседі. 
Бір күні бала атын мініп, әкесіне көрсету үшін үйіне келіп, 
атын белдеуге байлап жатқанда пысқырып қалады. Сонда бай 
үйінің түндігі құйын соққандай желп ете түсіп еді дейді. Бай 
үйге кірген баласынан: «Шырағым, мынауың неғылған ат, 
мұндай жылқы бізде жоқ еді ғой»,—депті. Бала мән-жайды ай-
тады. Бай: «Е, дұрыс-ақ, мінетін атыңды тапқан екенсің»,—деп 
оң шырай танытады. 
Бала осы бір сәтті пайдаланып, көптен көкейінде жүрген 
ойын айтады. «Әке,—дейді бала,—тумасам да туғандай көріп, 
бауырыңызға бастыңыз. ол үшін алдыңызда мәңгі қарыздар-
мын. Алайда қазақ «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» демей 
ме? ұлықсат етсеңіз, туған жерімді көргім келеді». 
Ержеткен азаматты зорлап ұстап бола ма, бай қаншалық ты 
балаға бауыр басып, қимағанымен, ақылға жеңдіріп ақ бата сын 
беріп, ұлықсат етеді. 
Бала қуанышы қойнына сыймай жолға шығады. Былай 
шыға тақыр атына қамшыны басып, талай бел-белестен өтеді. 


28
күй аңыздар
Бір мезгілде тізгін тартып артына қараса, көз ұшында жал-
пылдап бай әкесі қуып келеді дейді. Сөйтсе, бауыр басқан бала-
сы енді қайтып келмей ме деп қимай, тұлпарына мініп, соңы нан 
ере шыққан екен. Сонда баланың да жүрегі елжіреп: «Сағың 
сы нар қайт, әке!»—деп дауыстайды. осы тұста домбыра «Сағың 
сынар, қайт, әке!» деген сөздің буын ырғағын сұңқылдай қай-
талап тұрып алады. 
Баланың алған бетінен қайтпайтынына көзі жеткен бай: 
«Қайтейін, қайыр қош, алдыңнан жарылқасын!»—деп, көзінің 
жасын іркіп, кері қайтады. 
Жетім бала сол жүргеннен мол жүріп отырып, күндердің бір 
күнінде тау қойнауынан бұрқырап ағып жатқан бұлаққа тап бо-
лады. Бұлақты өрлеп келе жатып, көңілі тасыған бала әнге са-
лады (осы тұста домбыра үні жан сергітер әсем сазға ойысады). 
Кешікпей-ақ, жетім бала бұлақтың бастау қайнарына жа-
қындап келсе, оның әсем әнін елти тыңдап бір қыз тұр дейді. 
Жөн сұрасып, тілдесе келе бала қызды ұнатып қалады. Сол 
жерде бала: «Маған өмірлік жар болсаң, алдыма мінгізіп алып 
кетер едім»,—дейді. Сонда қыз: «Әніңді естідім, тегін жүрек-
тен шықпайтын ән екен, атыңды көрдім, қашса құтылып, 
қуса жететін ат екен. Тағдырдың жазуы осы шығар, айтқаның 
болсын»,—деген екен. Сөйтіп, көңілдері жарасқан екі жас 
тықыр атқа мінгесіп жолға шығады. 
Сол уақытта қыздың артында қалып бара жатқан шешесі 
мен Ер Көбен деген бір ағасы бар еді дейді. Шешесі күндік жер-
ден жыланның күйсегенін біліп, иісін сезетін қазық аяқ қара 
кемпір болса керек. Су алуға кеткен қызының кешіккенінен 
секем алып, тың тыңдап жібереді де, болған жайды біледі. 
Сол-ақ екен, аттанды салып: «Ер Көбен, әлгі жүзіқара жалғыз 
қыз көлденеңді көк аттыға мінгесіп, күндік жерде кетіп ба-
рады, жылдам жете гөр!»—деп байбалам салады. Ер Көбен де 
намысқа басып, тұлпарына мініп, қуып береді. Келесі күні де-
генде қараларын көреді. Сонда Ер Көбен: «Қашпа, батыр, қаш-
па, тоқта, батыр, тоқта!»—деп дауыстайды (осы тұста дом бы ра 
«Қашпа, батыр, қашпа, тоқта, батыр, тоқта!» деген сөздің буын 
ырғағына ойысады). 
Сол жерде жанындағы жетім балаға қыз: «Біз мінгесіп қа-
шып құтыла алмаймыз, мені түсіріп кет. Ағамның алдынан 
зор лықпен ілескендей болып шығайын да, «асқар таудай пана 


28
29
халық күйлерінің аңыздары
болған ағам-ай» деп, құшақ жайып жылаған болайын. Біраз 
бөгелер, сонда қара үзіп, ұзап кет»,—дейді. Бұған жетім бала: 
«Е, мен неге қашайын, зорлық-қиянатым жоқ. Ағаң ет пен 
сүйектен жаратылған адам шығар, мән-жайды айтармыз»,—
деп көнбейді. Алайда олай болмай шығады. Ашу буып келе жат-
қан Ер Көбен тықыр атты бір айналып өтеді де: «ой, әттеген-ай, 
кінә сенен емес, қарындасымнан болған екен. Сен ісің ақ болған 
соң қашпаған екенсің. Әйтпесе, атың қуса жететін, қашса құты-
латын жануар екен. Енді өткен іске өкінбей, маған ер. Атың ның 
төрт тұяғына төрт табақ жамбы берейін»,—дейді. Жетім бала: 
«Алтының маған ат болар ма, ат болса да тықыр атымдай бо лар 
ма?!» деп ермейді. «Ендеше өзің біл, мен саған «қыз алып қаш» 
дегенім жоқ»,—деп, Ер Көбен қарындасын мінгестіріп жүріп 
кетеді. Жетім бала болса: «Берген жомарт емес, алған жо март. 
Мен көрдім, ол ерді, сен жеңдің. Қайсымыздың ісіміз ақ екені 
бір тәңірге аян!»—деп жетім бала қала береді. 
Содан, есіз далада ер-тұрманын арқалап жалғыз қалған 
жетім бала тағдырына мұңын шағып, зар төгеді (осы тұста дом-
быра ерекше мұңды сазға ойысады). 
Есіз далада ұзақ еңіреп, сілесі қатқан жетім балаға бір 
мезгілде ой келеді. «Қой, мен бүйтіп езіле бергенмен іс бітпес. 
Әрі жаяу-жалпы қалып, әрі жазықсыз жапа шегіп, сүйгенім-
нен айырылғаным жараспас. Бір амалын қарастырайын»,—
деп орнынан тұрады да, Ер Көбеннің ауылын бетке алып жүріп 
кетеді. Сол бетінде тоқтамай жүріп отырып, түннің бір уақы-
тын да ауыл іргесінде жусап жатқан Ер Көбен жылқысының 
үстінен шығады. Ақырын көз үйретіп қараса, ағаш саясын-
да бір жылқышы қалғып тұр дейді. Жетім бала еппен басып 
келеді де, шылбырын тұзақтап жылқышының мойына салып, 
ағаш бұтағынан асырып тартып тұра қалады. Сонан соң: «Жан 
керек болса шыныңды айт, жылқы ішіндегі ең жарамдысын 
ата!»—дейді. Шыбын жанын сауғалаған жылқышы: «Айта-
йын, ай тайын! Ер Көбеннің жұма сайын бәйгеден келетін егіз 
күрең аты бар. Бірін кеше қинап мінген екен, үйінің жанында 
таңасып тұр. Екіншісі—мына менің астымдағы ат. Шыным 
осы!»—дейді жылқышы. 
Мұнан әрі жетім бала шылбырды ағаш бұтағына орай тар-
тып, жылқышыны байлап тастайды да, оның астындағы атына 
мініп алады. Сол бетінде өзін ұнатқан қыздың ауылына келіп, 


30
күй аңыздар
қыз үйінің тұсынан кешегі бұлақ басында айтқан әніне салады 
(осы тұста домбыра үні әсем сазға ойысады). 
Әнді естіген қыз бұл әннің кешегі бұлақ басында жетім бала 
салған ән екенін бірден таниды. Таниды да ойға қалады. «Бұл 
келіп тұрған жетім бала болар. Жетім де болса сертке берік 
екен. Сол сертінде тұрған соң, есебін тауып егіз күреңнің бірін 
қолға түсірген ғой. Қолға түсірген соң маған ат басын бұрып
белгі беріп тұрғаны болар, тәуекел!»—деп, қыз еппен киініп, 
затын салған қоржынын қарына іліп, сыртқа шығады. Сыртқа 
шыққан соң алаңсыз болайын деп, есікке қамыттай қара құлып 
салады. Сонан соң таң асып тұрған күрең атқа мінеді. 
Мұның бәрін көз жазбай бағып тұрған жетім бала қызға 
келіп: «Тағдыр жолымызды оңғарсын! Сен жылқыға барып, ай-
дап кете бер. Мен ағаңмен қоштасып қайтайын!»—дейді. Қыз 
мұны жөн көреді. 
Жетім бала Ер Көбеннің үйінің тұсына келіп: «Ау, Ер Көбен, 
Ер Көбен! Сен ер екенсің. Кеше қарындасыңды қалыңсыз бер-
гің келмей алып кетіп едің. Бүгін егіз күреңді мінгізіп, бір та-
бын жылқыны алдымызға салып бердің. Мәрттігіңде шек жоқ 
екен, тәңірі жарылқасын!»—деп дауыстайды. Мұны естігенде 
Ер Көбен: «өй, мынау не дейді ей!»—деп, орнынан тұра жүгір-
генде құлыптаулы есікке соғылып, шалқасынан түседі. 
Мұны естіген жетім бала: «ұрит соқ-соқ!»—деп іштей күліп 
жүріп кетеді. 
осылайша жетім бала мол жасауымен сүйгенін алып, туған 
жеріне жетіп, ел болып кетіп еді дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет