«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет251/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Мерғалиев Тмат /1936-2009/музыка зерттеуші. 
1964 жы 
лы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып 
қыз мет атқарып жүрген Құсайынов Мұқастан Асанқайғы ның 
«Ел айырылған» күйін жазып алып, нотаға түсірген.
Мүсәпіров Әшірбек /1904-1982/—белгілі домбырашы. 
Жезқазған облысының Балқаш қаласында туған. Төңірегіне 
әнші-күйшілігімен танымал болған өнерпаз адам. 1935 жылы 
М.и.Калининнің Қазақстанға келуіне байланысты қойылған 
салтанатты концертте күй тартып, шебер домбырашы ретінде 
көзге түскен. Кейін Құрманғазы атындағы халық аспаптары 
оркестрінде біраз жыл қызмет атқарады. 
1939 жылдан бастап денсаулығына байланысты Балқаш 
қаласына қайтып оралған Әшекең Қоңырат руднигіндегі көр-
кемөнерпаздар үйірмесінде халық аспаптары оркестрін бас-
қарды. 
Ә.Мүсәпіровтың өзі шығарған көптеген ән-күйлері Балқаш 
өңіріне кеңінен мәлім. 


396
397
ғылыми қосымшалар
Мықтыбаев Дәулет /1904-1976/—әйгілі қобызшы. ықы-
лас күйлерін жеткізіп, аңызын айтқан санаулы қобызшылар-
дың бірі. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. 
Дәулет ықыластың төл шәкірті Тоқтамышұлы Әбікейден, 
ықыластың баласы Түсіпбектен қобыз тарту өнерін үйреніп, 
тағылым алған. Кейін Д.Мықтыбаев Құрманғазы атындағы 
консерватория студенттеріне ұстаздың етті. Бүгінгі күніміз-
ге белгілі қобыз күйлерінің басым көпшілігін жеткізген 
Мықтыбаев Дәулет. 
Мырзабеков Алдаберген /1930/—Қазақ КСр-інің халық 
артисі. Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты 
Бай 
қадам селосында дүниеге келген. 1955 жылы Алма-
ты консерваториясының халық аспаптары факультетін 
л.М.Шаргород 
скийдің класы бойынша бітірген. Сол жыл-
дан бастап бүкіл шығармашылық өмірі халық аспаптары 
оркестрі мен тығыз байланысты. 1960 жылдан бастап Қа зақ-
тың Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары ор-
кестрінің дирижері, сонан соң, бас дирижері, әрі көркемдік 
жетекшісі болды. 1964 жылдан Алматы консерваториясында 
педагогтық қызметпен қатар айналысып келеді. Консервато-
рия студенттерінен құрылған халық аспаптары оркестрінің бас 
дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болған. 1988 жылы профес-
сор атағын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет