«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет78/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

150. «Ортеке»
Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламерген-
нің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті 
кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде ар қан 
етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі 
қыз бейнесінде келіп «о, ана, сенің балаң неге бізді сонша есеп сіз 
қырады? Тәңір оның ісіне ырза емес. Адам өзінің керегінен ар-
тық алуға қақысы жоқ. Құламергенге сәлем айтыңыз, оның ше-
легі толды. Енді бір тамшы қан төксе, қарғысқа ұшырайды»,—
дейді. Шошып оянған анасы баласына: «Қарағым, сен арқан 
үстіне шықтың, ендігі жердегі саят жақсылыққа апармай-
ды. Садағыңның бауын шешіп, аңшылықты тоқтат енді»,—
дейді. Алайда таутекенің терісін саудагерлерге сатып, пайдаға 
құнығып алған Құламерген анасының айтқан сөзіне құлақ 
аспай, тағы да аңшылыққа шығады. Сол күні күн бұлт бола-
ды. Тау ішіне кірген Құламерген бірде-бір текені таба алмайды. 
Әбден шаршап шөлдеген аңшы бір тастың тасасына от жағып, 
шай-су ішпек болады. осы кезде жанынан бұрын көрмеген 


136
күй аңыздар
сүттей аппақ, мүйізі алтын бір теке көлденеңдеп өте береді. Әккі 
Құламерген садағын жұлып алып, қандыауызға жебені салып 
жіберіп, шірей тартып жібереді. Жалп етіп құлаған текені де реу 
бауыздап жіберіп, етін мүшелеп бұзады. Терісін тұздап орап, бір 
асым етті қазанға салып демалуға отырады. Сол отырған бойы 
қалғып ұйықтап кетеді. Бір уақытта дүрс еткен әлдебір дыбы-
стан шошып оянады. Қараса, бағанағы өзі бұтарлап тастаған ақ 
теке түк болмағандай, оққа ұшпағандай, сойылмағандай қар-
сы алдында бүп-бүтін тұр екен. Көзінен от шашқан теке қатты 
қорыққан Құламергенді үш рет айналып басынан бір қарғиды 
да, жайылып кете береді. 
Ертеңіне Құламергеннің аты үйіне бос қайтады. Аңшының 
анасы атты ары-бері айналып қайран қалады. Ертоқым бүтін, 
қару-жарағы аман, тек Құламергеннің өзі жоқ. Білгір әйел атты 
зерлей қарап жүріп оның бауырының күйгендігін байқайды. 
Байқайды да: «Балам арасанға түскен екен» деп жорамалдай-
ды (арасан—қайнап жатқан ыстық бұлақ). Атқа мінген ана өзі 
білетін арасандарды аралап жүріп біреуінің ішінен әбден пісіп, 
сүйегі езіліп кеткен баласының мәйітін табады. осы хикаяны 
естіген бір домбырашы: «Бұдан былай аңшылар жөн-жосық-
ты бұзбасын, керегінен артық алмасын»,—деп осы өнеге күйді 
шығарған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет